«Мектепке - оқулықпен» республикалық акциясын өткізу - оқу жылы қарсаңында әр оқушыны оқулықтармен қамтамасыз ету шараларының бірі.
Акцияны өткізу негіздемесі. «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдарды тегін қолдануға құқылы (7-тармақша) 47-бап 3-тармақ). «Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқулықт
Толығырақ...Ата қазақтың ежелгі шежіресінде ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдырып, халықты қамдандырып отыратын тектік формуласы болған. Дәл сол формула қазақ шежірелерінде. Шежірені білудің дұрыстығын ешкім де теріс дей алмайды. «Білу – міндет, бөліну - індет» - деген бұлтармас қағиданы біз де ұстанамыз.
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында байтақ Отанымыздың тарихи жерлері Қалбатау мен Көкпекті жеріндегі батырлар мен билер Жомарт пен Ақболат, Кегенбай, Мақтабай, Байқадам аталар туралы да айтарымыз бар. Тана мырза мен Манақ байдың, Сыбанқұл батыр мен Ханқожа, Досан төрелердің, Қисық, Тілеуберді аға сұлтандардың еліміз үшін атқарған еңбектері ұшан теңіз. Олардың тарихын, шежіресін елге жеткізу, зерттеу бүгінгі ұрпақтың білек сыбана кірісер міндетті ісі.
Толығырақ...«Абай жолында» аты бірнеше рет аталатын Ізғұттының найман ұрпағы, Көкпекті маңының тумасы екені жайлы біреу білсе, біреу білмейді. Біз де бүгін атадан балаға айтылып, тарап келе жатқан Ізғұтты әулетінің шежіре-дастанын 4 - ұрпағы Семейхан ағаның әңгімесі желісімен тарқатып көрейік. Түсінікті болу үшін әңгімемізді арыдан бастағанымыз жөн.
Құнанбай Тайбала есімді қарындасының өздеріне әлеуметтік дәрежесі сай, беделді азаматпен отасқанын қалайды.
Толығырақ...Қазақстан Республикасында мектеп оқушыларының денсау-лығын қорғау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, сапалы білім алуға жағдай жасауды көздейтін бірнеше бағдарлама бар. Сол бағдарламалар негізінде Самар ауылындағы №1 орта мектепте биыл жөндеу жұмыстары қолға алынып отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар мектептің ғимараты да ескі, бұрынғы стандартпен салынған білім ошағы талайдан бері жөндеу көрмеген. Биыл аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға білім беру бөлімі мектепке ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспар бойынша жүзеге асыруды қолға алды. Жобалық-сметалық құны 16 миллионнан асатын құрылыс жұмыстары тендер өткен соң, 15 маусымда басталып та кетті. Тендерді ұтып алған мердігерлік компания – ауданымызға белгілі, екі жыл қатарынан ауылдық жердегі құрылыстың қарқынды дамуына үлес қосқаны үшін министрліктен алтын медаль алған «Ашим-С» ЖШС, оған жерлесіміз Т.Сағатов жетекшілік етеді.
- Жоба бойынша мектептің кіре берісі мен баспалдағына плиталар төсеп, қасбетін сырлау, Лайлы бөгеті жарылған кезде бүлінген спорт стадионы мен АӘД сабағын өткізетін алаң жөндеу қарастырылған. Сонымен бірге, мектептің айналасындағы қоршау жаңартылып, есіктің алдына брусчатка төселу керек болатын, - дейді мектеп директоры Валентина Кутателадзе.- Сондай-ақ, сырттағы дәретхана толықтай жаңартылады. Біз тек қана Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарын таңдағандықтан көп үнемдедік.
Күннің аптап ыстығына қарамастан құрылысшылар қарқынды еңбек етуде. Өздеріңіз біліп отырсыздар, ауа райы күрт ысып, аптап тіпті 40-45 градустан түспей тұр. Бірақ жұмысты тастап кеткен ешкім жоқ. Олардың тарапына ешқандай мін жоқ. Еңбек тәртібін бұзғандықтары байқалмайды, тіпті мектеп ауласында шылым да шекпейді, - деп сөзін жалғастырды Валентина Федоровна.
