Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Екі ғасырдан астам тарихы бар Көкпекті ауылы тұрғындарының балаларын 1968 жылдан бері баптап-күтіп, тәрбиелеп келе жатқан балабақшаның құрылғанына биыл міне – жарты ғасыр. «Шуақты шұғыла» балабақшасы осы жылдар ішінде мыңдаған тәрбиеленушінің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Тәрбиешілер солардың жеткен жетістіктері, шыққан биіктері, атқарған игі істеріне сүйсініп, мақтанып жүрген жайы бар бүгіндері.
Балабақшаның салтанатты шарасына балабақша ұжымын және ардагерлерді аудан әкімі Асхат Смаилов келіп, құттықтады. Мерекелік шараға балабақшаның бұрынғы басшылары, тәрбиешілер мен қызметкерлері қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ән айтып, би биледі, өлеңдер оқып, шашу шашылды. Аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы «Шуақты шұғыла» балабақшасының ұжымын мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, сыйын тарту етті.


- Ата-анадан кейін баланың өсіп жетілуіне, ортаға бейімделуіне балабақшалардың қосар үлесі зор. Себебі қазіргі таңда бала тәрбиесінде басым бағытқа ие-балабақша. Бала – біздің болашағымыз! Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, ел болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет - деді аудан әкімі.
Жас ұрпақты тәрбиеге баулыған бұл білім ордасының тарихын тарқатар болсақ, балабақшада 6 топ ашылған. Кешегі оңтайландыру кезінде балабақшалардың тұтастай жүйесі ыдырап, олардың саны күрт азайып кеткені белгілі. Сондай кезеңді басынан өткерген балабақшаны сақтап қалу жолында еңбек еткен алғашқы басшылар Роза Слямханқызы Туембаева - меңгеруші, Валентина Александровна Чернышова – әдіскер еді. Сонымен бірге Аза Федоровна Дериглазова медбике және 9 тәрбиеші қызмет еткен. Тәрбиеленуші саны 250 бала болды. 1970 жылы қосымша 50 балаға 2 ясли тобы ашылған. 1980 жылы Екатерина Давыдовна Агафонова басшылық етсе, 1996-2009 жылдар аралығында Мәнзигүл Қасымханқызы Байназарова меңгеруші болды. 2009 - 2011жылдар аралығында меңгеруші қызметінде Дина Қалимбекқызы Ибраимова, 2011-2017 жылдар аралығында меңгерушілік қызметін Сәуле Байтлеуқызы Бекова жалғастырды. 2017 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі уақытқа дейін Гүлнәр Жұмашқызы Жұмашева меңгерушілік қызметін атқарып келуде.
Тәрбие ұжымында мыңдаған бала тәрбиеленіп, жүздеген тәрбиешілер еңбек етті. Салтанатты шарада ардагер ұстаздардың атынан Сәуле Байтлеуқызы жиналғандарды бүгінгі мерекемен құттықтап, сөз сөйледі:
- Осы балабақша үйінен талай бүлдіршіндер тәрбие алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Тәрбие ошағы өзінің өсу-өркендеу жолында қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын тәрбие мен білім беретін үздік мектепке дейінгі мекеме дәрежесіне дейін көтерілді.
Бүгінде балабақшада 120 балаға 6 тәрбиеші, 6 тәрбиешінің көмекшісі тәлім беруде. 6 топтың 4 қазақ тілді, 2 орыс тілді.
Балғын бөбектерімізге тәрбие мен білім беретін тәрбиешілеріміздің кәсіби шеберліктері жоғары - дейді мекеме басшысы Гүлнәр Жұмашқызы. «Шуақты шұғыланың» шырайлы шағында ұжым мүшелері ардагер тәрбиешілерге құрмет көрсетіп, гүл шоқтары мен сыйлықтарын ұсынды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз