Қазақ тілінің тарихы, қадір-қаситеті мен әуезділігі, бай тіл екендігі баршамызға белгілі. Сот саласына мемлекеттiк тiлдi енгiзу және тiлге қатысты iс-шараларды ұйымдастыру арқылы тiл проблемаларын шешудiң тетiгi ашылады. Бүгiнгi таңда сот жүйесi мемлекеттiк билiктiң бiр тармағы ретiнде мемлекеттiк тiлде iс жүргiзуге толыққанды бет бұруға кiрiстi. Iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлде жүргiзудiң жолдарын жылдамдату парыз. Ұлттық рухтағы өзектi болған мәселенi шешуге сот тарапы да өз мiндетiн атқаруы қажеттiлiк. Сот билiгiнде мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудi сақтап қалу арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастырамыз. Сондықтан сот жүйесiндегi қызметтiк тiлдi мемлекеттiк тiлде жүргiзу әрбiр қызметкердiң мiндетi.
Толығырақ...*Самар селолық округінің әкімі А.Күдербаев жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Самар ауылындағы ҰОС ардагерлерін құттықтады. Ұлы Отан соғысының ардагері Икласов Муталяпты және Федосова Валентина Степановнаның үйіне барып, ардагерлердің ақ батасын алды.
Қысқы ойындардың ішінде мәр-тебесі жоғары спорт түрі – бұл, әрине, шайбалы хоккей. Бүгінгі таңда шайбалы хоккей Қазақстанда даму үстінде. Республикалық деңгейдегі чемпионатттар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы әртүрлі дәрежедегі жарыстар осы сөзімізге дәлел бола алады. Қазіргі кезге дейін мұз айдынында өнер көрсетіп жүрген Өскеменнің «Қазмырыш-Торпедосы», Астананың «Барысы», Қарағандының «Қазақмысы», Павлодардың «Ер-тісі», Алматының «Еңбегі» өз облыстарының намысын қолдан бермейтін мықты командалар.
Халқымыз үшін ең қастерлі де киелі Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте ақыл-ойдың спорты – «Шахмат клубының» ашылу салтанаты өтті. Аудан көлемінде тұңғыш рет қолға алынып, жүзеге асырылып отырған шараның демеушілері - мектептің 2008 жылғы түлегі Дархан Көбелеков пен 2010 жылғы түлегі Қастер Кәкімбек сынды жас кәсіпкерлер. Айбынды Тәуелсіздіктің төл мерекесі аясында бастауын алған жарқын шараның қонақтары - ауданымыздың құрметті ақсақалдары, бұрынғы шахматшылар, Камалбек Кисин, Құмар Құнапиянов, Амантай Тоқтасыновқа лента қию рәсімі құрметпен ұсынылды.
Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысқан адамдарға құрмет көрсету мақсатында, кең көлемді патриоттық акция, маңызы бар іс шара аудан бойынша ұйымдастырылып жатады.Көкжыра ауылы Амангелді атындағы мектепте дәстүрлі түрде Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушы Марат Жаманғутовты еске алу үшін волейболдан турнир ұйымдастырылады.
Міне, биыл да осындай іс шара Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушы Қайрат Қаймулдиновтың ұйымдастыруы, мектеп ұжымының қолдауымен турнир өткізілді. Еске алсақ, Көкжыра тумасы 1986 жылы Марат Жаманғутов әскери борышын ақтап жүргенде бір неше ай бойы Чернобыльде болған. Еліне оралып келгенен кейін, ауыр зардаптарынан онкологиялық дертке ұшырап, мезгілсіз қайтыс болған.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.