- Мектеп басшысы дұрыс айтады. Біздің бригада барлық жұмысты жылдам әрі сапалы атқаруда. Жаңа ғана ол кісі айтып өткен жұмыстардан басқа біз шағын орталыққа дәретхана орнатамыз, сон-дай-ақ, кіреберіс есіктерді алмастырып, фойенің еденін кафельдейміз. Мектеп ұжымы тарапынан комиссия құрылған, олар және техникалық, авторлық бақылау да біздің жұмысымызды қадағалап отыр. Жұмыс басталғаннан бері төрт тексеру өтті. Жобадан ауытқушылық жоқ, жұмыс сапалы атқарылуда деген баға берді. Әрине, ұсақ-түйек кемшіліктер болды, бірақ оны дер кезінде қалпына келтірдік, - дейді бригадир Мақсат Мұқышев. – Қазіргі күні ғимараттың сырты сырланып болды, табалдырық баспалдағына плиталар төсеуді аяқтадық. Кіре беріске шатырлы қалқа жасалды. Енді, дәретхананы аяқтаған соң толықтай стадион мен алғашқы әскери даярлық алаңын қалпына келтіру жұмысына кірісеміз. Мектеп аумағының қоршауын ауыстыру жұмысы да қоса атқарылатын болады. Құрылыс материалдары уақытында жеткізіліп тұрады. Жұмысшылар тәжірибелі, қолдарынан іс келетін, бесаспап жігіттер. Басшымыз Төлеген Әшімұлы олардың қимылына риза.
Мектеп оқушылары, ата-аналар келіп, көріп кетеді екен. Олар да балаларының жаңа оқу жылын жаңарған мектепте бастайтындарына, мемлекеттің балалардың білім алуына барынша жағдай жасап, қамқорлық танытып отырғанына разылықтарын білдіріп жүр. Жақында ғана мектепті бұрын бітірген түлектердің кездесуі болды. Көптен бері бастары қосылмаған түлектер өскен ұяларындағы орын алып жатқан жаңалыққа қуана қарасты. «Біздің арамызда алыс-жақын шет елге кеткендер, мектеп бітіргелі он бес жылда алғаш келіп тұрғандар бар. Біз үшін бұл қуаныш. Артымыздан ерген іні-қарындастарымыз көріктене түскен мектепті көріп, өздерінің білім сапаларын арттыра түсер деп ойлаймыз», - дейді бұрынғы түлек, осы кездесуді ұйымдастырушылардың бірі Ә.Сейілқұмаров.
Жадырап жаз да өте шығар, каникул қызықтары да аяқталады. Сағынып келген шәкірттерді еңсесі көтеріліп, жаңарып, жарқырап тұрған мектеп қарсы алады. Тағы да қоңырау соғылып, ауланы балалардың көңілді күлкісі толтыратын күн алыс емес. Ал құрылысшы ағалары барлық жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауға күш салып жатыр.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Қазақта Абайдан өткен Ұлы да, ғұлама да, Абайдан өткен дана да, одан өткен ғалым да, ақын да жоқ. Бұрын да, қазір де Абай менің пірім, Абай менің бірім!
Бұл менің жеке пікірім емес. Дүниеден өтіп кеткен небір ұлыларымыз, қазақ зиялылары Абай десе ішкен асын жерге қойған. Даналығы мен даралығын ауыздарының суы құрып айтып, таңданысын жасырмай кеткен.
Зейнет демалысына шыққан соң, Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев бір журналис-ке берген сұхбатында: «Қазір Абайды қайта оқып жатырмын. Артында өлмейтін мұра қалдырған неткен дана еді. Қанша оқысаң да ойдың шым тереңіне тартып отырады», - дейді. Дананы дана осылай бағалаған. Ал қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев Абайдан қалай нәр алғанын былайша толғайды.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.