Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2016 жылдың 21 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі өткізілді. Аталған іс шараға Шығыс Қазақстан облысы судьялар корпусының атынан 18 делегат қатысты.
Съезде судьялардың жаңа Әдеп Кодексі мақұлданып, бір ауыздан қабылданды. Қабылданған кодекстің негізгі мақсаты - бұл халықтың және қоғамның судьялардың және сот жүйесінің әділдігіне, адалдығы пен сатылмайтындығына сенімін арттыру болып табылады.
Кодексте Қазақстан Республикасының барлық судьялары, сондай-ақ отставкадағы судьялары өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде және жұмыстан тыс уақытта орындауға тиіс тәртіптік әдеп қағидалары көрсетілген. Сонымен қатар, жаңадан қабылданған Әдеп кодексінің талаптарына сай, азаматтар судьялардың әрекетіне қатысты арнайы құрылған Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриіне шағымдана алады.


Съезде Мемлекет басшысы халық арасында түсіндіру жұмыстарын қеңінен жүргізу, яғни соттарға шағымдардың түсуін азайтуға тырысуды атап өтіп, судьялар алдында келесі міндеттер қойды: заң үстемдігін қамтамасыз ету, судьялардың есеп берушілігін күшейту, лайықты судьялар корпусын қалыптастыру, сот істерін қарауда практика бірлігін қамтамасыз ету, құқықтық білім беру.
Бүгінгі күні аталған тапсырмаларды орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына тиісті өзгерістер енгізіліп, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктері көбейтіліп, біліктілік талаптары қатайтылған.
Міндетті түрдегі талап – кандидаттардың жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және әдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар болу керек. Олардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер және полиграфологиялық зерттеу енгізілді. Судья болар алдында кандидат кем дегенде бір жыл мерзім аралығында сот жүйесінде тағылымдамадан өтіп, бұл уақытта оған мемлекет атынан стипендия тағайындалады. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судьяны бір жылдық сынақ мерзімінен өткізіледі.
Бұл сот жүйесіне тек қана білікті, таза және әділ адамдардың іріктеліп келуіне және де олардың өз жұмысының кәсіби мамандары болуына зор ықпалын тигізеді.
Сотта айыптаушы және қорғаушы арасындғы теңгерімді камтамасыз ету мақсатында Қылмыстық процестік кодекске өзгерістер енгізіліп, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық қудалау органының адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін процестік әрекеттерінің басым көпшілігін санкциялау тергеу судьясының құзыретіне берілді. Қазіргі уақытта тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы 16 процестік әрекеттерді санкциялау мәселесін қарастырады және Қылмыстық процестік кодексте қарастырылған басқа да өкілеттіктерді орындайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы» ережесі бекітіліп, барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға жұмыста пайдалану үшін жолданды.
Пилоттык жобаның максаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді азаматтық сот iciн жүргізуге енгізу болып табылады.
Егер тараптар медиация жүргізу кезінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен бітіруге келіссе, тиісті келісім жасалып, сотқа жолданады. Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шағарып, онда талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтарылатыны туралы көрсетеді. Ал егер де тараптар медиация жүргізген кезде келісімге қол жеткізбесе, іс бойынша іс жүргізу қайта басталып, істі сот талқылауына дайындау жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық қеңес құрылды. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы Сотқа кеңес беріп отырады.
Сонымен қатар, Дубай тәжірибиесі бойынша Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталығы құрылды.
Аталған шаралар инвестициялық даулар бойынша сот төрелігін асыруды тиісті дәрежеге көтеріп, шетелдік ірі инвесторлардың біздің мемлекетімізге өз инвестицияларын салуға кепіл болады. Бұд еліміздің экономикасын одан әрі дамытуға, өркендетуге зор ықпалын тигізеді.

Ә.Бақытбекұлы, Көкпекті аудандық сотының төрағасы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз