«Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған жұмыстың жағдайы» туралы отырыс өткізді.
Қайрат Малғаждаров төрағалық еткен отырыста Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайымен басқарма басшысының міндетін атқарушы Ұ.А.Тайғұлов таныстырды.
Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы ішкі партиялық тәртіп, партия Жарғысының орындалуы, «Нұр Отан»партиясы мүшесінің әдеп кодексі,партиялық бағдарламалардың партия тобында орындалуы туралы Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңгері О.Ю.Кривко сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарын зерделеген.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 11 маусым күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алынған шағын несиелерді қайтару мен бүгінгі таңдағы аудан көлеміндегі берешек мәселесі төңірегінде кеңейтілген жиын болды. Жиынға аудан әкімі А.С.Смаилов және маслихат хатшысы Т.М.Сарманов, облыстан келген «Ертіс» ӘК ҰК» АҚ өкілдері - менеджер Мақсат Алмасұлы Мұхамеджанов, заңгер Қанат Сүйіндіков, жеке сот орындаушы Гүлзия Ақышқызы Смагжанова және несие серіктестіктерінің төрағалары, округ әкімдері қатысты.
Толығырақ...Азаматтық кодекстің нормаларымен мұраны қабылдаудың мерзімі және тәсілі қарастырылған. Алайда көпшілік халық бұл заң нормаларын білмегеніне байланысты, мұраны қабылдау кезінде көптеген қиыншылықтармен кездесіп, соттың және басқа да уәкілетті органдардың табалдырықтарын аттауларына тура келеді. Осындай жағдайларды болғызбау мақсатында және халықтың құқықтық салауаттылығын жоғарлату мақсатында халыққа келесі ақпаратты жеткізуді қажет деп санаймын.
Мұрагерлік дегеніміз бұл - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұра азаматтың қайтыс болуына байланысты немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұраның ашылу орны бұл - мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, оның мүлкінің немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi болып табылады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың сыртқы талдау мен бағалауы бойынша Республикалық арнайы мониторингтік топ Айгүл Соловьеваның төрағалығымен үш күн бойы ШҚО-да қызмет атқарды.
Жұмыс сапарының шеңберінде АМТ мүшелері тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысандарына келіп, мүмкіндік тудыратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бағалау үшін Өскемен, Семей қалаларымен Бесқарағай, Ұлан және Абай аудандарында болды.
Семей қаласында АМТ мүшелері қалалық ХҚКО, жедел медициналық көмек ауруханасында, сондай-ақ мекеменің жұмыс тарапына 80-жылдардағы оқулықтарды пайдалғаны үшін ата-аналардың шағымдары бойынша есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында болды. Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының жұмысы оң бағаланды. Ол жерде тегін дәрі-дәрмек бойынша мәселелер орын алмаған, сондай-ақ аурухана арнайы мониторингтік топтың пікірі бойынша толығымен әлемдік стандарттарға сай мекеме екені айтылды.
Халықта «Ексең орасың, берсең аласың» деген қанатты сөз бар. Көл байлығы-ел байлығы, халық игілігі. Ел байлығының молая түсуі, ортаймауы тиіс. Сондықтан жыл сайын 16 сәуірден 30 мамыр бойынша балық уылдырық шашатын уақытта көлді браконьерлерден қорғау мақсатында тыйым айлығы жариялауды дәстүрге айлан-дырдық. Зайсан көлінің балығын молайту үшін оған қамқорлықта қажет. Осы атқарылып жатқан жұмыстар келешекті ойлап, табиғат байлығын сақтап, талан-таражға түсірмеудің, келешек үшін балықтың өсіп-өнуіне жағдай жасаудың шарасы. Сондықтан бұл іске немқұрайлы қарамайық.
К.Сейтов, Көкпекті инспекция бөлімінің басшысы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.