Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде, «Балдәурен» лагері өз жұмысын 1- маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарамен бастады. Жалпы, жазғы лагерь жаз бойы жұмыс істейді,алғашқы 1ай көлемінде бастауыш сынып оқушылары өздерінің жазғы демалыстарын қызықты да, мәнді етіп өткізді. Тәрбиешілер А.Қожахметова, М.Раисова, мен психолог және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі А.Акенев, музыка пәнінің мұғалімі С.Наурызхан, аға вожатый Д.Қабдылова әр түрлі ойындар мен шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар, оқушылар аудандық кітапханаға, Самар орталық мұражайына саяхатқа барып, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру», «Болашаққа бағдар» бағдарламасына байланысты әзірленіп жатқан мақала материалдармен танысты. Жазғы лагерьде тіл үйірмелерін орталық оқытушылары С.Аязбаева мен Д.Нұрахметова ұйымдастырып, ағылшын және орыс тілін үйретуге көп көңіл бөлді.Лагерьдегі мерекелік іс-шаралар,спорттық ойындар оқушылардың жақсы тынығып дем алуларына септігін тигізді,- деп ойлаймын.
Толығырақ...Бұл күн мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Олар сан күндер бойы сананы сансыратқан, жүректі алаңдатқан мемлекеттік бірыңғай ұлттық тестілеу белесін артқа тастап, ЖОО тапсыру үшін сертификатқа қол жеткізді. 2018 жылғы маусым айының 21 аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінде орналасқан №861 ҰБТ тапсыру пунктінің бөлімшесінде ҰБТ өткізілді.
Толығырақ...Тағы бір оқу жылы ойдағыдай тәмамдалды. Өткен аптада аудандағы білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылып, 218 оқушы мектеп бітірді. Олардың «Алтын белгіге» үміткері – 26, ҰБТ-ға қатысатыны – 154.
Толығырақ...Екі ғасырдан астам тарихы бар Көкпекті ауылы тұрғындарының балаларын 1968 жылдан бері баптап-күтіп, тәрбиелеп келе жатқан балабақшаның құрылғанына биыл міне – жарты ғасыр. «Шуақты шұғыла» балабақшасы осы жылдар ішінде мыңдаған тәрбиеленушінің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Тәрбиешілер солардың жеткен жетістіктері, шыққан биіктері, атқарған игі істеріне сүйсініп, мақтанып жүрген жайы бар бүгіндері.
Балабақшаның салтанатты шарасына балабақша ұжымын және ардагерлерді аудан әкімі Асхат Смаилов келіп, құттықтады. Мерекелік шараға балабақшаның бұрынғы басшылары, тәрбиешілер мен қызметкерлері қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ән айтып, би биледі, өлеңдер оқып, шашу шашылды. Аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы «Шуақты шұғыла» балабақшасының ұжымын мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, сыйын тарту етті.
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Көкпекті ауданы Самар ауылындағы мәдениет үйінде «IQanat» қоғамдық қорының ІІІ тур бойынша қорытынды марапаттау рәсімі және олимпиаданың ІV ші турының ашылу салтанаты болды.
«IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының демеушілерімен ұйымдастырылған. Бағдар-лама мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстан және шетел ЖОО-на тең дәрежеде түсуге мүмкіндік алуға қолдау көрсету. «IQanat» білім беру бағдарламасына олимпиадалардың іріктеу кезеңдерінен өту, сонымен қатар Қазақстанның мен шетелдің үздік ЖОО-на грант және шәкіртақы негізінде білім алуға дайындық кіреді. 12 жыл ішінде «IQanat» бағдарламасы ауыл мектептері оқушыларын сапалы білім алуға ынталандырып, бірнеше даму кезеңдерінен өтті.
Алғашқы 6 жыл мерзімінде (2006-2012 ж.ж.) бағдарлама Казнаковка орта мектебі оқушыларын кітап оқуға ынталандыруға бағытталды. Мектеп кітапханасы қызықты, заманауи туындылармен жабдықталып, әлі күнге дейін үздік эссе байқаулары өткізіліп жүр. Байқау жеңімпаздары қор қаражатымен Астана қаласына 3 күндік ғылыми-танымдық сапарға шықты.
