Ағымдағы жылдың, сәуір айында Көкпекті орта мектебінде «Казнаковка білім беру қорының» кезекті ІІІ олимпиадасының салтанатты ашылуы болды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген бабалар нақылын еліміздің рухани жаңғыру аясында білімді ұрпақ ұлт келешегінің баға жетпес құндылығы екенін жіті түсініп шалғай ауылдағы небір дарынды балаларға жол ашып, тегін білім олимпиадасына қатысып, өз білімдерін шыңдай түсінуіне мүмкіндік туғызып отырған «Казнаковка білім беру» қорының авторы «BI Group» холдинигінің директоры Айдын Жұмаділұлы Рахимбаевтың атымтай жомарттығы өзге кәсіпкер азаматтарға үлгі боларлық іс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылған салтанатты шараға «Казнаковка білім беру» қорының директоры А.Садықова, облыстық филиалының координаторы А.Матыбаева қатысты. Олимпиадаға облыстың 22 мектебінен 172 бала 4 пән бойынша сынаққа түсті.
«Казнаковка білім беру» қорының директоры Айжан Еркінқызы Садықова өз сөзінде өткен екі кезең қорытындысы бойынша оқушыларды жеңістерімен құттықтады. ІІ кезең қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі орын алып, ал 8 оқушы І-ІІ кезең бойынша «Абсолюттік чемпион» арнайы төсбелгісімен мадақталды.
Олимпиада барысында оқушылардың ата-аналарымен, мектеп директорымен кездесу өткізген қордың директоры Айжан Еркінқызы ауыл балаларына жол ашып отырған бұл олимпиадалық жобаның тиімділігі мен артықшылықтарын таныс-тырып өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ауылдағы дарынды оқушылардың қабілетінің артуымен шыңдалуына азаматтық үлесін қосып жатқан Айдын Жұмаділұлындай азаматтарымыз көп болғай. Ауылда өсіп, ауылдан түлеген қаншама азаматтарымыз туған ауылына қол созып, қамқорлық танытуда азаматтық парызым деп білсе нұр үстіне нұр болар еді. Ауыл балаларына жол ашып отырған «Казнаковка білім беру» қорының мәртебесі биіктей беріп, деңгейі республикалық дәрежеге жетсе деген тілектеміз!
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.