Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздің болашағын баянды етіп сақтаудың кілті — рухани жаңғыруда екені анық. Кітапты жанымызға серік ету арқылы осы көздеген межемізге адаспай тауып жете аламыз. 14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күні. Мейрам 2012 жылдан бері тойланса, ауданымызда жыл өткен сайын кең ауқымда аталып өтіп жатыр. 

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Көкпекті орта мектебі «Шын жүректен кітап сыйлайық» атты арнайы акция ұйымдастырды. Іс-шараға аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Балабекұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы қатысты. Басты мақсат оқырмандарды кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, кітап қорын көркем әдебиетпен толықтыру болып табылады. Аудан әкімі акцияға атсалысып, білім ордасына өз атынан кітап тарту етті.

Толығырақ...

Ақпанның 12-сі күні аудан әкімі Әділет Қожанбаев бастаған дербес бөлім басшылары Семей қаласына барып, Шәкәрім атындағы университеттің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарды ауданымыздың жетістіктерімен таныстырып, оларды өңірімізге жұмысқа шақыру болды. Кездесу барысында аудан басшысы түлектерге ауданымыздағы білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет және ауыл шаруашылығы салаларындағы бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат беріп, жас мамандар үшін жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар “Дипломмен ауылға” бағдарламасының мүмкіндіктерін және аудан кәсіпкерлері бастамасымен құрылған арнайы қордан білікті мамандарға қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Толығырақ...

Оқушылар шығармшылық сарайы – ауданымыздың білім беру саласындағы жетекші мекемелердің бірі. Аудан орталығында орналасқанымен, бүгінгі күнге дейін көптеген талантты жастарды тәрбиелеп, тізгін ұстар ел азаматтарын түлетіп ұшырды. Олардың әрқайсысы өз саласында жемісті еңбек етуде.
Бүгін Оқушылар шығармашылық сарайында жоспарға «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» атты түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Басқосуға сурет үйірмесінің түлегі Ерланов Сұңғат пен домбыра сыныбының түлегі Ахан Гаухар келді. Түлектер кездесудің тізгінін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сабырбекқызы алып, кештің мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті. Ерланов Сұңғат Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің «Дизайн» мамандығының 4 курс студенті. Ал, Ахан Гаухар Мұқан Төлебаев атындағы музыка училишесінің 2 курс студенті. Кездесу барысында сөз алған түлектер алғашқы мұғалімдерін еске түсіріп, оқушы кездеріндегі жылы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар олар бүгінгі күні мемлекет тарапынан жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, тек білім алу қажеттігін жеткізді. Бұдан өзге олар мамандық таңдау туралы өздерінің кеңестерін беріп, тәжірибелерімен де бөлісті. Осылайша артынан ерген іні-қарындастарына ақылдарын айтқан түлектер бастысы жан-жақты болуға шақырды. Кездесуде оқушылар түлектерге түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Кеш соңында сөз алған мектебіміздің директоры Асқар Дүйсенбекұлы аталған білім ордасында Назым Жұмабекқызы, Айдана Ермекқызы сынды алдыңғы буын жастардың қазіргі таңда қалтықсыз еңбек етіп жатқанын мақтанышпен жеткізіп, кейінгі түлектерде ел үшін аянбай жұмыс жасап жатқанын сөз етті.

Оқушылар шығармашылық сарайының ақпараты

16 қаңтары күні М.Әуезов атындағы орта мектебінде тәлімгер А.Мазыбаеваның ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерін арнайы кездесуге шақырды. Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны мен маңызы туралы түсіндіру мақсатында 8-10 сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау- болашақты таңдау" атты кездесу кеші өткізілді. Шараны студенттер өздерін таныстырудан бастады. Кездесу барысында оқу орындары мен мамандықтары туралы қажетті ақпарат берді. Бұл кездесуден студенттер мен оқушылар жақын танысуларына, тәжірибе алмасып, болашақта бір - біріне көмек көрсетулеріне мүмкіндік алады. 2024 жылдың мектеп түлегі, қазіргі уақытта Шәкәрім Университетінің IT - мамандығы бойынша 1 курс студенті Маутбеков Альтайр Қайырлыұлы ТМД- елдер арасында "Үздік студент" атағына қалай ие болғаны жөніндегі жетістігімен бөлісті. Кеш өте сәтті өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, соңында бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп тарқасты.

М.Әуезов атындағы орта мектебінің ақпараты

Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында «Жас ақындар», «Көркем сөз», және «Жас актер» үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Көкпекті азат елдің бір бөлшегі» атты танымдық сабақ өтті.
Жас өренді елін, жерін сүюге, Отанын құрметтеуге үйрету мақсатында өткен іс-шараға аудан әкімдігінен, аудандық жастар ресурстық орталығынан, аудандық кітапханадан және тілдерді оқыту орталығынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз