Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2018 жылдың 1-5 шілде аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде Шығыс-Қазақстан облысының 6 ауданы бойынша 200 финалистер арасында Олимпиада өткізіліп, жеңімпаздар тағайындалады да лайықты жүлдеге ие болады. Солардың ішінде біздің Көкпекті ауданының 11 мектебінен 39 оқушы қатысып жүлделі орындар мен оқу грантын ұтып алды.
«IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының демеушілерімен ұйымдастырылған болатын. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстан және шетел ЖОО-на тең дәрежеде түсуге мүмкіндік алуға қолдау көрсету еді. Аталмыш қордың тарихына көз жүгіртсек, осы санаулы уақыт ішінде бұл қордың шалғайдағы қарапайым балалардың болашағына үлкен үміт сыйлаған жоба.


“IQanat” білім беру бағдарламасына олимпиадалардың іріктеу кезеңдерінен өту, сонымен қатар Қазақстанның мен шетелдің үздік ЖОО-на грант және шәкіртақы негізінде білім алуға дайындық кіреді. 12 жыл ішінде «IQanat» бағдарламасы ауыл мектептері оқушыларын сапалы білім алуға ынталандырып, бірнеше даму кезеңдерінен өтті.
Алғашқы 6 жыл мерзімінде (2006-2012 ж.ж.) бағдарлама Казнаковка орта мектебі оқушыларын кітап оқуға ынталандыруға бағытталды. Мектеп кітапханасы қызықты, заманауи туындылармен жабдықталып, әлі күнге дейін үздік эссе байқаулары өткізіліп жүр. Байқау жеңімпаздары қор қаражатымен Астана қаласына 3 күндік ғылыми-танымдық сапарға шықты.
Келесі кезеңде (2012-2017 ж.ж.) бағдарлама Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының барлық мектептерін қамтып өз ауқымын ұлғайтты. 2017 жыл IQanat бағдарламасы үшін маңызды кезең. Осы уақыттан бастап Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданында ауыл мектептерінің үздік оқушыларын іріктеу жүйесі енгізілді.
2017-2018 оқу жылы «IQanat» бағдарламасына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысы 6 ауданының ауыл мекендерінен 200 жуық жеңімпаз іріктеледі. Солардың ішінен біздің Көкпекті ауданының 11 мектебінің, атап айтсақ Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей, Самар № 1 орта мектеп, Амангелді орта мектебі, Казнаковка ОМ, Көкжота ОМ, Октябрь мектеп-балабақша кешені, Көкпекті ОМ. Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ, М.Әуезов атындағы ОМ, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенің оқушылары қатысты. Біздің ауданның оқушылары олимпиаданың 5 бағыты бойынша, яғни математика, физика, ағылшын, эссе-эрудит, жеңіл атлетика бойынша сынға түсті. Олипиада қорытындысы төмендегідей нәтижие көрсетті. Октябрь мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Малика Вахасова кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың шет елге оқуға арнайы грантын және Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебіне оқу грантымен, олимпиаданың бас жүлдесі 2 млн.тенгені ұтып алды. Ал, Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің оқушылары Мерейім Қуандықова және Дана Зейноллинова олимпиаданың бас жүлдесі 3 млн.теңгені ұтса, Амангелді ОМ оқушысы Жансұлу Жексенбаева 2 млн.теңге ұтып алды.
6 шілде күні, яғни күні бүгін байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи ұлы күні, ауданымыздың білім қоржынына 7 млн.теңгені қанжығалап келген олардың жеңістері үлкен сый болды. Жас өрендерді қарсы алу салтанатында осындай талапты шәкірттерімізге ақ тілегін Көкпекті ауданы әкімінің атынан құттықтау тілегін аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин білдіріп, сыйлықтар мен Алғыс хат табыстады. Ал, аудандық білім беру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова да ақжарма тілегі мен мектеп оқушылары грант иелері Наргиз Ахметова, Мади Дәулехан, Сәуле Ержанова, Анель Қасымхан, Назым Мұқышева, Карина Досанова және Ақерке Қалибековаларға да алғыс хатттар мен сыйлықтарды берді.
Сондай-ақ, оқушыларды олимпиадаға апарып олардың шашбауын көтеріп, 5 күн бойы олардың әрі досы, әрі анасы, әрі ұстазы бола білген ««IQanat»» қоғамдық қорының Көкпекті ауданы бойынша аудандық координаторы Динара Қапасқызы Садвакасованың еңбегі зор деуге болады. Динара Қапазқызының айтуынша, олимпиада аясында елорданың көрікті жерлеріне экскурсия, қатысушылар үшін арнайы тренингтер өткізілген.
Ауыл түлектерінің басым көпшілігі ҰБТ тапсырудан қорқып, колледждерге барады, жоғары білім алмай, тіпті ауылда қалып қояды. Мемлекеттік бағдарламалар қолдау көрсетіп отырса да, жақсы ЖОО-на түсу мүмкіндігі төмен. Мемлекеттік гранттар бөлініп жатыр, бірақ еліміз бойынша ауыл түлектерінің ҚР үздік ЖОО-дарына грантқа түсу үлесі өте аз. Міне біздің оқушылар өз мүмкіндіктерін пайдаланып осы қордың арқасында білімдерін көрсетті.
Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарына сәттілік тілейміз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз