14 ақпан күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің базасында аудандық шаңғы жарысы өтті. Жарысқа аудан мектептерінің оқушылары қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті.
Бұл жарыс спорттың қысқы түрлеріне ауданымыздың оқушыларының қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Шаңғы тебуден шеберліктерін шыңдауға ер балалар мен қыздар белсенділіктерін таныта білді. Сонымен қатар шаңғы спортына деген аудан жастарымыздың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді.
2025 жылғы Дүниежүзілік Универсиада ойындарында жерлесіміз үшінші орынға ие болды.
Биатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі, Көкпекті ауданының тумасы, жерлесіміз Кирилл Бауэр 2025 жылы Италияның Турин қаласында өткен Дүниежүзілік Универсиада ойындарында үшінші орын алды.
Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр 15 шақырымдық масс-стартта қола жүлдегер атанды. 30 спортшының арасында отандасымыз бірінші орын иеленген француз биатлоншысы Натанаэль Пекуиннен небәрі 33,8 секундқа қалып, үшінші болып мәреге жетті.
Айта кетейік, бұл Кирилл Бауэрдің халықаралық жарыстардағы алғашқы медалі.
Абай облысы әкімдігі ақпараты
10-11 қаңтар аралығында Абай облысы Бородулиха ауданында дзюдо күресінен 2009-2010 қыздар және 2010-2014 жылдары туылған ұлдар арасында “BATYR” патриоттық клубының 5 жылдық мерейтойына арналған облыстық ашық турнир өтті. Байрақты бәсекеде ауданымыздың №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, керемет нәтиже көрсетті.
Әртүрлі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшыларымыз жүлделі орынға ие болды. Атап өтсек, Сейтаханов Ерасыл - 46 кг салмақ дәрежесінде І-орын, Мұхтарбек Арнұр - 20 кг салмақ дәрежесінде І-орын, Заманбеков Даналық - 50 кг салмақ дәрежесінде ІІ-орын, Араратов Арнұр- 32 кг салмақ дәрежесінде ІІ-орын, Ержанұлы Дарын- 35 кг. салмақ дәрежесінде ІІІ-орын, Серік Нұртөре - 29 кг салмақ дәрежесінде ІІІ- орынға ие болды. Жас споршылардың жаттықтырушылары: Дидар Әзекенов, Даулет Жотабаев, Дулат Турлыбеков.
Сонымен қатар командалық есепте аудан спортшылары ІІ-орынға ие болды.
Барлық спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Елімізде төрткүл дүние назары ауған V Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі доданының шымылдығы «Астана-Арена» стадионында түріліп, салтанатты шараны мыңдаған көрермен тамашалады. Шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен келген бірнеше елдің президенті мен беделді ұйымдардың басшылары қатысты.
«Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек», - деді мемлекет басшысы.
Байрақты бәсекенің алғашқы күні Көкпекті ауданы үшін қуанышқа толы болды. Еліміздің намысын қорғаған ұлттық құрама сапындағы көкпектілік саңлақ спортшылар қоржынға жүлде салды.
2024 жылдың 2 тамызы күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстандық топонимдік жүйесін диахрониялық тұрғыдан зерделеу мақсатында ауданымызға келген экспедиция мүшелері зиялы қауыммен кездесті.
Кездесу 125 жылдық тарихы бар өңіріміздегі байырғы кітапханалардың бірі - Көкпекті аудандық кітапханасында өткізілді. Бұл отырысқа Астана қаласынан келген ғылыми-зерттеу тобының мүшелері-филология ғылымдарының докторы, Евразия Ұлттық Университеті профессоры Әбдуәлиұлы Бекжан, география және су қауіпсіздігі институтының ғылыми қызметкері Тоғыс Мәулен Мырзағұлұлы және Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, тарихшы-өлкетанушы Қайрат Малғаждаров, айтыскер ақын Фархат Маратұлы, аудандық “Жұлдыз-Новая жизнь” газетінің директор-редакторы, аудандық маслихат депутаты Дархан Бердібекұлы, кітапханашылар және бөлім мамандары қатысты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.