Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысады.
- Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бірінші қыркүйек - Білім күні барша адамзат баласына ортақ күн. Сіздерді жаңа оқу жылының бастауымен құттықтаймыз! Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан мектеп ордасын алғашқы аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізді қол соғып қошеметпен ортаға шақырамыз! - деп Білім күніне арналған салтанатты жиын Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінде ерекше басталды.
1«а» - сыныбын білім әлеміне апаратын жоғары санатта тә-жірибели ұстаз – Гүлжан Ержанқызы Ғалиева, 1 «ә» - сыныбын тәжірибелі, І санаттағы ұстаз Маржан Саинғазықызы Дүсіповалар тағайындалды. Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрды. Бірінші сыныпқа баратын 47 бүлдіршін мектеп оқушыларының қатарына қосылды.
Салтанатты жиынға Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сай-дахметұлы Смаилов, білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова, аудандық маслихат депутаты Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев қатысты.
«Әр iстiң өз iргетасы бар» дегендей, әр жаңа оқу жылының өз жоспар-жобасы болуы заңдылық. Осыған орай жыл сайын дәстүрге айналған тамыз кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы – адами капитал» тақырыбында 23 тамыз күні Самар ауылдық округінің Мәдениет үйінде өтті. Бұл кезекті жиынға аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ауданымыздағы ауыл мектептерінің директорлары мен ұстаздары, ардагер ұстаздар қатысты.
Толығырақ...Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша Көкпекті ауданында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері өз жұмысына кірісіп кеткеніне де біраз уақыт болып қалды. Бір жағынан, жазғы балажай – жасы әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан бұл баланы сауықтыру, дамыту кеңістігі. Балажай демалыс уақытындағы балалардың толық демалуларына, танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасайды. Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі. Бұл - олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты.
Толығырақ...Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің басшылығымен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа оқыту» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға ауылдық округ мамандары, дербес бөлім қызметкерлері, мектеп мұғалімдері қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес «Негізгі сандық дағдылар», «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «Электрондық сауда» үш сұрақ қарастырылды. Алғашқы сұрақ бойынша ұйымдастыру бөлімі ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің бас маманы Сәуле Дәулетқызы бастапқы цифрлық дағдылар туралы баяндады.
Толығырақ...2018 жылдың 1-5 шілде аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде Шығыс-Қазақстан облысының 6 ауданы бойынша 200 финалистер арасында Олимпиада өткізіліп, жеңімпаздар тағайындалады да лайықты жүлдеге ие болады. Солардың ішінде біздің Көкпекті ауданының 11 мектебінен 39 оқушы қатысып жүлделі орындар мен оқу грантын ұтып алды.
«IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының демеушілерімен ұйымдастырылған болатын. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстан және шетел ЖОО-на тең дәрежеде түсуге мүмкіндік алуға қолдау көрсету еді. Аталмыш қордың тарихына көз жүгіртсек, осы санаулы уақыт ішінде бұл қордың шалғайдағы қарапайым балалардың болашағына үлкен үміт сыйлаған жоба.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.