Мемлекет басшысы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы заң жобасына қол қойды. Бұл жүйе 2017 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізілмек. Бүгінде ел халқын толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы. Бұл жаңа жүйенің халық үшін түсініксіз тұстары да аз емес.
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні аудандық аурухана мен емхананың мәжіліс залында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру және насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жиыны болып өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспан-серінің бас дәрігері Рысбике Мұстафақызы Жаманбалинова және Еңбекті әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің ШҚО бойынша басшысы Ләйлә Бекешқызы Гребенщикова,
Көкпекті орталық аудандық ауруханасына қарасты емдеу және алдын-алу ұйымдарының басшылары, дәрігерлер, басқа да сала мамандары мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты. Жиынды орталық аудандық аурухананың бас дәрігері м.а. Әсем Рахымбаева жүргізді.
Алғашқы сөз алған Рысбике Мұстафақызы: «Дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстанда биылдан бастап дәл осы салаға түбегейлі жаңа реформа жасалып, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры құрылады. Бұл қабылданған реформа Ұлт жос-парына да сай келеді. Заң бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы болып табылады. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек – тұтынушыларға немесе науқастарға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен көрсе-тілетін болады деген сөз. Осыған сәйкес, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, еліміздегі барлық медициналық мекемелер осы қордың есебінен қаржыландырылатын болады», - деді.
Келген қонақтарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Жиынды қорытындылаған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Әсем Төлеуғазықызы қонақтарға ризашылығын білдірді.
Қорыта келсек, бірінші байлық – денсаулық. Адамның алтынға айырбастамас құндылығы саналатын саулықтың қадірін ауырмай тұрып білгенге не жетсін? Бұл ретте «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеудің» саушылықпен ұзақ та мағыналы өмір сүрудің алғышарты екенін ескере бермейтініміз де шындық. Дегенмен, медициналық қызмет көрсетудің жаңа жүйесін енгізуде бірқатар мәселелерді ескере отырып, теріс қоғамдық-саяси ахуалдың қалыптасуына жол бермеу қажет.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.