Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы орта білім беру ұйымында енгізілген. Ал, біздің аудандық білім беру мекемелерінде «Күнделік» электронды жүйесі 2016 жылы 25 мектепке енгізіліпті. «Кundelik.kz» жүйесінің мақсаты ата-аналар қоғамдастығының жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мен оқушылары арасындағы қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ, оқу-тәрбие процесін жетілдіру. Осындай мүмкіндік беретін ақпараттық база биыл ауданның барлық 37 мектебіне енгізілді.
Kundelik (Kundelik) ЖШС мұғалімдерге, оқу-шыларға, ата-аналарға, білім беру ұйымдарының әкімшілігіне, сондай-ақ білім беруді басқару органдарының өкілдеріне бірыңғай электрондық білім беру ортасын құрайтын қазақстандық IT-компания. Қызметінің негізгі бағыттары: мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту, оқу үрдісіне озық АКТ-ны интеграциялау, «мұғалім-оқушы-ата-ана» интерактивті қарым-қатынастарын дамыту, бірыңғай ақпарат алмасу ортасын енгізу, мектеп экожүйесін құру және қолдау және қашықтан білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Компанияның жетекші өнімі - білім беру ұйымдарының электрондық құжат айналымы мүмкіндіктерін және әлеуметтік желі құралдарын білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында: мұғалімдер, ата-аналар мен студенттер арасында біріктіретін автоматтандырылған білім беру ақпараттық жүйесі «Кунделік».
Толығырақ...«Көкпекті-Толағайы» балабақшасының «Ягодка» тобында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен алтын күз ертеңгілігі өтті. Күз мезгілін әнге қосып, көрініске арқау еткен мектепке дейінгі тәрбие орталығының тәрбиеленушілері күзді былайша дәріптеді. Балалар күз, отан туралы ойындар ойнап, ән шырқады.
Әр үйдің дастарханын әнге, қойманы дәнге толтыратын алтын да жомарт күз мезгілі табиғаттың ең берекелі уақыты. Молшылықтың бастауы, сары ала жапырақтардың сардаланың әсем кейпін келтіретін кезі, күннің қысқарып, түннің ұзаруы осындай жарқын шақтарды балаларға үйрету тәрбиенің негізі.
Миролюбовка атындағы орта мектебінің әдістемелік бірлестігінде 22 мұғалім еңбек етеді. Білім деңгейі бойынша: жоғары білімді мұғалімдер мен арнаулы орта білімі бар мұғалімдер бар.
Білім ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігін мектеп директоры Ырысты Райхан баяндап берді:
- Мектебімізде қазіргі таңда 0-11 сынып аралығында 71 оқушы білім алуда. Бізде білім саласындағы жаңа өзгерістерге сәйкес, «Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде», «12 жылдық білім беру жүйесінің жаңа бағдарламасы» бойынша 14 мұғалім білімдерін көтерді. Асханада оқушылар 100% ыстық тамақпен қамтылған.
Мемлекет тарапынан педагогтердің біліктілігін арттыру әркез жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» аясында өзге мұғалімдер секілді менде ағылшын тілінен алған базалық білімімді әрі қарай жетілдіріп Өскемен қаласында «Шығыс» аймақтық орталығы ұйымдастырған курстан өтіп, «ХХІ ғасыр педагогы» атты сертификатына ие болдым.
Толығырақ...Ауылдық округте білім беру мекемелері қатарында Көкжайық орта, А.Пушкин атындағы орта және Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектептері, «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасы бар.
Ауылдық округтің әкімшілігінен кейін жеке меншік «Бөбек лүпілі» балабақшасына барумен жалғастырдық. Балабақша меңгерушісі қызметін биылғы жылдың тамыз айынан бастап Ермек Оспанова атқарып отыр екен. «Естеріңізге сала кетсек, бұл балабақша 2015 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік жекеменшік серіктестігі аясында пайдалануға берілген. Бұл ғимараттың бой көтеріп, сән-салтанатымен іске қосылуына ауданымыздың ірі кәсіпкері, демеуші азаматы Болат Миғражұлы Бекбердинов өз құзырына алған болатын. Жеке кәсіпкер 15 миллион теңге өз қаражатына салдырған балабақшаның арқасында 40 бүлдіршін тәрбиеленіп, 21 адам жұмыспен қамтылып отыр. Балабақша меңгерушісінің айтуынша, «Елімай» шаруа қожалығында жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары тегін негізде тәрбиеленсе, қалған бүлдіршіндер үшін төлемақы 50 пайыз жеңілдікпен төленеді.Тәрбиеленушілер үшін барлық жағдай жасалған.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.