Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде 26 наурыз - 20 сәуір аралығында білім мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік Қоғамы филиалы және Көкпекті ауданы білім беру дене шынықтыру, спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіледі.
Аталмыш курсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалының педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инсититуты жанынан мұғалімнің кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, ағылшын тілін білім мазмұнын жаңартылған нұсқасы бойынша жаттықтырушы А.М.Карибаева жүргізуде.
Кафедра аға-оқытушысының айтуынша, білік-тілігін арттыру курсы бір ай көлемінде әр күн сайын жүргізіледі. Қатысушылар үшін курс тегін, аудан мектептерінен барлығы 29 мұғалім қамтылған. Оқытудың басты мақсаты – тәрбие жүйесін дамыту, білім ұжымдарындағы оқушыларды әлеуметтендіру, оқыту мазмұны мен әдістемелерін жаңарту, ағарту саласындағы педагогикалық технологияларға жаңалықтар енгізу, әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оқыту барысында көтермелеп отыру. Курс соңында мұғалімдер кәсіби біліктіліктерін арттырғандығы жөнінде куәліктерге ие болады.
Бүгінгі күні Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту, кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде кө-терілуіміз керек. Бұл оқушылардың халық-аралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Оқыту курсы барлық тыңдаушылар үшін қызықты болып, олар одан әрі өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге үлкен себеп болатындай, келешекте табысты және жемісті қызмет атқаруға қажетті көптеген мәліметтер алады деген сенімдеміз.
ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.