Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан әлемде қаншама адам спортпен шұғылданып, бар ғұмырын соған арнайды. Әлемде ең көп тараған, ерекше ықыласқа ие спорт түрі – футбол екені анық. Ал, біз білмейтін спорт түрлері қаншама?! Адам баласының қиялы шексіз дегенді жиі айтамыз. Иә, расында да әр күн сайын таңданыс тудыратын жаңа нәрселерге куә болып жатамыз. Адамдар жаңалыққа, ерекше бірдеңе ойлап табуға құмар болып келеді. Бір-ақ мәрте берілетін өмірді қызықты етіп сүру үшін түрлі қадамдарға барады.


Жуырда аудан орталығында ауылдық округтер бойынша шағын футболдан жарыс өтті. Бұл жарыстың өтуіне мұрындық болған Көкпекті аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл жарысқа ауылдық округтерінің азаматтары футбол алаңында бақтарын сынады. Турнирге төрт команда қатысып, жасыл алаңда өз шеберліктерін байқатты. Олар: Самар, Көкжайық, Үлкенбөкен және Мариногорка командалары болды. Ойын басталмас бұрын командалар сапқа тұрып, жеребе тарту рәсімін бастады. Жарыстың қорытындысы бойынша І-орын Самар, ІІ-орын Мариногорка, ІІІ-орынды Көкжайық және Үлкенбөкен ауылдық округтері місе тұтты. Жарыстың өтуіне атсалысқан БЖСМ жаттықтырушысы Ербол Әміровке және футбол ойынының жанкүйері Павел Гринев сияқты азаматтарға ұйымдастырушылардың алғысы шексіз.
Бүгінгі ойында өздерін көрсеткен барлық қатысқан командаларға Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді. Алдағы уақытта жасыл алаңда өткізілетін футбол жарысында жерлестеріміздің биік тұғырдан көрінуіне сәттілік тілейміз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз