«Әр iстiң өз iргетасы бар» дегендей, әр жаңа оқу жылының өз жоспар-жобасы болуы заңдылық. Осыған орай жыл сайын дәстүрге айналған тамыз кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы – адами капитал» тақырыбында 23 тамыз күні Самар ауылдық округінің Мәдениет үйінде өтті. Бұл кезекті жиынға аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ауданымыздағы ауыл мектептерінің директорлары мен ұстаздары, ардагер ұстаздар қатысты.
Тамыз кеңесi – дәстүрге айналған кезектi мәжiлiс қана емес. Бұл керектi жиын, деректi бас қосу. Олай болса, бiлiм саласындағы жаңалықтарын жария-лап, бiлгендерін бөлiсуге, түйінділерін түгендеуге ұстаздар қауымы тамыз кеңесінде бас қосты. Ауданымыздың білім саласының жаңалықтарын аудан-дық білім беру бөлімінің бастығы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова жиылған қауымға таныстырды.
Келелі жиында аудандық білім бөлімінің бастығы «Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы білім берудегі және ғылымды дамытудың 2016-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуы туралы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Тамыз кеңесінде алғаш болып сөз алған аудандық білім бөлімінің бастығы Шолпан Нұрғазықызы өзінің баяндамасында:
- Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға мүмкіндік беретін, білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін дәстүрлі тамыз кеңесіне қош келдіңіздер!
Өткен жылы Елбасы, Үкімет біздің білім саласына, жастарымызға, ұстаз-дарға ерекше назар аударып, үлкен қамқоршылық көрсетіп, осының арқасында біршама маңызды мәселелер шешілді. Алдағы оқу жылының басты міндеті - ұстаздардың жағдайын жақсарта отырып, білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыру. Бұл міндет әрбір білім беру деңгейіне қатысты. Әрбір деңгейдің өзінің ерекшілігі бар. 2018 жылға жоспар бойынша жергілікті бюджеттің білім саласына деген шығыны 2252,7 млн.теңгені құрайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда «Менің мектебім» акциясы бойынша 7 толық комплектілі мектептердің робототехника кабинеттері жабдықталды ,- деді бөлім басшысы.
Баяндамашы өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды жан-жақты талдады. Аудан білім қызметкерлерінің 2017-2018 оқу жылындағы қол жеткізген табыстарына тоқталды. Аудан, облыс, республика көлемінде өткен білім, өнер сайыстарында аудан намысын қорғап жүлделі орындардан көрінген ұстаздар мен оқушылардың есімдерін жиналған қауымға паш етті. Білім және тәрбие беру ісінде нәтижелі еңбектің үлгісін көрсеткен мектеп ұжымдарын атады.
- Ауданымызда білім беру жүйесі жаңа оқу жылына жалпы дайын. Көріп отырғаныңыздай, өткен оқу жылында көп жұмыстар атқарылды. Және биік маңызды мақсаттарымыз алдымызда тұр. Әрбір педагогтар ұжымына білім саласын дамыту жолындағы идеяларын іске асыруға шығармашылық табыстар тілеймін. Барлықтарыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын! - деп Ш.Мұстафинова баяндамасын аяқтады.
Сондай-ақ, бұл күні «Өрнек» жеке-меншік балабақшасының меңгерушісі Г.Тұрлыбекова, Октябрь мектеп-бала-бақша кешенінің директоры Н.Окатаева, М.Әуезов атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Садықова, Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебінің директоры А.Дүйсенбаев баяндамалар оқыды.
Тамыз кеңесінде кезекті сөз алған аудан әкімі А.Смаилов ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Аудан басшысы өз сөзінде қазіргі өмір сүріп отырған кезеңнің талабы жоғары екендігіне ерекше тоқталды. Мектеп әкімшіліктеріне жалпы білім сапасын көтеруді, ата-аналармен жұмысты жандандыруды, мұғалімдердің сапасын жақсартуды, жасөспірімдердің тәрбиесімен жан-жақты айналысуды тапсырды.
- Өздеріңізбен жыл сайын бас қосып, алқа құрып, ақыл қосатын ілім мен білім мәселесі – таптаурын болған жай сөз, дабырға айналған кезекті жиын емес. Бұл – білімді ұрпақ, тәлімді шәкірт, зерделі буын қалыптастырудың бас-ты жолы. Өскелең өміріміз әрбір білім ошақтары мен ұстаздар қауымынан жаңашылдықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ауданның білім саласы қызметкерлері қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыруға ерекше назар аударуы қажет, - деді аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы.
Жиын соңы ұлағатты ұстаздарды облыстық білім басқармасының, аудандық білім беру бөлімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттауға ұласты. Марапаттау рәсімін аудандық маслихат хатшысы Т.Сарманов, Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Б.Оразғалиева тапсырды.
Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығы бойынша Айсұлу Айғалиқызы Егеубаева «Астана 20 жыл» мерекелік медалін және Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Сарманова, Амангелді орта мектебінің директоры Г. Бибосинова, Самар №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.Панкеева марапатталды. Сондай-ақ, жас ұрпақтың рухани және зияткерлік дамуына үлес қосқан үшін «Абай атындағы мектеп комплекс балабақша кешені» марапатталады. Шығыс Қазақстан облысы мектеп және колледж оқушылары арасындағы 9 жазғы спартакиадасында жалпы командалық есепте ІІ орын алған Көкпекті ауданының құрама командасы марапатқа ие болды. Облыстың марапатына Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Сондай-ақ, облыстық білім беру басқармасынан білім беру жүйесінде жеткіншек ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде көп жылдар бойында еңбек етіп, кейінгі жастарды тәрбиелеуде өз үлесін қосудағы және абыроймен атқарып жүрген қажырлы еңбегі үшін Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Д.Садвакасова, Амангелді орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ж.Такжанова, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің физика пәні мұғалімі Ә.Ысқақова, Романов негізгі мектебінің кітапханашысы К.Садвакасова, Казнаковка орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі А.Құрманғалиева, Преображенка орта мектебінің математика пәні мұғалімі М.Тұрабаеваға алғыс жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Д.Садвакасова марапатталды.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің әдіскерлері Д.Садвакасова, Б.Сарманов марапаталды. Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Р.Байкубинова, Пантелеймоновка негізгі мектебінің директоры К.Нұриева, Октябрь мектеп-балабақша кешенінің физика пәні мұғалімі Н.Сатыбалдина, Әуезов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Садықова, Көкжота орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ә.Қаиырғазинова, Балалар өнер мектебінің мұғалімдері Б.Шекенова мен Г.Штукерт марапатқа ие болды. Заман талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбегі, шығармашылық ізденістері нәтижесіндегі жетістіктері үшін Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінің музыка пәні мұғалімі М.Нұрғалиев және орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі О.Осипова, Преображенка орта мектебінің мұғалімі Г.Оразбаева, Аманкелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ә.Оразаева мен дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Токов алды.
Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинованың Алғыс хатымен жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі шығармашылық ізденістері мен жетістіктері үшін «Үздік ұйым 2018» аталымы бойынша Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі, Амангелді орта мектебі және Көкпекті орта мектебі алса, кішкентай бүлдіршіндерге білім мен тәрбие берудегі шығармашылық ізденістері мен жетістіктері үшін «Үздік балабақша 2018» аталымы бойынша «Балерке» балабақшасы жеңіп алды.
Балабақша ауласын қазіргі заман талабына сай көріктендіру жұмысындағы үздік жетістіктері үшін «Ең үздік аула - 2018» аталымы бойынша балабақшалар арасында Бас жүлде «Балерке» балабақшасы, І орын «Өрнек» балабақшасы, ІІ орын «Дәншік» балабақшасы және «Көкпекті Толағайы» балабақшасы алды.
Көкпекті ауданының білім беру жүйесін дамытуға және жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде қосқан зор үлесі үшін Абай атындағы орта мектебінің директоры М.Кужамбетов, Раздольный негізгі мектебінің директоры М.Мамырбеков, Миролюбовка орта мектебінің директоры Райхан Ырысты, Көкжота орта мектебінің директоры Қ.Қаиырғазинов І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің директоры Ж.Ерботин, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің директоры Қ.Джунуспеков «Ерке-Нұр»балабақшасының меңгерушісі И.Сәрсенбаева марапатталды.
Аудандық «Жыл мұғалімі -2018» атты шығармашылық байқауына қатысқан ұстаздар да марапатқа ие болды. Олар: Аманкелді атындағы орта мектебінің ұстазы С.Куеубаева, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің ұстазы Б.Демеубаева, Көкжота орта мектебінің мұғалімі Э.Қонқабаева, Преображенка орта мектебінің мұғалімі А.Егізбаева.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі шығармашылық ізденістері мен жетістіктері үшін «Үздік директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары 2018» аталымы бойынша Самар № 1 орта мектебі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Л.Қожаева, Шәріптоғай негізгі мектебі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары И.Искакова, «Үздік директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары 2018» аталымы бойынша «Көкпекті Толағайы» балабақшасының шаруашылық жөніндегі меңгерушісі Р.Насибуллин марапатталды. Ал, Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаев Көкпекті ауданының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапаттқа ие болды.Ауданға келген жас мамандар салтанатты түрде қабылданды. Жетістікке жеткен мектептердің ұжымы мен марапатқа ие болған ұстаздар бір-бірлерін құттықтап, жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алатындарын айтты. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады.Бұл ретте, барлық үміт – ұстаз бойындағы міндетте. Ұстаз – ұлағатты атау. Алтын ұя мектептің жаны да, ары да – мұғалім. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағлымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы ұстаным.
Төлеухан Қабдулина, ардагер ұстаз:
- Балаларға қазіргі заманға лайық тәрбие мен білім беру жаңа технологияларды, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай: «Дағдарыс өтеді де кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгілік қалады». Тамыз кеңесі ұстаздар қауымы үшін үкілі үмітке, жаңа бастама, соны жаңалықтарға толы болып, еңбектері жана берсін деген тілегімді білдіремін.
Индира Сәрсенбаева, «Ерке-Нұр» балабақшасының меңгерушісі:
- Жас ұрпақты тәрбиелеу бесігі, бірінші - отбасы болса, екіншісі - балабақша мен мектеп. Тәрбие тал бесіктен басталатынын ескеріп, ата-бабаларымыз балаларына салт-дәстүрдің нәрін сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты инабаттылыққа және отаншылдыққа тәрбиелеген. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Баршаңызды дәстүрлі тамыз кеңесінің ашылуымен, барша қауымды және әріптестерімді жаңа оқу жылымен құттықтаймын!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.