Өткен сенбі ауданымыз үшін ұлттық болмыстың ұлықталған күні болды. Себебі, «Талап» ШҚ 20 жылдығына арналып ұлттық ат спортынан бәйге болып өтті. Толағай төсін тұлпарлардың тұяғы дүбірлеткен думанды той көптің көңілінен орын алды.
Көкпекті ауылының ипподромында өткен аламанға дайындық таң атқаннан басталған болатын. Күн шапағын ерекше төккен ыстық күнде келген халыққа сая беріп, қымыз-қымыранын, басқа да ұлттық тағамдарын ұсынып бес ақшаңқан киіз үй, қазақтың ақ ордасы салтанат құрып тұрды. Табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа жетелейтін ұлттық спорттың осынау бағалы түріне ауданымыздың қазыналы қарттары, абыз ақсақалдары, бәйге десе қаны қызып, бойында қазақылығы тулайтын барша қауымы жиналды.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов қожалық басшысы Жұмабек Құрмашұлын атаулы күнде өткізіліп отырған айтулы мерекелерімен құттықтай келе, «Талап» ШҚ ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін құрайтын ірі шаруа қожалықтарының бірі екенін атап өтті. - Сіздердің ұжымыңыздың бірлігі мен ұйымшылдығы арқасында жеткен жетістіктеріңіз аудандағы барлық шаруа қожалықтарына үлгі. Бүгін өтіп жатқан 20 жылдық мерекелеріңізді ел болып, жұрт болып тойлап жатқаны еңбектеріңіздің елеулі болғаны. Баршаңызға істеріңізді одан әрі жемісті атқаруларыңыз үшін мықты денсаулық, бақыт және табыс тілеймін. Бүгінгі додаға қатысып жатқан тұлпарлардың тұяғы сүрінбеуін, жүзден жүйріктердің жеңіске жетіп, жүлделі болуларына тілектеспін, - деді аудан әкімі.
Волейбол – спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.
Толығырақ...Өткен аптада Көкпекті ауылында ауданымыздағы алғашқы Srteet workout алаңы ашылды. Спорт мектебінің алдында орналасқан алаң түрлі спорттық белтемірлермен жабдықталған. Аудан жастары алаңға жиналып, өзара сайысқа түсіп те үлгерді.
Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді.
Н.Ә.Назарбаев
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату елміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар-ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан әлдеқайда жоғары деңгейде болар еді.
Өткен айдың 28 жұлдызында көршілес Тарбағатай ауданында, қазақылықтың табы әр жолында сайрап жатқан Ақсуат жерінде ұлттық дәстүріміз ұлықталды. Ат спортынан Ырғызбай Досханаұлы атында әлем кубогінің құрметіне ұйымдастырылған республикалық бәйгеге 27 тай, 28 құнан, 20 жорға, 47 топ бәйге, 57 ат қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.