Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбында байқау өтті.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов сот қызметкерлерін келе жатқан мейраммен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстан халқы 22 қыркүйекте Тілдер күнін атап өтетіндігін және ширек ғасырда Қазақстан саяси-экономикалық жетістіктерге жеткендігін айтты.

Бейбітшілікті ту еткен көреген саясаттың арқасында Қазақстан халқы ұлтаралық татулықта өмір кешуде.
Сайыс қорытындысы бойынша сот приставы Р.Сүйеукенов алғыс хатпен марапатталды. Шараның соңында төраға Н.Нұралинов әріптестеріне дендеріне денсаулық, отбасыларына бақыт, құт-береке, татулықта өмір кешуге тілектестігін білдірді.

Көкпекті ауданының № 2
аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз