Самар ауылындағы №1 Самар орта мектебіне биыл жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқаны белгілі. Ол туралы аудандық баспасөз бетінде мақала жарық көрген. Құрылысшылар қазіргі күні жұмыс қарқынын үдете түскен. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды.
Өткен аптаның соңында аудандық мәслихат-тың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері С.Жотабаев, Е.Сихварт, Г.Шаймардано-ва құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Мердігерлік компания «Ашим-С» ЖШС басшысы Т.Сағатов,
құрылысшылардың бригадирі М.Мұқышев комиссия мүшелеріне нысан басында атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті. Сыртқы жұмыстардан тек қана спорттық алаңдағы спорт құрылғылары мен АӘД сабағына қажетті снарядтарды орнату қалған. Ал ішкі жұмыстардан фойе-ге кафель төсеу жұмысы басталған. Сонымен бірге, шағын орталықтың жуынатын бөлмесі мен дәретханасын кафель жапсырып, суағарын, қолжуғыштар мен түбектерді орнату қалған.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылысшылардың жұмысына жақсы баға беріп, барлық жұмысты оқу жылы басталғанша аяқтауды тапсырды. Келісімшарт бойынша, жұмыс толықтай 30 тамызда аяқталуы тиіс. Аалайда, құрылысшылар 15-20 тамызға дейін үлгереміз деген сыңайлы.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.