Келесі кезеңде (2012-2017 ж.ж.) бағдарлама Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының барлық мектептерін қамтып өз ауқымын ұлғайтты.
2017 жыл IQanat бағдарламасы үшін маңызды кезең. Осы уақыттан бастап Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданында ауыл мектептерінің үздік оқушыларын іріктеу жүйесі енгізілді.
2017-2018 оқу жылы “IQanat” бағдарламасына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысы 6 ауданының ауыл мекендерінен 200 жуық жеңімпаз іріктеледі. Аудан жеңімпаздарына қор қаражатынан Астанада өтетін республикалық ғылыми-танымдық IQanat слетіне тегін келеді. «IQanat» республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, гранттар мен шәкіртақылар жайлы ақпаратқа қол жеткізіп, Қазақстан және шетел ЖОО-да білім алуға дайындық кезінде қордың қолдауына ие болады.
Аталмыш шараның ашылу салтанатына Көкпекті ауданының әкімі А.Смаилов, аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова, «IQanat» қоғамдық қорының облыстық координаторы А.Матыбаева және қор өкілдері мен барлық мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар,8-11 сынып оқушылары қатысты. Алғашқы құттықтау сөз алған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы олимпиадаға қатысушы оқушыларға болашақтарының зор екендігін айтып, сәттілік тіледі. Ал, «IQanat» қоғамдық қорының облыстық координаторы А.Матыбаева ІІІ турдың қорытындысы бойынша жеңіске ие болған жеңімпаз оқушыларды құттықтап, сертификат табыстады.
Абсолют жеңімпаздарға төс белгі тақты. Марапаттау рәсімінен соң, Самар №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, әрі олимпиадаға қатысушы Д.Ахмадиев те өзінің құттықтау лебізін білдірді. Салтанатты шарада Самар ауылы балалар шығармашылық үйінің оқушылары өнерлерін көрсетіп, ән айтылып, би биленді.
«IQanat» қоғамдық қоры осыған дейін Казнаковка білім беру қоры олимпиадасымен таныс болған. Қазіргі таңда ауданымыздың 32 мектебінен 250-дей оқушы олимпиадаға қатысып жүр.
Іс-шараның екінші кезеңі Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінде олимпиаданың 4-ші кезеңі өткізілуімен жалғасын тапты. 9 сынып оқушылары спорт залда, 10 сынып оқушылары мәжіліс залында отырып тапсырмаларды орындады. Олимпида кезіндегі кезекшілікке ата-аналар, мұғалімдер, дәрігер, полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Спорт алаңына жеңіл атлетикадан жарыс барлық талаптарға сай өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәні бойынша, 9-сынып Сәуле Ержанова, Анастасия Фомина, Алина Клименова, 10-сынып Анель Қасымханова, Шырайлым Мұхтарқызы, Лидия Галиева, математика пәнінен 9-сынып Әлішер Ермекбаев, Дархан Қуанышев, Еркебұлан Шаяхметов, 10-сынып Еркежан Нұрқасымова, Балнұр Рүстембекова, Айнұр Серікова, физика пәні бойынша 9-сынып Бекжан Айсымбат, Әлішер Ермекбаев, Малика Вахасова, 10-сынып Әсем Отарбаева, Шырайлым Мұхтарқызы, Бекзат Әлімғазинов, дене шынықтыру пәні бойынша 9-сынып Қайрат Ақыт, Бірлік Саяхат, Еркебұлан Берікболатов, Жансұлу Жексенбаева, 10-сынып Ділназ Дүкімбаева, Айдана Оразханова болды.
Олимпиада ағылшын тілі, физика, математика, дене шынықтыру пәндерінен жүргізіліп, эссе жазу арқылы жеңімпаздар анықталады. ІІІ турдың қорытындысы бойынша абсолют жеңімпаздар саны -8. ІІІ турдың қорытындысы бойынша барлық жүлделі орын алған оқушылар саны - 24. Жүлделі орын алған оқушылардың саны бойынша алғашқы орындарда Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі мен Көкжыра ауылындағы Амангелді орта мектебі оқушылары. Жеңіл атлетикадан жүлделі 6 орынның төртеуін Амангелді орта мектебі оқушылары еншілеп отыр.
Оқушылар «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған олимпиададан үлкен үмітпен және мол әсермен тарады.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.