Уақытпен санаспай барлық жерде халыққа адал еңбек ететін, ақ халатты абзал жандар - медицина қызметкерлері екені белгілі.
Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара болды. Мерекелік шарада денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлерді мерейлі мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин құттықтап, сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
-Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.
Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз- деген тілегімді білдіремін.
Ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген тұлғалар Р.Мұсабекова, Қ.Ахмерова, С.Назарбаева, Ш.Далбина, О.Тоғаспаев, А.Қалиоллаева, Г.Галиева, А.Күміспаева, А.Елеусізов, А.Ақшабарова, Ж.Ақшалова, Р.Генатуллин, Ж.Рахманова, Н.Антипина, Н.Оспанова, А.Қайсанова, С.Нұралинова, К.Серғазинова, Г.Өмірзақова, Б.Тоқтағазинов аудан әкімінің алғыс хатымен маратталды. Ал клиникалы-диагностикалық емханасының меңгерушісі Нұрлан Аубакиров және аудандық аурухананың офтальмолог дәрігері Мұхаметхан Мұсабеков «медицина саласының үздігі» төсбелгілері берілді.
Толығырақ...2018 жылы ШҚО ІІД бастығымен бекітілген «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында Көкпекты АІІБ-нің кадр жұмысы тобы бөлім бастығының арнайы бекіткен жоспары негізінде жұмыстар атқаруда.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ІІО имиджін арттыру, арнайы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан оқушыларды түзеу және оңалту мақсатында Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылында орналасқан «ШҚО ерекше режимдегі арнайы мектеп интернатының» 11-18 жас аралығындағы оқушыларын және басқа да футбол командаларының шақырумен Көкпекті ауылындағы орталық стадионда шағын-футболдан кездесу-жарыс өткізілді. Жарыста жүлделі орын алған командалар, әсіресе мектеп-интернатының 2-ші орын алған футбол командасын Көкпекты АІІБ бастығы полиция полковнигі Камзин Руслан Қабдықалықұлы бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Г.Нұрғалиева, Көкпекті АІІБ бастығының орынбасары
полиция майоры
Осыдан бірнеше жыл бұрын халық игілігіне «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген «Көкпекті аудандық орталық ауруханасы» денсаулық сақтау саласының жеткен жетістіктерінің бірі. Заман талабына сай соны технологиялармен жабдықталған орталық аудандық аурухана бүгінде ел қуанышына айналған. Елбасы тапсырмасына орай қазірде денсаулық сақтау саласын нығайтып, одан әрі жетілдіруге айырықша көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Осы орайда, ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданының орталық ауруханасында болып, медициналық мекеменің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне зер салған едік.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың, 19 мамыр күні Көкпекті орта мектебінің спорт залында жасөспірімдер арасында NOMAD MMA бойынша облыстық ашық чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың 4 ауданы және Семей қаласынан спортшылар қатысты.
Толығырақ...Сәуірдің 24-30 күндері аралығында елімізде иммунизация апталығы өтті. Осыған орай ағымдағы жылдың, 28 сәуір күні Көкпекті ауданының орталық ауруханасында бүкіләлемдік иммунизация апталығы аясында «Екпе егу! Баланың қауіпсіздігі - ата-аналардың қамқорлығында» атты конференция өтті.
Жиынға аудандағы денсаулық сақтау саласы мамандары мен мекеме ұйымдары қа-тысты. Шараның бас-ты мақсаты – халықтың вакцина мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру болып отыр. Себебі, кейбір ата-ана діни көзқарасы бойынша екпе алуды қажет деп таппайды.
Елді елеңдетіп отыр-ған мәселенің бірі – екпе (вакцина). Бұл – балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін егіледі. Өкінішке қарай, екпе егуге қарсы ата-аналар көбейді. Денсаулық сақтау қызметкерлері болса, баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің зияны жоқ екенін айтып, шырылдап бағуда. Мамандардың пікірі, екпесіз ұлттың ертеңі бұлыңғыр дегенге саяды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.