Арман қуып, асқар шыңға талпындың,
Білім алып, қасиетін ұқ салтыңның.
Азамат бол, абыройлы өнерлі,
Бақытты бол, баласы бол халқыңның. - дегендей Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру мақсатында апталық өтті. «Рухани жаңғыру» «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептің «Әрдайым бір қадам алда» атты кәсіптік бағдар беру шарасына Көкпекті аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова, жеке кәсіпкерлер, мектеп директорлары, «Мәмбет», «Қалисаттарұлы», «Еңбек-Агро» шаруа қожалықтарының басшылары, Агро-техникалық колледждің жетекшілері ша-қырылып, кездесу ұйым-дастырылды.
Наурыз айының 25-28 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында XIII Халықаралық «Ақ көгершін» атты фестиваль-конкурсы өткен болатын. Көктемгі каникуль кезінде ұйымдастырылған халықаралық конкурсқа Көкпекті ауданының атынан балалар өнер мектебінің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болып қайтты. Аталмыш фестиваль-конкурс жастар жылы аясында жергілікті әкімдіктің, қалалық білім басқармасының және «Жастар» сарайының қолдауымен өтті.
Байқауға Атырау, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Екібастұз, Арқалық, Нұр - Сұлтан, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Челябинск, Новосибирск, Астрахань қалаларынан жас таланттар қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан тек Көкпекті ауданы болыпты. Халықаралық конкурсқа қатысқан би топтары бұған дейін де бірнеше аудандық, қалалық және облыстық би додаларында жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Ал елордада өткен «Ақ көгершін» XIII Халықаралық конкурс –фестивалінде балғындар жүлделі орындардан көрініп, жетекшілерінің үмітін ақтады.
Толығырақ...Серікбай Рсымбетовты көпшілік ұзақ жылдан бері қарапайым такси жүргізушісі, әнші, құрылысшы - бір сөзбен айтқанда қазақтың нағыз сері жігіті екенін ілеуде біреу ғана білер. Біздің әңгіме оның тағы бір қырынан көрінген сурет салу өнері төңірегінде болмақ.
«Жігітке жеті өнерде аз» дейді дана халқымыз бойында сан қырлы өнері бар Серікбай аға туралы айтар әңгіме көп. Біз бүгін бұл азаматты суретші ретінде таныдық. Ол кісінің айтуынша сурет салуды мектеп жасында бастаған, бірақ өмірдің ағымымен ол музыка саласына бет бұрған. Әншілік өнерімен Көкпекті ауданындағы «Толағай сазы» тобында еңбек етті.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну 2009 жылдан бері іске асырылып келеді. 2018 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 62 455,8 мың теңге қаржы игерілді, соның ішінде тұрғын үй сатып алу үшін 21 жас маманға 59 088,8 мың теңге бюджеттік несие берілді, 20 жас маманға 3 367,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес айқындалған.
Бата беру халқымыздың ертеден көнермей келе жатқан салт дәстүрінің бірі. Халқымыз батаны ерекше қастерлеген. Қазақ халқы өз тұрмыс салтында барлық игілікті ісін тек батамен бастаған. «Көп тілеуі көл», «Батамен ел көгерер» дейді халқымыз. Осы сөздерден жұртымыздың батаға деген көзқарасының қандай болғанын байқауға болады. Халқымыз ежелден бата беруге аса талғаммен қараған. Батаға ерекеше мән, маңыз берген. Батаны албаты кез-келген адам емес аузы дуалы, елге сыйлы ақсақал адамдар беретін болған. Бата беруде айрықша мән маңызбен өзіндік жосын жоралғы бар. Қазақта бата алудың мағынасы көп. Бата берудің өзіндік түрлері бар. Алыс сапарға шығарда үлкендерден бата алады. Сонымен бірге арнайы барып қадірлі ақсақалдардан бата алады. Және жас жұбайларға, нәресте туғанда, сүндет тойларда, той думандарда қадірлі қариялардан арнайы ақ бата сұраған.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.