Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына білікті заң көмегін тегін алуға кепілдік беріледі.
Тегін заң көмегін алудың екі тәсілі бар: мемлекет тарапынан кепілдік берілген және кешенді әлеуметтік заң көмегі.
Мемлекет тарапынан кепілдік берілген және кешенді әлеуметтік көмектің басты айырашылығы- бірінші жағдайда адвокаттың жұмысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді, ал екіншісінде заңгерлер өз еркімен және ақысыз заңгерлік қызмет көрсетеді.
Елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Акция аясында оқушылар шығармашылық сарайында 29 қараша күні дөңгелек үстел өтті. Жиынға Көкпекті аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы Жасұлан Разаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев,аудандық аурухананың психологы Анар Мұқатаева және әр саладағы әйелдер қауымы қатысты.
Толығырақ...Елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Көкпекті ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов баяндап берді.
- Аудан аумағы әкімшілік шекарасында 909936,0 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 561027,2 гектар, елді мекен жерлері – 129984,0 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 1705,6 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері – 13853,3 гектар, су қорының – 60285,0 гектар және босалқы жерлер 143117,0 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары – 557633,2 га, оның ішінде егістік – 123065,1 га, тыңайған жерлер 1323,9га, шабындық – 43045,1 га, жайылым – 390199,2 га алады, - дейді бөлім басшысы.
Толығырақ...Абай облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Көкпекті ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы қызметіне полиция полковнигі Қалиев Әдлет Қабыкенұлы тағайындалды.
Полиция полковнигі Қалиев Әдлет Қабыкенұлы 1981 жылы 24 тамызда дүниеге келген. Семей қаласының тумасы. Еңбек жолы құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастау алған. Қызмет еткен жылдары әртүрлі жедел қызметтерде, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Полиция полковнигі Қалиев Әдлет Қабыкенұлы басшы ретінде өзіне және жеке құрам алдына бірқатар мақсаттар мен жұмыс міндеттерін қойды.
30 мамыр күні Қазақстанның барлық елді мекендерінде "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы басталды. Ауданымызда да акция қарқынды түрде өтті. Дәл осы күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарына құқықтық көмек берілді. Акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін кеңес алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.
Шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Айта кетейік, аталған науқан жыл сайын өтеді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.