Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздегі басты мерей-тойлардың бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуге санаулы күндер ғана қалды. Бүгінде мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бірлік пен ынтымақта тату – тәтті өмір сүруде. Осындай жандардың арасында бір-бірімен көңілі жарасқан интернационалды отбасылар да аз емес. Бір шаңырақ астында бейбітшілікте қазақтың әдет – ғұрпын берік ұстанған от-басының бірі – Көкпекті ауы-лында тұратын Гусейновтар әулеті.

Минижиан Гайфутдиновна татар қызы. Өмірлік жан жары - Гусейн Свооглының ұлты әзербайжан. Жастарды Көкпекті ауылы таныстырып, табыстырған.

Бүгінде әже болып отырған Минижиан 1953 жылы Көкпектіде дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Семейдегі педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмәмдап, 42 жыл Көкпекті орта мектебінде ұстаздық қызметте болған. Ал, Гусейн ата 1951 жылы Азербайжан республикасының Ленкоран қаласында дүние есігін ашқан. 1972 жылы Көкпектіге көшіп келгеннен кейін құрылыспен айналысқан. Сол қызметте жүрген кезінде өмірлік жан жолдасы Минижианды кездестіріп, бірден ұнатқанын бізге майда қылжақпен баяндап берді. – Біз кемпіріміз екеуміз 1973 жылдың 5 желтоқсанында таныстық. Бір көргенннен ұнаттым. Осы қызбен шаңырақ көтеруге бел байлап, 1974 жылы наурыз айында отбасын құрадық. Содан бері, міне, қанша жыл өтсе де тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Үш қыздың әкесімін. Бейбітшілігі жарасқан елім, кең байтақ жерім бар. Сондықтан менен асқан бақытты жан жоқ! – дейді Гусейн ата.

Отасқан жылдарын ғана емес, тіпті танысқан күндеріне дейін естерінде сақтаған екі қарттың махаббатына таң қалмасқа амалың жоқ. Осындай ғашықтық сезімнің нәтижесі - раушандай жайқалған үш қызы. Бүгінгі күні қыздары бір-бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған үлгілі ана. Үлкен қызы Адия орыс жігіті Николаймен шаңырақ көтеріп отбасымен Павлодар қаласында. Ортаншы қыздары Мадина Серік есімді қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, Семей қаласына қоныc тепкен, кенжелері Альфия әкесі қазақ анасы орыс, яғни ұлты қазақ Анатолий есімді жігітпен отбасын құрып, Көкпекті ауылында тұрады. Аталған қыздарынан асыл сүйекті қарттарымыз 8 немере сүйіп, солардың қызығын көріп отыр.

Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің баста-уы - Қазақстан халқының ор-тақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналды. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады» деген дана бабаларымыз. Көкпекті жерін мекендеп жатқан интернационалды отбасылар соның бірден бір айғағы десе де болады. Махаббат толқынында бірге жүзген қарттарға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.

Жанерке АБЫЛХАН

Самар орталық кітапханасынды Ассамблеяның 20 жылдығына орай «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты са-йыс өтті. Бұл сайысқа Самар аграрлық-техникалық колледж студенттері (ұлдар) командасы мен Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің қыздар командасы қатысты.

Жеті кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы кезеңінде таныстыру болып, ұлдар командасының таныстыруы сәтті шықты, ал екінші кезеңде екі жақ та өздері білім алып отырған мекеменің тарихын баяндады. «Ұлттық ойындар мен оюлар – ата-баба мұрасы» деген кезеңде ұлдар асық ойнауды насихаттаса, қыздар оюлардың түрі, оны қалай ою керек екендігін көрнекілікпен көрсетті. Әрине, сайыс болған соң өнерлері де сынға түспей қалмады. «Қамажай биін билеген қыздарға студент Толқын Юра  қарсы шығып, ән айтты.

 Сайыс барысында «қазан шегелеу», «ақ», «жаңбыр шақыру», «ат қою», «тәбәрік» сөздеріне түсінік беріліп, «Бесікке салу» дәстүрі көрсетілді. Қыздар командасы «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала» атты көрініс көрсетті. Сайыс соңы екі команданың  қосылып «Қара жорға» биін билеумен аяқталды.

«Елімнің дәстүр - салтын ардақтаған,

Өсеміз ұлан болып ел мақтаған», - дегендей, ұлтының салт-жоралғыларын біліп өсу өскелең ұрпақ үшін зор міндет. Бүгінгі са-йыстан олар талай тәлім алып, есте сақтап, ертеңгі күні басқаларға жеткізері сөзсіз. Бір ғана сайыспен шектеліп қалмай, жастарымызға құндылықтарымызды бағалай білуді үйрету біздің  парызымыз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Биылғы жыл еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар жылы. Ұлы Кемеңгер ақын Абайдың туғанына 170 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, шоқтығы биік Шоқанның туғанына 180 жыл, Ассамблеяның құрылғаны мен ҚР Ата Заңы қабылданғана 20 жылдық мерейтойына тұстас Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығы аталып өтпек. Осы шаралар аясында Бастаушы селолық округі кітапханасында Қазақхандығының 550жылына орай дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамдық іс-шараның мақсаты- тыңдаушылардың тарихи сауаттылығын арттыра отырып, жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіруде отандық тарихтың құндылықтарын бойына дарыту. Кеңестік идеологияның құрсағында кеткен кеңестік тәрбие біздің санамызды улап, тарихымыздың тереңде жатқанын біле қоймаған едік. Абай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жұлдыз Асқарұлы мен Көкжота орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айгүл Еркінқызы бастаған топ кітапхана залында Қазақ хандығының құрылуы мен оның даму тарихы, елді басқарған хандардың өмірбаянын, тарихи оқиғалар желісін толығымен түсіндіріп, өздерінің жеке ізденіс құжаттарын әкеліп, солармен таныстырып, оқушылар мен ауыл халқының тыңдармандарының ризашылығына бөленді. Сонымен қатар, тарихшылар ізбасарлары Өсерханов Бекжан, Төлеуханова Толғанай, Кәрім Алина, Аслан Алтынбектің Есім ханның өмірі, Абылайдың көреген саясаты мен қазақтың соңғы ханы Кенесарының батылдығы мен ерлігі жайлы баяндамалары тақырыпты жалғастырып, жандандыра түсті.

Қорытынды бөлімінде ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Габитов Шахарбек ата газет-журналдарда оқыған тарихи ақтаңдақ беттерін айтып, тарихшылармен ой бөлісті. Соңында белсенділік танытқан дөңгелек үстелдің қатысушыларына алғыс хат беріліп, алдағы уақытта осындай іс-шаралардың арты үзілмесін деп тілек білдірдік.

Ж МаулхановаБастаушы селолықокругі кітапханашысы 

 

9 cәуір күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Сагандыков республикалық олимпиада жүлдегері Анна Роздоминаны қабылдады. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген озық шәкіртті айтулы жеңісімен құттықтай отырып, Рамиль Нығметжанұлы алдағы уақытта Аняны тек қана биік шыңдардан көретінімізге сенім білдірді. Кездесу барысында аудан басшысы дарынды оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп отыру қажеттілігіне баса назар аударды.

Көкпекті орта мектебінің 10 сынып оқушысы, оқу озаты Анна Раздомина жақында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі пәнінен жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. 24-29 наурызда Атырау қаласында өткен республикалық олимпиадаға қатысып, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен және күміс медальмен марапатталды. Дарынды қыздың бұл жетістігі, әрине аудан мәртебесін Республика көлеміне көтерді десек артық айтпағанымыз. Аняның жеңісіне оның тәрбиеленіп өсіп келе жатқан ыстық ұясы Көкпекті балалар үйіндегі тәрбиешілерінің де төбелері көкке жеткендей болғаны рас.

Сондай-ақ, талапты қыздың қазақ тілін жетік меңгеруіне ықпал жасап, білім нәрімен сусындатқан ұстазы М.Құрманғалиеваға шәкіртінің алғысы шексіз. Ұстазының үмітін ақтап, жеңіспен оралған дарынды қызға Көкпекті орта мектебінің демеушісі Бекбердинова Шолпан Майданқызы бағалы сыйлық ұсынып, қолдау көрсетті. Мектеп директоры Аслан Танысбаев пен мектеп ұстаздары демеушілік көрсеткен жомарт жандарға алғыстарын білдіріп, білім шыңының биігінен көрінген Аннаға болашақта шығармашылық табыс тіледі.

Ж.Қарымсақова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Наурыз айының 18 жұлдызында Көкпекті орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері Мұстафа Халиуллиннің 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұмытылмас сол күндер...» атты мерекелік кеш өтті.

Мереке мектеп оқушылары қойған көрініспен басталып, ардагерлерге арнап 6 сынып оқушысы Алдажұман Нұрәлидің орындауындағы «Прадедушка» әнімен жалғасты. Кешке соғыс ардагерлері Бирюков Илья Николаевич, Түсіпбеков Аркадий, Цепков Петр Иванович және тыл ардагерлері Түсіпбекова Қапия, Козловская Нина Тимофеевна, Сорокина Мария Родионовна, Искаков Менташ Рустамұлы арнайы шақырылды.

Сонымен қатар ел ағаларынан аудан әкімінің орынбасары Клара Рафикқызы Смаилова, білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Жылқыбайұлы Әбенов, аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы Ринат Жақанұлы Абдрахмановтар қатысты.

Кеш барысында Мұстафа атаның өмір жолына арналған слайд көрсетіліп, батыр атаның көрген қиындықтары мен жасаған ерліктері баяндалды. Слайд аяқталғаннан соң, Отаны үшін, халқы үшін жанын қиған, тарих тақтасына есімдері алтын әріптермен жазылған, соңындағы ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған соғыс құрбандарын еске алып, 1 минуттік үнсіздік жарияланды.

Кеш ортасында арнайы шақырылан ел ағаларына сөз беріліп, олар, соғыс ардагеріне ақ тілектерін білдірді.

Мұстафа атаға арналған мерекелік шара Алпысбаев Жарболдың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ, олар жасаған Ұлы Ерлік ешқашан ұмытылмақ емес, зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Тоқсанның төріне жеткен Мұстафа Халиуллинге Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тамашалаңыз, жасыңыз жүзге жетсін демекпіз.

Жанерке АБЫЛХАН

 

 

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз