Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 24-25 қараша күндері 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Бұхтырма ауылында облыстық еркін күрестен турнир өтті. Турнирге Өскемен қаласы, Зырян, Ұлан және Көкпекті ауданының Көкжыра ауылынан белсенді спортшылар қатысты. Округ әкімінің қолдауымен С.Құнафин және турнирге демеушілік көмегін тигізген Құлынжон ауылының тұрғыны Воротников Александр Петрович ақшалай көмек көрсетті.

Толығырақ...

Тамыры тереңде жатқан спорт түрінің бірі – қоян-қолтық күрес соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл күрес түрі А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде жақсы қолға алынған.
12 қараша айында Семей қаласында Болат Тұрлыханов атындағы «Тарлан» спорт кешенінде NOMAD MMA стилінен Шығыс Қазақстан облыстық ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Ақ-ой ауылының 4 оқушысы барып, жеңіспен оралды. 5 сынып оқушысы Қайырбаев Әсет - 1 орын, 10 сынып оқушысы Советбеков Алдияр - 2 орын, 7 сынып оқушысы Жолдаспаев Әділжан – 3 орын және 2 сынып оқушысы Көшімбаев Бекзат – 3 орынға ие болды. Мектепішілік тізілісте мектеп директоры Ринат Қажиекберов жүлделі орын алып келген оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап, медальдар табыстады.

Толығырақ...

Елбасы тапсырмасына сәйкес құрылған халыққа қызмет көрсету орталықтары елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде қызмет көрсетуде. Солардың бiрi - аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы. Бұл күнде аталған орталық бұрынғы нөпiр кезектi жойып, халыққа оңтайлы, тиiмдi қызмет көрсетiп, жұмыс жасап келедi.

Толығырақ...

Асыл әкеміз Қалихан Алтынбаев өз өмірінің тең жартысын Көкпекті ауылында өткізіп, осы жерде топырақ бұйырды. Бұл кісінің қызметін Көкпекті халқының аға буыны өте жақсы біледі.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып, ақындық өнер феодализмнің сарқыншағы деп айтылған кезде, ол Семей облысы көлемінде ақындық өнерді сақтап қалуға көп күш-жігерін жұмсады. Айтыстарға ақындарды жинап, бастап алып жүрді. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Көкпекті аудандық газетінің редакциясында қызмет атқарды.

Көкпектінің Құрметті азаматы атағын алған өнердің майталманы Қалихан Алтынбаев жұмыстан тыс уақытта қандай еді дегенге келсек, бір сөзбен қарапайым адам болды деп айта салуға болушы еді. Олай етсек, адам портреті ашылмай қалады. Қалихан атын әкесі Қалиасқар алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың атына орайластырып қойған. Қалихан өмір бойы атына заты сай ұлтжанды азамат болып тұрды. Көкпектіде зиялы қауым өкілдері өз балаларын 60-70 жылдары болашағы жарқын болсын деп, орыс мектебіне беріп жатқан кезде «қазақ боп туды, қазақ болып жүрсін» деп өз балаларын Көкпектідегі М.Горький атындағы қазақ орта мектебіне берді. Әлі есімде, мен бастауыш сыныпта оқып жүрген кезімде «Батырлар жыры» деп аталатын қалың кітапты әкеп қолыма бергені. «Сенің атыңды Қалыбай деп Матай руынан шыққан атақты батырдың есімімен атадық. Сол секілді батыр болғың келсе, мына кітаптағы батырларды білуің керек», деген.

Толығырақ...

22-24 қазан аралығында Курчатов кентінде таэквон-до спорты бойынша кадеттер арасында Қазақстаннан Халықаралық чемпионатқа іріктеу кезеңіндегі облыс біріншілігі өтті. Дүбірлі жарысқа Көкпекті ауданынан 10 жас және 12-13 жастағы балалар арасынан 3 спортшы қатысты. Екі бала алтын медальды төсіне тағып чемпион болса, біреуі жүлделі орынды жеңіп алды.
Атап айсақ, Анатолий Бойков пен Сұңғат Ерланов І-орын, ал Ерасыл Бауыржанов ІІІ-орынға лайық болып, қоржындарын алтын және қола медальдармен қомдады. Алтын медаль алып, іріктеу кезеңінен өткен спортшыларымыз 2018 жылдың басында Алматы қаласында өтетін Халықаралық чемпионатқа жолдама алып, Қазақстанның намысы үшін жекпе-жекке түсетін болады.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз