Көкпекті аудандық прокурату-расының ұйымдастыруымен ағым-дағы айдың 6-9 аралығында «Прокуратура халық үшін - ашық есіктер күні» акциясы өткізілді.
Аталмыш акция аясында Көкпекті аудандық прокурорының м.а. Б.Қарымсақов пен кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ә.Мұқашева ауылдық округтерді аралап, тұрғын халықпен кездесті. Шараның мақсаты, түйткілді мәселелер мен шешілуді қажет ететін сұрақтарға жауап іздеу болып табылды.
Өлкеміздің басты байлықтарының біріне саналатын балықтың уылдырық шашатын уақытына орай облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерінде 16 сәуір - 30 мамыр аралығында балық аулауға қатаң тыйым салынған.
Осы тыйым салу уақытында Көкпекті инспекция бөлімінің мемлекеттік инспекторлары уақытпен санаспай, ауа-райының қолайсыздығына қарамай, балықтың уылдырық шашуына барлық жағдай жасап, күндіз-түні еңбек етті. Арнайы штаб құрылып, кезекшілік қойылды. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, Көкпекті ауданының прокуратурасымен, ІІБ бірлесіп, жұмыс жоспары бекітіліп, рейдтер өткізілді.
Қазіргі таңда халықтың аузынан, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен «Медиация» сөзі түспейді. Алайда, «Медиация» сөзінің мағынасын қарапайым халық толықтай түсіне бермейді. Себебі, бұл ұғым біздің қоғамға енді ғана еніп жатыр. Осы сөздің мән-мағынасын толығырақ түсіндіріп өткім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын.
Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді.
Жылдың алғашқы аптасында қоғамды екі сауал мазалады. Ол 2017 жылы қабылданған жаңа заңдарға қатысты еді. Бірі - сақшылардың ала таяқсыз көліктерді қозғалысқа келтіруі болса, екіншісі, азаматтардың уақытша тіркеу туралы заң талаптары. Қос мәселе де қызу талқыға салынып жатыр. Бірі даттап, бірі жақтап өз пікірлерін білдіруде.
Қазақстан азаматтарын уақытша мекен-жайы бойынша тіркеуге алу туралы заң қазір қызу талқылануда. Осы ретте Көкпекті ауданының ІІБ басшысы Қайрат Бытебаев әңгімелеп берген болатын. Ол елімізде азаматтарды уақытша мекен-жайы бойынша тіркеу туралы көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер биылғы жылдан бастап күшіне енгенін, ендігі уақытта тіркеудің міндетті талапқа айналғанын атап өтті.
Бүгінгі күні есірткі – бүкіл әлемде ең елеулі мәселелердің бірі болып табылады. Есірткіні жүйелі қолдану психикалық және тәннің нашақорлыққа тәуелділігінің дамуына әкеп соқтырады.
Нашақорлық – бұл адамның есірткіге деген ырық бермес құмарлық сездіретін, ағзаның созылмалы улану күйі. Өтірік, сатқындық, қылмыс, отбасының ыдырауы, қатерлі аурулар нашақорлықтың жерсерігі болып табылады. Нашақорлар ЖИТС, гепатит сияқты ауыр инфекциялық аурулармен ауырады және басқа адамдарға жұқтырады. Есірткіге мас күйдегі адам жан және тән ауруын сезінуі қойып, жеңілдік, жайлылықты сезіну пайда болады. Жеңілділікті сезіну өзіне деген бақылауды жоғалтып және шынайылықты сезінуден қалады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.