Қаңтардың 20 -сы күні Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Әділет Қожанбаев, аудандық мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Толығырақ...Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Шұғылбай ауылдық округіне қарасты Мелитополь елді мекенінде орналасқан "Қажымұқан" шаруа қожалығы 2001 жылы ашылған. 3900 гектар жерді өңдеп отырған қожалық асыл тұқымды ірі қара, жылқы өсірумен қатар арпа, бидай және күнбағыс егумен айналысады. Шаруа қожалығындағы 9 трактор мен 1 комбайн жүйелі жұмыс істеп тұру үшін механизатордың шебер қолы қажет. Осы істі қожалық ашылғалы бері «техникалың құлағында ойнайтын» Айдаров Қадылбек Қапсейітұлы адал атқарып келеді.
Қадылбек Қапсейітұлының биылғы зейнетке шығуына орай Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Сүйесінов Мақсат Сайлауғазыұлы арнайы барып, аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың құттықтауы мен алғыс хатын және еңбегімен еленген тұлғаларға берілетін «Еңбек ардагері» медалін табыс етті. «Ауыл тұрғындарының әл-ахуалын жақсарту ісіне белсене араласа отырып, ауданның әлеуметтік, саяси-экономикалық дамуын сақтаудағы игілікті істе қанатыңыз талмасын, Мерейлі мерекеңізде Сізге әрқашан өмірдің белестерінен қайыспай өтіп, әрдайым мәртебеңіз биік болып, еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспін!» - деп жазды аудан әкімі өзінің құттықтау хатында. Сондай-ақ Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов өз атынан Алғыс хат табыс етіп, туған күн иесін құттықтады. "Қажымұқан" шаруа қожалығының басшысы Жәлел Байназаров өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты ретінде құттықтау хатын табыс етіп, шаруа қожалығы атынан Қадылбек Қапсейітұлына су жаңа JAC J7 автокөлігін сыйға берді. «Қадылбек Қапсейітұлы техниканы шебер меңгерген жан, сонымен қатар жұмысқа өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Біздің шаруа қожалығы бүгінгі деңгейге бір күнде келе салған жоқ, қаншама қиындықтар бастан өтті. Сол қиындықтардың барлығында Қадылбек ағам жанымнан табылып, менімен бірге талай ауыртпалықты белі қайыспай көтеріп шықты»,- деді Жәлел Қажымұқанұлы туған күн иесіне айтқан лебізінде.
10 қаңтар күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы жоспар бойынша аудан тұрғындарын қабылдады. Аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығына тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері жиналып, қабылдауға тізімге тіркелген тұрғындардан ең алдымен Көкпекті ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Дмитриева Снежана Владимировна кірді.
Толығырақ...Өткен аптада Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Абай облысы өңірлік Коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясында Көкпекті ауданының 2024 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы кең көлемді ақпарат берді.
Аймақтың баспасөз өкілдері қатысқан брифингте аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, аудан әкімдігінің алдағы 2025 жылғы жоспарын айтып өтті. Сонымен қатар Әділет Нұрсағатұлы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға да жауап берді.
Толығырақ...Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсан күні Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы аудандық «Аманат» партиясы ғимаратында алдынала жазылған аудан тұрғындарын қабылдады. Қай ауданда болмасын жергілікті билікке айтар арыз-арманын, түйткілді мәселесін жеткізе алмай жүрген жандар болады.
Аудан әкімінің қабылдауына ауданнан ғана емес, республиканың өзге өңірінен де тұрғындар жазыла алады.Көкпекті ауданы бойынша аудан әкімінің қабылдауына жазылған азаматтардың тізімінен ең бірінші болып Көкпекті ауылының тұрғыны Темергалиева Райхан Мухамадиярқызы тұрғын үй мәселесі бойынша кірді. Ол кісі мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегіне 2020 ж. 03 қараша айында тұрған, қазіргі уақытта кезекте № 46 болып тұр. Аудан басшысы Райхан Мухамадиярқызының мәселесін барынша заң аясында шешетінін, бұл мәселені өзі қадағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімінің қабылдауына немересін жұмысқа орналастыру мәселесімен Преображенка ауылының тұрғыны Алин Оралғазы Аксейітұлы және тұрғын үй мәселесі бойынша Көкпекті ауылының тұрғыны Шакенова Анар Марсекқызы кірді. Олардың сұрақтарына Әділет Нұрсағатұлы барынша нақты әрі толық жауап берді. Қабылдауға келген Көкжайық ауылының тұрғыны Ақылбаев Ержан Құмарбекұлымен ғимарат мәселесі бойынша аудан әкімі арнайы жеке сөйлесетінін жеткізді. Ал Астана қаласынан тікелей эфир арқылы қабылданған Есбосынов Азамат Құрманбекұлына Әділет Нұрсағатұлы қолдан келген көмекті жасайтынын айтты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.