Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымызда аталып өткен Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойы жұртшылықтың есінде қалар мерекелі, берекелі іс-шара болды. Тойдың қызығы республикаға танымал ақындардың айтысы еді. Айтыс керуенін елімізге әйгілі ақын, мәдениет қайраткері Жүрсін Ерманның бастап келуі де жиынның көрігін қыздырып, мейрамның мерейін үстем етті. Айтысты көргенде арманда, көрмегенде арманда демекші, айтысты келіп көре алмағандар үшін, тұшынып естіп, сүйсініп қарай алмаған ағайынға айтыстың жазбаша нұсқасын ұсынамыз.
Баға жетепес құндылықтарымызды игілілікке жаратайық, ағайын!

Толығырақ...

Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты Мамай ауылында бүгінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұрған ауған жерінде қаза тапқан жерлесіміз Нұрсұлтан Разақовты еске алуға арналған волейбол турнирі болып өтті.Турнирге аудан бойынша Преображенка, Тассай, Көкжайық, Үлгілімалшы, Белое ауылдарынан және Мамайдан 2 команда, аудан ардагер спортшылары командалары қатысты.

Толығырақ...

Көкпекті ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері спорт төресі – таэквондодан аудан намысын биік ұстап келеді. Жақында Өскемен қаласында, 2004-2006 жж жасөспірімдер арасында өткен таэквондодан облыс чемпионатында жеңіспен оралды.
Аталмыш чемпионат Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналды. Облыстың түкпір-түкпірінен спортшылар қатысқан додада біздің таэквондошылар аудан намысын қорғап, бапкер Бақыт Ғазизовтың шәкірттері үздік нәтижелер көрсетті. Дүркіреп өткен облыстық жарыстың қорытындысы бойынша көкпектілік спортшылар жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Толығырақ...

Осыдан 29 жыл бұрын Ауғанстандағы онжылдық соғыс біткен болатын. Алайда, Отанымыздың тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғалар сипатталмаған. Тарихты білу қажет, оны білмейтіндер өткендегі адамзат қателіктерін қайтадан қайталауға мәжбүр болады.
Өткен аптада Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай жерлес интернационалист жауынгерлерге арналған ерлік сабағы өткізілді. Іс шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржанов, арнайы шақырылған Ауған ардагерлері А.Мұқашев, М.Рақымбеков, Ауғанстанда қаза болған Л.Фахрутдиновтың туысқаны М.Фахрутдинов, білім беру және дене шынықтыру, спорт бөлімінің мамандары сонымен қатар Прео-браженка, Үлкенбөкен, Ажа және Шәріптоғай ауылының мектеп оқушылары қатысты. Тарихи-өлкетану мұражай қорын сақтаушы К.Смаилова балаларды Ауғанстан жерінде қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған стендпен таныстырды. Сондай-ақ, ауғандық жауынгерлердің ерлік істері жайлы қысқаша баянданды.

Толығырақ...

1 ақпан күні ауданымыздағы байырғы мектептердің бірі - Абай атындағы мектеп-балабақша кешені жанындағы хоккей қорабының мұз айдынында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының және аудандық білім беру, спорт және денешынықтыру бөлімінің бастамасымен жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден жолдастық кездесулер өткізілді. Кездесуге Мамай, Көкпекті, Теректі және айдын иелері Үлгілімалшы ауылдарының жас хоккейшілері қатысты. Шиеленіскен ойында үлгілімашылықтар басым түсіп бірінші жүлдені қанжығаларына байлады. Екінші орынды теректіліктер, үшінші орынды көкпектіліктер алды. Мамайлықтар мен үлгілімалшылықтардың кіші командалары «Үздік ойын көрсеткені үшін», «Белсенді қатысқаны үшін» аталымдарымен марапатталды. Жарысты жоғарғы деңгейде ұйымдастырған мектеп директоры Еркінбек Құсайыновқа, командалар жаттықтырушыларына, барлық қатысушыларға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақшабаева алғыс білдірді.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз