Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты А.С.Пушкин атындағы ОМ «Елбасына алғысымыз шексіз» атты меркелік ісшара өтті. Мерекелік концертті 10 сынып оқушылары Шырын Ринатова мен Дана Неспаева Тұңғыш Президенттің өмір жолымен таныстырып ашты. Алғашқы құттықтау сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Садықова сөйледі. Елбасының балалық шағынан көріністі 10 сынып оқушысы Көркем Бидахметов жіне 6 сынып оқушысы Олжас Матаев орындады.
Толығырақ...13-19 қараша аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіздік жол жүрісі» акциясы аясында І.Жансүгіров атындағы орта мектептің бастауыш сыныптарында «Жүргізуші! Менің өмірімді сақта!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Шара бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Орынбасарқызы Биназарова ұйымдастыруымен өтті.
Толығырақ...Аудан орталығындағы іргелі қарашаңырақ Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте Қ.Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Көкпекті аудандық білім беру, спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиынға әдіскерлер, аудан мектептерінің тарих және қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер және дарынды оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Ауданымыздың ардақты азаматы болған, айтыскерлігімен даңқы шығып, кейінгі ұрпаққа тәлімі мол мұра қалдырған дара ақын Қалихан Қалиасқарұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатын көздеген жиын аса әсерлі өтті.
Толығырақ...«Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасының шапағатын көрген жастар көп. Солардың бір і- Мейрамгүл Жақсылықова Самар ауылының тумасы. Ол Өскемен қаласы Аманжолов атындағы университетін тәмамдап, 2016 жылы туып-өскен жеріне қызмет етуді көздепті. Осы тұста «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы оған көп көмегін тигізді.
Толығырақ...1986 жылы жаз айында Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылында бір ақын келіншек бар дегенді Сембай Жансақовтан естіп, Қалихан ағамыз Жармаға іздеп келді. Ол кезде мен Қапанбұлақ ауылының Тұрлыхан Хасенұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектепте мұғалім болып істеймін. Жақын қоныстанған барлық ауылдар мен совхоздарда болған тойды басқарып, келіннің бетін ашатынмын. Бірде Егінбұлақ деген ауылға той жүргізіп, келіннің бетін ашып, құдаларын күтіп таң ата үйге келдік. Күн жексенбі болғандықтан дем алып, жайырақ тұрмақшы болып жатқанда есік қағылды. Жолдасым терезеден қараса, үй артында қара волга тұрғанын көреді. Маған келіп: «Тұр, кісілер келді» деді де, барып есік ашты. Мен де дереу киіне бастадым. Біздің мектепте істейтін ардагер ұстаз Тәңірберді Ерменбаев деген ағамыз әйелі Бақжамал апай екеуін танимыз. Ал қасындағы орта жастағы екі қонақты танымадық. Аққұбаша үлкендеу кісі төрдегі диванға отыра қалып, домбыраны қолына алып, әндетіп қоя берды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.