Көңілді тапқырлар клубы жастардың дамуы мен жүзеге асыруда үлкен әлеуетке ие деп айтуға толық негіз бар.Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналған Қазіргі таңда ол жастардың талантты ұйымдық, театрландырылған шығармашылық, зияткерлікті дамыту, эстетикалық тәрбие және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру құралы болып табылатын белгілі жастар қозғалысы.
Осы мақсатта Көкпекті ауданы жастар орталығының ұйымдастыруымен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Көкжайық құрамасының жайдарман командасы өнер көрсетті. Мәдениет үйі әншілерінің орындауындағы әсем әнмен басталған іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар қатысты. Көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шарада айтыс өнерінен шағын көрініс көрсетілді. Аудан көлемінде өнер көрсетіп, көңілді тапқырлар клубтары арасынан топ жарып жүрген Көкжайық құрамасы сәтті әзілдерімен көрерменді күлкіге кенелтті. Өнерлі жастардан құралған топ туралы қысқаша айта кетсек, команда капитаны Еркін Байсейітов. Жайдарманшылар бірнеше мәрте аудандық, облыстық ойындардың жеңімпаздары. Соңғы жылдары облысқа танылып жүрген «Көкжайық құрамасы» өздерінің көңілді әзілдерімен көптің ықыласына бөленіп жүр. Соның дәлелі ретінде жоғары дәрежелі өнер көрсетіп жүрген команда, ағымдағы жылдың ақпан айының 5-10 аралығында Астана қаласында өтетін Республикалық жайдарман 14 маусымашар фестивалі ойындарына жолдама алып отыр. Жас өнерпаздарымыз Жайдарман ойынында сәтті өнер көрсетіп, жерлестеріміз жүлделі орынмен оралсын деген тілегімізді білдіреміз.
ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Люди, к сожалению, не бессмертны… У каждого на земле свой срок, свое время и своя миссия, выполнив которую, они уходят. Кто-то, уходя, оставляет совсем незаметный след в памяти людей, а кто-то, словно яркая звезда, освещает путь близким и друзьям и после своей смерти. Именно такой, яркой, светлой и лучистой была врач Центральной районной больницы с символичным именем Жулдыз.
Акушер – гинеколог и психиатр – нарколог по образованию, Жулдыз Слямбековна Юсупова была знакома всем в районе. Ее внезапный уход из жизни потряс всех, кто ее знал, до глубины души. Она любила спорт и часто принимала участие в спортивных соревнованиях среди организаций. Любила быть полезной обществу.
Әрбір адамның асыл да бағалы қазынасы – денсаулық. Спорт-денсаулық кепілі деп бекер айтылмаса керек. 20 қаңтар күні Көкпекті орта мектебінде ұстаздар бірлестіктерінің арасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған көңілді старт өтті.
Сайысқа 6 команда қатысты. Олар: «Улыбка», «Ну, погоди 13 класс», «Қыран», «Жұлдыз», «Бодрячки», «Ну, погоди». Ойынның бағдарламасы өте қызықты құрылған. Мұғалімдер доппен, арқанмен, обручпен жүгіру сияқты әртүрлі қызықты сайыстарда өз мүмкіндіктерін көрсетті. Сайыстың әрбір бөлімі қызығушылық пен сайыскерлер арасындағы жеңіс үшін ұмтылысқа толы болды. Сайыс көрермендері мен жанкүйерлері тарапынан асқан белсенділік сезілді.
Қазіргі таңда қоғам мен мектеп арасында хижап мәселесі жиі дау тудырып, өзекті дүниеге айналды. Өзге ұстанымдағы қандастарымыз зайырлы мемлекеттің заң талаптарын елемей, қыздарын жалпы білім беру ошақтарына тұмшалап жіберуі көпшілік тарапынан талқыға айналғаны қашан. Бір қызығы, балиғатқа толмай басына «қара жамылған» қаракөздерді қолдайтындар да бар. Ұлттың ертеңін ойлап, улап-шулағандар да жетерлік. Мәселенің мәнісін философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетайдан сұраған едік…
– Досай Тұрсынбайұлы, соңғы кездері елімізде қыз балалардың басына орамал тағу мәселесі жиі көтеріліп жүр? Неге бұл ахуал ушығып кетті?
– Ол рас, орамал тағу емес, «хижап» қоғамдық санада елеулі қайшылықтар алып келгені жасырын емес. Егер орамал тағу діни танымдық мәселе ретінде көрініс берген болса, оның жарасы жеңіл. Оның сауатын ашу, діни негіздерін көрсету арқылы танымын кеңейтіп, ағартушылық жолмен шешкен болар едік…Негізінен бұл мәселе төңірегінде, бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан көптеген іс шаралар ұйымдастырылып, мақалалар жарық көрді. Бірақ халық арасында қоғамдық санаға әсері байқалмай келеді. Енді оның себептерін анықтауға тырысып көрейік.
Ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні, Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ «Шахмат» клубында Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған дойбыдан жарыс өтті. Жарыстың қорытындысын мектептің ұстазы Х.Құсайынов және ЕДШ нұсқаушысы Ж.Нұрсапаев шығарды. 3 орын – Мадияр Баймұхановқа, 2 орын - Малика Қожаеваға, 1 орын - Артем Дюсуповқа берілсе, белсенді қатысқаны үшін аталымын Арай Айдаргазина алды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.