Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 бабына сәйкес әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасы құпиясының сақталуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік береді. Соған сәйкес, біздің тәуелсіз Республикамызда қылмыстық әлемнен, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаушыларымен күресуге аса назар аударылуда. Қазіргі уақытта күнделікті тіркеліп жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтардың сан алуан түрлі болып келетіні де бүгінгі күннің жаңалығы емес, сондай – ақ оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың азаймауы тек сот билігі, құқық қорғау органдарын ғана емес, әрбір саналы азаматты ойландырмай қоймайтындығы белгілі. Осыған сәйкес, заңдылықтың қандай да бір бұзылғанына, құқық бұзушының ортаға, қоғамға қарсы жасаған әрбір заңсыз әрекетіне көз жұма қарауға болмайды.


Өкінішке орай, бұл саладағы, яғни отбасы –тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік істер сот тәжірибесінде жиі кездеседі. Осы аталған әкімшілік құқықбұзушылықтың субъектілері болып - ерлі-зайыптылар, ата-аналар және балалар табылады.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында заңсыз iс-әрекеттерiн жасағаны үшiн жауапкершiлiктi орнататын 73 бабы, онда отбасында және тұрмыста кездесетiн құқыққа терiс әрекет үшiн нақты жауапкершiлiк қарастырылған. Жаңа енгiзiлген ӘҚБ ҚРК полиция қызметкерлерi тұрмыстағы дау-дамайлардың алдын-алып, жолын кесе алатын болды, осы оң өзгерiстер тұрмыста жасалатын қылмыстар мен тиiмдi күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Жаңа заң отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi. Осы салада ға құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағандығы үшін жауаптылық ӘҚБт ҚРК-нің 73 бабымен көзделген. Аталған бап екі бөліктен тұрады: 1-бөлігінде құқықбұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттерді жасағандығы үшін жауаптылық көрсетіліп, жаза ретінде ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. 2 – ші бөлігінде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. 3 – бөлігінде осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айып пұл салуға әкеп соғады.
Бұл орайда әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен қолданылатын жауаптылық шарасы.
Жоғарыда көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қазіргі таңда аудандық және мамандырылған әкімшілік сотымен қаралады. Биылғы жылы Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотымен 209 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, оның ішінде 39 іс отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатысты.
Егеменді, бейбітшілік елде өмір сүріп жатқан адал да еңбекқор азаматтарымызға өндірісте болсын, үйде болсын кішіпейілділік жарасымды, алайда арамызда отбасы – тұрмыстық қатынаста тәкапарлыққа бой ұрған бірен-саран болса да кездесіп қалады,
Отбасы - мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Сондықтан әр адамзат адам баласының түп қазығы, алтын ұясы ол – отбасы екенін толық сезінуі қажет деп есептейміз.
М.Маутканова,


Көкпекті ауданының № 2 аудандық

сотының жетекші маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз