Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыры тереңде жатқан спорт түрінің бірі – қоян-қолтық күрес соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл күрес түрі А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде жақсы қолға алынған.
12 қараша айында Семей қаласында Болат Тұрлыханов атындағы «Тарлан» спорт кешенінде NOMAD MMA стилінен Шығыс Қазақстан облыстық ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Ақ-ой ауылының 4 оқушысы барып, жеңіспен оралды. 5 сынып оқушысы Қайырбаев Әсет - 1 орын, 10 сынып оқушысы Советбеков Алдияр - 2 орын, 7 сынып оқушысы Жолдаспаев Әділжан – 3 орын және 2 сынып оқушысы Көшімбаев Бекзат – 3 орынға ие болды. Мектепішілік тізілісте мектеп директоры Ринат Қажиекберов жүлделі орын алып келген оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап, медальдар табыстады.


Бұл жеңіс денешынықтыру пәнінің мұғалімі Тимур Ерғазыұлы Тоқтасыновтың еңбегінің арқасы. Еңбегінің жемісі ескерусіз қалмай, «Қоян-қолтық күресінің бапкері» атағын алды. «Жалқаудың – жаны тәтті, еңбектің – наны тәтті» демекші Т.Тоқтасыновты жаңа дәрежесімен, оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Дендерің сау, ерік-жігерлерің мықты, еліміздің бетке ұстар үлкен азаматы болыңдар!


М.Ахметова, технология пәнінің мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз