Самар ауданының Жаңалы ауылдық кеңесіне қарасты Еспе, Аққұдық, Көкжота, Бас-таушы, Қарғалы ауылдарынан соғысқа 163 адам аттанған еді, соның елге оралғаны 60-тан сәл ғана асады. Олардың ішінде Көкжота ауылынан аттанып, аман оралғандар 30-ға жуықтайды.
Еліне Жеңіспен оралған жауынгерлер соғыстан тұралап қалған ауылшаруашылығын, өндірісті көтеруге білек сыбана кірісті. Зейнелғазы Азанбаев, Бексолтан Қошқарұлы, Нұрсапа Нажинов, Зейнелғазы Сарбасов және басқалары еңбек көрігін қыздыра отырып, зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. Ұрыс даласында көрсеткен ерліктері үшін алған марапаттарының қасында еңбектегі ерліктері үшін орден, медальдар тақты. Соңдарынан қаншама жасты ертіп, оларға тәрбие берді.
Толығырақ...Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Жас ұрпақтың тәрбие алуына өз үлесін қосып отырған тәрбие ошағының бірі шағын ғана Теректі ауылындағы «Еркенұр» балабақшасы. Ашылғанына бір жылға жуық уақыт болған балабақшада бүгінгі күні ауылдың 20 балапаны тәрбиеленуде.
«Еркенұр» балабақшасына кірген кезде әдемілікті сезіндік. Өйткені, ауласы жасыл желекке оранған. Ғимараттың іші таза. Ең бастысы балалардың періштедей жарқын жүзін көргенде оларға шаттық сыйлап, қамқорлық танытып жүрген тәрбиешілерге іштей риза болдық. Ал, біз ішке кіргенде ойнап отырған балалардың «Сәлеметсіз бе?!» деп шулаған балғын тілдері көңіліңе қуаныш ұялатады.
10 адам қызмет істейтін мекеменің ғимараты да ,ішкі жиһаздары да балалардың тәрбиеленуіне жайлы және жылы. Бүлдіршіндер Динара, Мария, Әсел сынды тәжірибелі тәрбиешілерден тәлім алуда. Бізді кіре берісте мейірлене қарсы алған Расима Атиманова «Еркенұрдың» бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде айтып берді. - Балалар — біздің болашағымыз. Сондықтан, балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет және баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз, - дейді тәлімгер.
Бала бақыты – ана бақыты. Сондықтан да қай ата-анаға болса да баласының тәрбиесі жақсы жерден бастау алғаны абзал. Теректідегі «Еркенұр» балабақшасы ата-аналардың талғамына да, талабына да сай десек, артық айтпағанымыз. Тазалығы сақталған, тамақтары бапталған.Ауданымызда осындай көркі көз тартатын балабақшалар көбейе берсін.
Жанерке АБЫЛХАН
Бүгінгі талапқа сай әсем жабдықталған мектеп ауласында көңілді күлкі, әдемі әуен бір сәт толастар емес. Жаздың жайдары кешінде шараға жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарда есеп жоқ.
Мемлекеттік Әнұран орындалып, кеш басталып та кетті. Кештің басталу салтанатын жүргізуші жас ұстаздар А.Слямханқызы мен М.Ғалиқызы түлектерді ортаға шақырған кезде әр түлекпен бірге қол ұстаса жас жеткіншек - ұландар ортаға шыққан сәті ерекше көз қуантты.
Толығырақ...Биыл еліміз тұңғыш мемлекеттігіміздің негізін қалаған Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өтпекші. Бұл ұлы мерейтойдың өткізілуі Елбасының 2014 жылғы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ресми түрде мәлімденіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына – жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие деп баға берілген болатын.
Қазіргі қолданыстағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХV ғасырдың ортасында қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті) өмір сүрген. Олардың өзара жер үшін, билік үшін талас-тартысы, бітпейтін соғыстары тайпалар арасында араздықты туғызып, елде бей-берекетсіздік өршіді. Оған қосымша ӘмірТемірдің ұрпақтары да қазақ жеріне шабуылдар жасап, жағдай мүлде нашарлады. Мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетті.
Толығырақ...
Жыл бойы «Білім» теңізінде жүзген оқушылар демалыс аралына жетті. Белгілі бір міндеттен босап, арқаны кеңге салатын көңілді шақты әр бала асыға күтеді. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана–сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі екенін ескерген аудандық білім беру бөлімі биыл да жаз лебі біліне салысымен жылдағы дәстүр бойынша жазғы балажайларды ұйымдастыруды қолға алды.
Адам жанының табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейе түсетін, жеке көзқарас қалыптасатынтамаша кезеңді тиімді өткізу үлкен міндет. Бұл тұрғыда ауданымыз көшті бастап тұрғаны мәлім. Сарыбел ауылында орналасқан «Жас толқын» балажайы оқушылардың сүйікті демалыс орнына айналды. Таулары тарихтың тамырындай толғанып тұрған, суы қазақтың дархан көңіліндей асып-тасып жатқан дария-даланы бір көрген соң кеткің келмейді. Биыл аталған балажайда 60 бала демалады. Екі ауысымда жұмыс істейтін балажайға өз қалауларымен сұранып келгендердің көпшілігі жылда барып, сол жерді өздерінің өмірінің бір бөлшегіне айналдырған балалар. Әбден танып, достасып алған тәлімгерлер оларға «Балажайдың ардагерлері» деген лақап ат қойып алыпты. Әртүрлі көңілді іс шаралар мен спорттық сайыстар өткізілетін орынға келгеніне демалушылар дән риза.
Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың бос қалған мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын ауданымыз сәтті жүзеге асырды. Оған дәлел, Новостойка ауылындағы «Балауса» спорттық-сауықтыру кешені 200 баланы қуанышқа бөлейді. Аудан әкімінің бастамасымен, аталмыш балажайда демалуға әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар толықтай тартылды. Жолдамалар жаппай оқу қорының есебінен төленеді. Бес ауысымда жұмыс жасайтын балажай демалушыларына пайдасы мол интеллектуалды ойындар мен топтық іс шаралар жүргізіп, балаң көңілдерді жадыратуға бар ынталарын салуда.
- Жаз айлары келе салысымен мен балажайға асығамын. Міне, биыл бесінші жыл қатарынан келіп отырмын. Бұл жердің тартымды табиғаты тылсым сыр шертіп тұрғандай көрінеді. Өзімді сол әсем бейненің бір бөлшегі сияқты сезінемін. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы болғандықтан, барлығымыз ұялы телефонның тәуелділігінен оңайлықпен шыға алмай жүрміз. Ал, балажай маңында телефон байланысы жоқ болғанының өзі өте тиімді. Бір уақ экранмен емес, Жер-Әлеммен байланыста болып асыр саламыз. Барлық достарымды балажайға шақырамын, - деп шынайы көңілін білдірді Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп оқушысы Ерасыл Әшімтаев.
Баланың жан-жақты қалыптасқан тұлға болып өсуіне тәлім мен тәрбие ғана емес, алаңсыз демалыс та үлкен үлес қосады. Демек, ұлағатты ұрпақты ел ертеңіне айналдыру жолында демалыс кешендерінің де алатын орны ерекше екенін ұмытпағанымыз жөн.
Жансая СМАҒҰЛОВА
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.