Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен үлкен суреткер, кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі, ұлы жазушы, ғұлама ғалым асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезов 121 жасқа толды. Осы орайда Әуезов атын құрметпен иеленіп жүрген орта мектепте аудандық «Әуезов оқулары» өтті. Тоғыз мектептен 11 оқушы қатысты. Сайысқа түскен білім алушылар М.Әуезовтың шығармасынан үзінді оқып, эссе жазып, сайысты. Іс- шараны аталмыш мектептің жас әуезовтанушылары ашып, ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы бойынша ой бөлісті.
Жыл сайын игі дәстүрге айналған ұстаздар күні 10 қазанда Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде ерекше аталып өтті. Ұстаздарды ұлағаттаған салтанатты шараға Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов, білім саласының ардагерлері, барлық орта білім беру ордалары мен балабақшаларының басшылары мен тәрбиешілері, мекеме, ұйым қызметкерлері қатысты.
Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұстаздарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.
Салтанатты шара басында аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен ауданымызда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын насихаттау мақсатындағы көрмеде болды. Көрмеде орыс, грузин, болгар, тәжік, неміс, коми шаньги, молдован, қырғыз, корей, монғолия, шешен, армян, татар, өзбек, белорусь ұлттарының ұлттық киімдерін киген өкілдер, сол ұлттың салт-дәстүрін көрсетіп, ұлттық тағамдарын таныстырды.
Дархан даласындай көңілі кең қазақ елі түрлі ұлт өкілдерін тар жол тайғақта құшағына алды, бауырына басты. Бірлік пен жарасымды тірлікті ту еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы бүгінде өзге жұртты сүйсінтіп келеді. Тіпті елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін этнос өкілдерінің де саны артқан. Бұл түрі басқа болса да, тілегі бір отандастардың қазақ халқына деген, мемлекеттік тілге деген құрметі. Олар тек қазақ тілін емес, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді де құрметтейді. 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай қазақ тілін жетік білетін, ұлттық болмысымызды бағалайтын өзге ұлт өкілін таныстыруды жөн көрдік.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды. Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды».
Еңбек ардагерлерін, егде тартқан қарияларды құрмет тұтып, оларға ерекше көңіл бөліп, барынша сый-құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін дәстүрлі мереке – Қарттар күні Көкпекті ауданының ұйымдары мен жеке бөлімдерінде айрықша аталып өтті.
«Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбындағы осындай кездесу «Шуақты шұғыла» бала-бақшасында, алдыңғы толқын өкілдеріне деген үлкен құрметпен, аса жоғары деңгейде өткізілді десек қателеспегеніміз. Балабақша меңгерушісі Гүлнар Жұмашеваның ұйымдастыруымен жүзеге асқан кездесуге жарты ғасырлық тарихы бар бұл ұжымда тер төгіп, бүкіл жастық жігерлері мен күштерін, білімі мен білігін арнаған жандар қонаққа шақырылыпты. Кішкентай ғана бөбектерге барлық жағдайды жасап, олардың бойына тәрбие мен білімнің нәрін құйған ардақты тәрбиешілер мен аспаздар, медбикелер және басқа қызметкерлер егде тартса да әлі сергек көрінеді.
Шақырылған қонақтар ең алдымен акт залында ұжым қызметкерлері мен балбөбектердің күшімен дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалап, түрлі ойындар мен билерге қатысып бір жасап қалды. Сондай-ақ, көптен бірін-бірі көрмеген ардагерлер өзара қауқылдасып, қал сұрасып та үлгеруде.
Жайдары жаз мезгілі межесіне жетіп, міне күз айы да келіп жетті. Күзбен бірге кезекті оқу жылы басталып, бала біткен мектепке қарай асығады. 1 қыркүйек – білім күні мерекесі республикадағы барлық өңірлердегі секілді, біздің ауданда да өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді. Жаңа оқу жылының құрметіне орай аудандағы барлық білім ошақтарында салтанатты жиын өткізілді.
Міне, алажаздайғы каникул күндері аяқталып, мектептерде сабақ басталды. Жаз бойы көріспеген сыныптас достар бір-бірімен қуана қауышуда. Айнала балғындардың бал күлкісіне көмілген. Себебі бұл күн-айрықша қуанышқа толы күн. Бұл күні Көкпекті ауданындағы 37 мектептің 1 сыныбына 455 оқушы қабылданып алғашқы рет мектеп табалдырығын аттады. 1 қыркүйек - Білім күніне арналған жиын аудан орталығындағы білім ордалары Жақия Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептерінде салтанатты жағдайда аталып өтті.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.