Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Көкпекті ауылдық округінің мәжіліс залында, аудандық прокуроратураның ұйымдастыруымен «Қоғамға тиімді арыздар» жобасын кешенді жүзеге асыру мақсатында жиын өткізді. Жиынға бөлім басшылары, аудандық аурухана, мектеп және балабақша ұжымдары қатысты.
Бүгінгі таңда сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын оңтайландырудың басым бағыттарының бірі ақпараттық технология-ларды қолдану арқылы сот ісін жүргізудің айқындығын барынша арттыру болып табылады.
Сот жүйесін оңтайландыру әрі қолжетімді ету – Қазақстан Республикасы Президентінің судьялардың VI сьезінде берген тапсырмаларының бірі. Осы мақсатта сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолданып, Қазақстан Республикасының сот жүйесінде жаңартылған интернет-ресурстар, сот процесіне қатысушыларға SMS-хабарландырулар жіберу және электрондық пошта арқылы хабарландыру, «Сот құжаттарымен танысу», «Тыңдалған істер тізімі», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру» сервистері сот органдарының Call-орталықтары іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы №399 Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының судья лауазымына тағайындалдым, міндеттеріме 2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап кірістім.
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Кеңесінің 2017 жылдың 06 сәуірдегі шешімімен маған ментор ретінде 12 жылдық судьялық тәжірибесі бар судья Н.А.Нуралинов белгіленген.
Қызметімді атқарған осы төрт ай уақыт мерзімде он бес жылдық адвокаттық, нотариаттық тәжірибеме қарамастан, заң талаптарын біліп тұрғанымен, кейбір қысылшаң жағдайларда кәсіби кеңес пен көмек қажет. Бұндай жағдай, мысалы, адамның тағдырына әсер ететін шешім қабылдауда, жаза тағайындауда, этикалық көзқарас тұрғыдан баға беру, сот залында іске қатысушылармен қарым-қатынас, адвокаттардың қиқарлық мінезі, судьядан сот залында, соттан тыс жерде күтілетін жүріс-тұрыс бет алысы сияқты басқа да кездерде туындайды. Осы тұрғыда жас судьялардың ортасында менторлықтың қажеттілігі өте зор.
Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында теңдестірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойын-ша зорлықтан еркін болу жатқызылады. Сонымен, гендер дегенміз - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Еліміздегі аса маңызды демократиялық процесс - ұлттық гендерлік саясат.
Толығырақ...Мемлекеттік қызметші - Мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтардың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамыуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады. Мемлекеттік басқару саласындағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарындағы қызмет болып бөлінеді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.