Бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасы – Тәуелсіз Қазақстанда әртүрлі спорт түрлері дамып келеді. Соның ішінде қоян-қолтық күрес түрі біздің еліміздің Қарағанды қаласында алғаш қалыптасқан. Ал әлем бойынша 2010 жылы тіркелген. Жылдан жылға дамып, міне, біздің ауылға да келіп жетті.
Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, спортқа шынықтыру мақсатында, Көкпекті аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің келісімімен, А.С.Пушкин атындағы орта мектепте 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, «Қоян қолтық» стилінен аудандық жарыс өткізілді. Жарыс Мемлекеттік әнұранмен ашылып, мектеп директоры Ринат Араратұлы Қажиакберовтың құттықтау сөзімен жалғасты. Қатысушы оқушыларға ауыл ақсақалы Ш.Атиев ақ батасын берді. Турнирге Ж.Шайжүнісов ОМ, Новотимофеевка ОМ, Қ.Аухадиев ОМ, БЖСМ спортшылары, Көкпекті ОМ және А.С.Пушкин ОМ келген оқушылар қатысты.
Өте тартымды әрі әсерлі өткен жарысқа ауылымыздың үлкен-кішісі қызығушылық танытып, мектеп спорт залына көрермендерден ине шаншар жер болмады. Арнайы жас бүлдіршіндердің күресін тамашалауға келген Қазақ ауыл шаруашылығы институтының профессоры Марат Жалелұлы Хазимов, көп жылдар мектебімізде директор болған Тұрарбек Рахметуллаұлы Байдаулетов және Көкпекті аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы – Алтай Мақсұтұлы Нұрмұхамбетов құттықтау тілектерін жолдады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жарысқа демеушілік көрсеткен, «Рустам» ШҚ басшысы Қ.Дюсенбаев, «Мирас» ШҚ басшысы М.Садықов, «Болат» ШҚ басшысы М.Оспанбаев, «Ғалымжан» ШҚ басшысы – М.Қойбағаров және М.Баймұхамбетов сияқты қолы ашық азаматтарға жарыс қатысушылары дән риза.
Аудандық NOMAD MMA стилінен турнир ұйымдастырған мектеп директоры Р.Қажиакберов пен «Рустам» ШҚ басшысы Қ.Дюсенбаевқа алғысымыз шексіз. Жарыстың әділ өтуіне Көкпекті орта мектебінің бапкері Р.Жүнісов пен мектеп бапкері Т.Тоқтасынов жауапты болды. Мектеп ұстаздары мен қызметкерлерінің де үлесін айта кеткен жөн. Жеңімпаздардың бәрі де медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев, халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін Ұлы міндет етіп қойды.
Ендеше, еліміздің ертеңі, бетке ұстар ұрпақтары биікке өрлей берсін. Ұлы көштің басында тату-тәтті, қол ұстасып бірге жүрейік, ағайын.
М.Ахметова, А.С.Пушкин атындағы орта мектеп, технология пәні мұғалімі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.