Көктем - табиғаттың оянып, өзгеретін уақыты. Аудан басшысы Асхат Смаиловтың бастамасымен басталған аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Осы орайда ауданда тұқымбақтарын құру, қылқан жапырақты ағаштардың көшеттері мен сеппелерін отырғызу жатады. Осының арқасында экологиялық жағдайды жақсартуға себепші болатын елді мекендер көріктендіріліп, ауданның жасыл қоры жасақталады.
Алдағы уақытта ауданға тағы 6500 мың түп майқарағай, 40 мың түп шырша сеппелері, 1-1,5 метрлік 2 мың түп шырша және 2 мың түп сібір шыршасының көшеттерін әкелу жоспарлануда. «Көкпекті» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мекемесінің және ауылдық округ әкімдіктерінің басшылығымен көшеттер өңірдің табиғатына бейімделген Черемшанка орман шаруашылығынан және Қатонқарағай ауданындағы ұлттық табиғи парк аумағынан әкелінуде. Бұл жұмыстарға аудандағы мекеме мен ұйымдардан 10 тұрғыны қатысып, қатысып, 2 жүк, 1 жеңіл машинасы, «Көкпекті» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мекемесінің КамАЗ, ветеринарлық инспекция мекемесінің газик көлігі және адамдарды тасымалдауға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесінің ГАЗел көлігі барлығы 6 бірлік техника тартылды.
ТҰҚЫМБАҚТАР ҚҰРЫЛАДЫ
Айналаны жасыл желекке бөлеу жұмыстары Зайсан трасасындағы жол жиегі, «Дорожник» стадионы және Саяхимов көшесінен бастау алады. Бұл ауылымыздың экологиялық жағдайын жақсартып, ерекше сән бере түсетіні анық. Бұл іске барлық білім беру мекемелері, ауылдық округтер сенбіліктер өткізіп, көшет егу жұмыстарына белсене қатысуда. Егілген шырша көшеттерді күтіп- баптау, қарау да солардың міндеттеріне берілген.
Жас көшеттерді күтіп-баптауға әкімдік тарапынан да ерекше көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ бұл іске жеке кәсіпкерлер де жұмылдырылып отыр. Сол жақтас көпшіліктің алғашқылары болып ауыл тұрғындары Владимир Виничук пен Салауат Ибрагимов, Ильдар Искаков, Сергей Ақанұлы көмек қолдарын созған екен. Владимир Виничук тұқымбақтарын күтіп-баптау үшін су таратқыш ұңғымасынан тегін су босатып, көршілес бақты өз қарамағына алып бағуды ұйымдастыруға ниет білдіріпті. Салават Ибрагимов ескі стадиондағы жасақталатын тұқымбақты, саябақты өз күшімен, қаражатымен өркендетемін деп, іске кірісіпте кетіпті. Бұл мәліметтер ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазиновпен бірге аудан орталығы көшелерін аралағанда аян болды. Ауылдық округ әкімінің айтуынша дәл осы Көкпекті ауылындағыдай көріктендіру шаралары Үлкенбөкен, Самар, Көкжайық, Ажа, Ұзынбұлақ, Шәріптоғай, Толағай ауылдарында жүргізіліп жатыр екен. Ауылдық округтер мен білім беру мекемелеріне және бүкіл аудандағы елдімекендерге қажетті шырша көшеттерін Көкпекті коммуналдық шаруашылық мекемесі және ауылдық округ әкімшілігі таратып береді.
Тілеухан Қайырханұлы, ақсалдар кеңесінің мүшесі, зейнеткер:
- Ауданға әкеліп егіп жатқан шырша мен қарағай күтімді қажет ететін бағалы ағаш тұқымдарына жататынын біреу білсе біреу білмес. Біздер аудан жастарының, кәсіпкерлерінің осы жасыл көшет қорын күтуде күш-жігерлерін аямай жұмсап, мына шырша ағаштарын мәуелі баққа айналдыратынына сенеміз.
Жалпы ауданды гүлдендіруге аудан, ауыл халқы болып күш жұмылдырылғалы отырмыз. Жасалған жұмыстың нәтижесін болашақта көретін боламыз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.