Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан менің ауылым – Сарыбел деп аталады. Осыдан біраз жылдар бұрын өзінің тарихи атауын алған бұл ауыл Новотимофеевка деген атпен белгілі болатын. Табиғаты тылсымның тамырын бүккен ауылға, арғы жағадан көрінген Алтай тауының сілемі иіліп сәлем беріп тұрғандай.
Ауылдан шығатын күре жол атақты «Шығыс шеңберіне» («Восточное кольцо») келіп қосы-лады. Жолдың қиылысынан кө-лігіңізді оңға бұрсаңыз, Васильев өткелінен өтіп, тау ішімен жалғасатын күре жолмен әсем қарағайлы-қайыңды тамылжыған табиғаттың көркемдігіне тамсана Үлкен Нарын ауылына жетесіз, одан әрі Зырян қаласына келіп тоқтайсыз. Шағын қаладан облыс орталығы Өскеменге жететін жол бар.
Ал ауылдан шыққаннан соң солға бұрылсаңыз, Самар, Көкпектіден өтіп, Байбура асуы арқылы Қалбатаудан Өскеменге шығасыз. Міне осылайша шеңбер жасап, бір ғасырлық тарихы бар «Шығыс шеңберін» түйіндейсіз. Бұл тас жолдың облыс орталығымен екі жағынан да қосатын осындай ерекшелігі бар. Бұл жолды салуға қаншама күш, техника жұмылдырылған. Осы жолмен күндіз-түні жүріп жатқан жолаушыларға менің тілегім: «Жолың болсын, жолаушы!», - болмақ.
Ж.Тәкібаев, зейнеткер,
Сарыбел ауылы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.