Жалпы, қоғам дамыған сайын біздің сөз қорларымызға термин сөздер көптеп ене бастады. Соның бірі - медиация термині. Бұл термин латынның «mediare» делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі.
Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз. Ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасына сәйкес, бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша мүмкіндігі шектелген жеке тұлғаларға жеңілдіктер ұсынуға қатысты ақпаратты назарларыңызға жеткізеді. Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 10.12.2008 жылғы №99-ІV кодексінің (Салық кодексі) 156-бабы 1-тармағы 13-тармақшасымен I, II, III топтардағы мүгедектер, сонымен қатар мүгедек балалар үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшері шегінде бір жылдағы табыстары жеке табыс салығынан босату қарастырылған.
Толығырақ...Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру жөніндегі мәселені Президент 2014 жылдың 26 желтоқсанында бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көтерді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез -келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлық дүние жүзі дамыған мемлекеттерінің өзінде де кездесе беретін қоғамдық дерт. Сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі әлем бойынша Сингапур мемлекетінде. Бұл ,әрине, жазаның өте қатаңдығының нәтижесі.
2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекске енгізілген жаңалықтардың бірі –бұл «Татуластыру рәсімдері» тарауы
Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.
Елбасымыз айтқандай, дауларды шешудің балама тәсілдерін дамыту, оның ішінде бітімгершілік процедурасы азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтірудегі мемлекеттің негізгі бағыттары болып табылады.
Медиация –бұл дауласушы тараптардың дау жанжалды екі жаққа да тиімді жолмен бітімгершілік келісім арқылы шешуі. Дауласушы тараптардың ерікті түрде келісімге келуі, әрі келген келісім екі жаққа тиімді, уақытылы орындалуы түгел қамтылып келісім жазбаша нысанда жасалады және тараптар қол қояды және сотқа ұсынады. Аталған келісім сот отырысында тараптардың қатысуымен қатыса алмаған жағдайда өзінің қатысуынсыз қарау туралы сотқа арыз жолдағанда ғана бекітіледі. .
Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 бабына сәйкес әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасы құпиясының сақталуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік береді. Соған сәйкес, біздің тәуелсіз Республикамызда қылмыстық әлемнен, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаушыларымен күресуге аса назар аударылуда. Қазіргі уақытта күнделікті тіркеліп жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтардың сан алуан түрлі болып келетіні де бүгінгі күннің жаңалығы емес, сондай – ақ оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың азаймауы тек сот билігі, құқық қорғау органдарын ғана емес, әрбір саналы азаматты ойландырмай қоймайтындығы белгілі. Осыған сәйкес, заңдылықтың қандай да бір бұзылғанына, құқық бұзушының ортаға, қоғамға қарсы жасаған әрбір заңсыз әрекетіне көз жұма қарауға болмайды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.