Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесінің құрметпен аталып өтілгені, оны жақындатқандар үшін ерекше күн болып мәңгі есте қалғаны анық. Ал олардың ұрпағы үшін жыл сайын осы айтулы күнді мақтан тұтар ардагер аға-апаларымен бірге қарсы алғаннан асқан бақыт жоқ. Өкінішке орай, кешегі сарбаз, бүгінгі қарт ардагерлердіің қатары сиреп барады. Бейбіт өмір сыйлаған асыл қазыналарымыздың бірі, Үлкенбөкен ауылының тұрғыны В.С.Винниковті Үлкенбөкен орманшылығының басшысы Рахат Жақыпов отынмен қамтамасыз етті.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, жыл бойы қайырымдылық акциялары жүріп жатыр. Со-ғысқа қатысушылар мен тың ардагерлеріне көмек көрсетілуде.
Жаз кезінде күннің ыстықтығына байланысты шығатын өрттер-ге және жұмыстарының қиын-дығына қарамастан Орман шаруа-шылығының ұжымы осындай қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып тұрады. Өмірде қайырымды жандар көп болса екен деген тілегіміз бар.Шын мұқтаждың алғысынан асқан разылық жоқ дегім келеді.
Ж.Оспанова, кітапханашы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.