«Соттасудан аулақ болыңыздар. Қар-сыласыңызға мәмілеге келуді ұсыныңыз оған соттағы жеңіс қаржылай шығын мен уақытты жоғалту екендігін ескертіңіз» деп Аврам Линкольн айтпақшы, шынымен медиация шарты уақытты үнемдейтіні белгілі.
Медиация - үшінші бейтарап тұлға медиатордың көмегімен іске асырылатын соттан тыс дау-жанжалды шешу рәсімі. Медиация деген ұғымның өзі біздің ата-бабаларымыздың бағзы кезден бері ел ішінде дау-дамайды шешуде қолданып келе жатқан «мәміле», «мәмілелестіру» деген ежелден елге таныс сөздердің латынша баламасы.Даудың толық шешілуі дауласушылардың өздерінің еркіне толық байланысты. «Медиация туралы» заң Қазақстан Республикасында 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданып, 2015 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Қазіргі таңда сотта қаралып жатқан істер өте көп және сан-салалы екені барлығымызға белгілі. Бұл қаралатын істердің сапалығына және сот актілерінің заңдылығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, елімізде «Медиация туралы» заңының дер кезінде қа-былданып, сол заңының қолданысқа енгені сот жүйесіне түскен салмақты жеңілдетіп жатыр.
Елімізде жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі, соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды - бұл қағидалар Ата Заңымызда жазылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында меншік құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы беріледі делінген.
Меншікке қол сұғу заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық коде-кстің 6-тарауында он сегіз түрлі меншікке қарсы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық көзделген. 2014 жылдың 03 шілдеде қабылданған жаңа Қылмыстық кодекс бұрын әкімшілік жауаптылыққа әкелетін ұсақ-түйек жымқыруды, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салуды, қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатқызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы» ереже бекітіліп, барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға жұмыста пайдалану үшін жолданған болатын.
Толығырақ...Мемлекеттің өкілі ретінде мемлекеттік қызметші басқа заңдармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын мүлтіксіз орындауы қажет. Бұл ретте мемлекеттік қызметтегі кез-келген лауазым сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтармен қатар тұруы мүмкін емес.
Осы мақсаттарға жету үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Рес-публикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес жаңа институт - әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, олардың арнайы Ережесі бекітілді.
Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау мақсатында 2016 жылы «Пробация туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» қабылданған Заңы пробацияның ұйымдастыру және іс-қимыл жасау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, пробацияның мақсатын, принциптерін, нысаны мен түрлерін, түсінігін анықтайды, сонымен бірге пробация қолданылатын тұлғалардың және оны орындайтын субъектілердің құқықтық мәртебесін анықтайды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.