М.Әуезов атындағы орта мектептің 8 сынып жетекшісі Б.Смағұлованың ұйымдастыруымен ата-аналар кеңесінің кезекті отырысы «Қызым, саған айтам...» тақырыбында өтті. Отырыстың мақсаты, мектептегі қыз балалар мен аналар арасындағы қарым-қатынас, тәрбиенің маңызы болды.
Осал да болма, ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма, орынсыз сөзге таласқан.
Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,
Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан... - деген «Сіңіліге сыр» атты өлең шумақтарымен ашылды. Жиналыстың ашылу кезеңінде Б.Смағұлова: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесінің көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері. «Қыз өссе - елдің көркі» деп ата-бабаларымыз қыздарды әрқашан гүлге теңеген. Қыздарымызға нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысшылдық, бәрінен де ар тазалығы тән» деп бастады мұғалім бас қосуды. Сонымен қатар, бүгінгі қыз – ертеңгі ана, сондықтан халқымыз әйел – барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған дей келе, ана мен қызы арасындағы қарым-қатынас жөнінде бірнеше сауалдар қойылды. Осы сауалдар төңірегінде жауап бергендер ішінде анасына сырын ашық айтатындар да бүгіп қалатын қыздар да бар екені байқалды. Ата-аналар отырысына келген ақылшы ана, жанашыр әже, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, шөбере сүйіп отырған Райхан әжей былай деді: - Қазақта «Қызға қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп – өсіруге кері әсерін тигізуде. Оң жақта отырып, қыздың пәктігін сақтай алмауы өз тағдырына жауапсыз қарағаны. Мұндай қыздарға бір әулеттің жауапкершілігін сеніп тапсыруға болмайды. Әр ана өз ұрпағының тәрбиесіне тиянақты, жауапкершілікпен қарағанда ғана, жамандықтан сақтандыра аламыз, – деп тебіренді. Осы отырысқа арнайы шақырылған ауылдық аурухананың акушер дәрігері Г.Тлебалдина жасөспірім қыз алғаш рет гинекологқа қай жастан барып қаралуы қажет, дәрігерге келген қыздар қалай тексерілетіні, ерте жыныстық қатынастың қыздар денсаулығына зияны туралы мәселелер төңірегінде, медициналық тілде өте түсінікті, тартымды жауап берді. Бас қосуға қатысқан аналар қыздардың ұстанымы - қыз деген атқа лайық болуы керек екенін баса айтысты. Мектеп психологы Г.Әзімбаева: - Ерте жастан жүкті болып қалуды кез келген қыз мақсат тұтпайтыны анық. Дегенмен, ойнақтап жүріп от басып қалған қыздардың оң босағада отырып босанған соң, жантүршігерлік әрекетке барып жатқандары жиі кездесуде. Олардың қатыгездікке баруының себебі неде? «Естіген елден ұят» деген жалған намыс па? Әлде ата-анасынан, бауырларынан қиын сәтте қолдау таба алмауынан ба? Осы сұраққа психолог тереңірек тоқталып жауап берді: «Өз анасына, әжесіне, жеңгесіне ойындағысын айтуға бата алмай (сыр айтып, ақыл-кеңес айтуға әдетке айналдырмаған отбасыларда) күйзеліске ұшырайды. Тәрбиелеу деген осы екен деп тым қаталдыққа салыну да бала жастан қызды жалтақтыққа алып келетінін ұмытамыз. Осыдан барып өз анасына сырын айтуға жасқанады. Сол үшін қызды кішкентайынан өзімізге әбден сендіріп, анадан артық жақын адам жоқ екенін ұғындырып өсіруіміз керек», деп сөзін аяқтады мектеп психологі.
Осы отырысқа келген, көпті көрген, бірнеше ұл қызды тәрбиелеп, немере қызығын көріп отырған Күміс апайдың да айтары көп болды. Немересі Толғанай екеуі сырлас, дос-құрбы сияқты екендігін айтты. Қыздарға ақыл-кеңесін берді: қыз баласы мәдениетті, әдептілікті, сыпайылықты сақтағаны жөн. Жігіттерден соны талап ету керек. Өзіңе деген сый-құрметтің бағасын түсірме. Сөйлегенде де, әдептілікті сақтай білсең, сол арқылы жігіттерді, қоғамды тәрбиелей аласың. Ата-аналар кеңесінің қорытынды сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Садықова – Өкінішке орай, айтып отырған дәйектеріңізбен келіспеуге амал жоқ болып тұр. Бірақ, біз неге ерте жастан жүкті болып қалған қыздың мәселесіне ғана қараймыз? Ол қыз сол әрекетке не себепті барды? Шынымен мектеп жасынан жеңіл жүріске салынғаны ма? Немесе ерте жастан жүкті болып қалуына зорлау фактілері себепкер болды ма? Оған кінәлі кім? Міне, осы жағына да көп мән беру керек сияқты. Тәрбие мәселесінде әрине мектеп психологы, мұғалімдер және сынып жетекшілердің өзіндік рөлі бар. Дегенмен, ең алғашқы тәрбие отбасынан басталады. Осы екі тәрбиенің үйлесім тапқан кезінде ғана оның оң әсері болары сөзсіз. Бүгінде оқу ошақтарында қыздар клубы және қыздар кеңесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, оқушылар психологтардың кеңесіне жүгінуіне толық мүмкіндіктері бар. Сондықтан ең бастысы отбасындағы тәрбиеге мән берген абзал. Отбасында ұлтымыздың атадан балаға мирас болып қалған тәрбиесін пайдалануымыз керек, - деді.
Осы отырыстың аналар үшін де, қыз балалар үшін де маңызы зор болды деген сеніммен тарқастық.
Ғ.Әзімбаева, мектеп психологі
Білім, тәрбие негізі бастауышта десек, осы бағытта Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 1 «а» сыныбында «Көктем аруы - 2015» атты байқау өтуі бірден бір негіз бола алады. Бұл байқаудың мақсаты - анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу болды. «Көктем аруы» байқауында байқағанымыз ұл балалардың қыз балаларға деген құрметі, қыздардың әртүрлі сынақтардан сүрінбей өтуі, ән салып би билеу, көркемдік сөздер оқу, әр оқушының өздерін таныстыру, ата-анасына, ұстаздарына ризашылықтарын көреміз. Осы әсерлі кешті ұйымдастырып жүрген, 1 «а» сынып жетекшісі Б.Демеубаеваның оқытып, тәрбиелеген оқушыларына деген ұстаздық жылы ықыласын сезінеміз. Ата-аналар да мұндай тәрбиенің өз балаларына берері көп шара екенін ризашылықпен айтып, алғыстарын білдірді. «Көктем аруы - 2015» қатысқан әр сайыскер қыздарға киім киюлеріне, сөз сөйлеу мәнерлеріне қарай, мадақтама қағаздары берілді. Сайыстың қорытындысын әділқазылар алқасы саралап, мынандай қорытынды жасады. «Көктем аруы - 2015» атанған Бекшойынова Зарина болды. Ал, 1 орында А.Жеңісова, 2 орында Д.Ахан, 3 орында И.Серік жеңіп алды. Оқумен қатар өнердің сан саласын бастауыштан бастап бо-йына қалыптастырған әр бала, ертең мектеп бітірген соң өмірге қадам басқанда білім ордасында алған тәрбие-тәлімін, білімін кедергісіз арманына ұштастыратыны сөзсіз. Өйткені, мектеп – әр адамның өмірінің алғашқы баспалдағы. Өмір баспалдағына жаңылмай қадам бастыру, бастауыш сыныптардан басталады. Мұндай бағыттағы жақсы істер әр мектепте болып жатқанына қуанамыз.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Біздің бүгінгі әңгімеміз бала жанын білім нәрімен сусындатудан бір сәтке де жалықпастан, бүкіл саналы ғұмырын «Мектеп» атты қасиетті қара шаңырақ аясында өткізіп, мұғалімдік еңбектен өмірінің мағынасы мен бақытын тапқан жан туралы болмақ. Әңгіменің алтын арқауы болып отырған сүйікті жар, аяулы ана, мейірімді әже және үлгілі педагог Айжақсина Надияр Ысқаққызы биылғы ақпан айында мерейлі 60 жастың асқарына шыққанына қарамай, әлі күнге шәкірттеріне бойындағы ізгілік нұрын құюда.
Осыған орайластыра және бір жағынан әріптес, екінші жағынан құрдас болып келетін Надияр құрбымды таяп келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен газет арқылы ізгі тілегімді арнап, құттықтап қояйын деп шештім. Басылым беттерінде Надияр Ысқаққызы туралы аз жазылған жоқ. Сонау 1972 жылдан мұғалім мамандығына ден қойған, еңбек өтілі 43 жылдан асқан ұстаз аудан, облыс, тіпті, республика аумағында танымал десек артық айтпағанымыз.
Қарапайым ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген Надияр балауса кезінде өзінің аудандағы білім саласына өлшеусіз үлес қосқан үлкен бір мұғалімдер династиясының өкілі болатынын, мүмкін, білмеген де болар. Алайда, өмір шындығы солай. Ол - өткен жылы қазан айында облыста басылып шыққан «Шығыс Қазақстан облысының педагогтар динас-тиясы» кітабына 290 жылдық еңбек өтілі бар отбасылық педагогтық династия ретінде енген Айжақсиндердің екінші буын өкілі. Шәкірттеріне қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытып, тіл өнеріне, сауаттылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулыған еңбекқор ұстаз, өзінің туа біткен мұғалімге тән ерекшелігімен, мамандығына адалдығымен, пәнді терең меңгеруімен әрдайым шәкірт жүрегіне жол таба білді. Надияр Ысқаққызының алдынан үлкен өмірге жолдама алып шыққан жүздеген шәкірттері елдің әр түкпірінде халық игілігі үшін тер төгіп, адал еңбек етуде. Шәкірттеріне бүгінгі күн талабына сай білім беруді көздеген ұстаз әр сабағын жоғары деңгейде өткізіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқушыларының сүйікті пәніне айналдырды. Ұстазының жолын қуған шәкірттері бүгінде филология факультетінде кафедра меңгерушісі, республикалық телеарналарда журналист, мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері болып қызмет атқарады. Олар сүйікті ұстазын аса бір ыстық сезіммен еске алып, әлі күнге дейін ұмытпай, сағына хабарласып та тұрады. Осының өзінен-ақ абзал жанның еңбегінің ақталғанын көресіз. Тынымсыз еңбексүйгіштігі арқасында, әр сабағын тартымды өткізу үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін Надияр Ысқаққызының еңбегіне берілген ең жоғарғы баға - «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталуы болды.
Надияр Ысқаққызының іс-тәжірибесі аудан, облыс, рес-публика көлемінде таратылып, сабақтары республикалық “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналында 1993 жылдан бастап үзбей жарияланып келеді. Сондықтан, еңбек жолын жаңа бастаған жастарға: «Үлгілі ұстаз қастарыңда жүргенде өздеріңе керектіні үйреніп қалыңдар» дегенді құлаққағыс еткім келеді. Сауатты да парасатты, терең білімді шығармашыл тұлға дайындауды алдына өмірлік мақсаты еткен ұстаз қазіргі таңда сүйікті ісімен әлі де шұғылдануда.
Надияр Ысқаққызының ең-бекте қол жеткізген табыстарында отбасы берекесінің ұйытқысы, берік те мызғымас тұғыры, арқа сүйер тірегі болып жүрген жан-жары Нұрбектей асыл азаматтың үлесі зор екенінде дау жоқ. Көп сөздің емес, істің адамы, біртоға, сарбаз отағасы екеуі бақытты отбасында үш қыз бір ұл тәрбиелеп, қызын қияға ұлын ұяға қондырып, немере сүйіп отырған ата мен әже.
Қымбатты, Надияр Ысқақ-қызы! Сізді келе жатқан көк-темнің алғашқы мерекесімен құттықтай келе, өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін. Денсаулығыңыз сыр бермей, қосағыңызбен қоса ағарып, бақытты да ұзақ ғұмыр сүріңіз, бала-шаға қуанышын қызықтай беріңіз демекпін!
Бақыт МҮЛІКОВА
Ағымдағы жылдың 2 наурызында биыл мектеп бітіретін түлектер тапсыратын Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланыс-ты білім бөлімінде Көкпекті ауданының мектеп мұғалімдері қатысқан семинар өтті.
Семинар барысында ҰБТ өткізу орталығының директоры Дина Ибраимова ҰБТ-да былтырғы жылмен салыстырғанда ешқандай айырмашылық жоқ екенін айтты. Сонымен қатар, тестілеудің мақсаттары мен міндеттері және тестілеуді өткізу технологиясымен таныстырды. - Тестілеуге жалпы 3,5 сағат немесе 210 минут беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге міндетті 4 пән: математика, қазақ немесе орыс тілі, қазақстан тарихы, орыс (қазақ) тілінде оқытатын мектептердегі қазақ (орыс) тілі және таңдау бойынша (бір) бейімдік пәндер: әдебиет, дүниежүзі тарихы, биология, химия, физика, шет тілі, география. Әрбір пән бойынша сұрақтар саны – 25. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін балалардың ең төменгі деңгейі - 50 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін - 70 балл, «Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Ветеринария» бағыттарының мамандықтары тобына - 60 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша - 65 балл, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан, ал қалған пәндерден 4 балдан кем болмауы керек. Бір пәннен 4 балдан кем алған жағдайда талапкер білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды.
Тестілеу өткізу барысында тест тапсырмасын бағалау кезінде туындаған даулы мәселелерді шешу және тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, ҰБТ, ТКТ қатысушыларының құқықтарын қорғау мақсатында апелляцияны қарастыру бойынша республикалық комиссия және әрбір ҰБТӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.
Бітірушілерден апелляцияға өтініштер белгіленген нысанда тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-00-ге дейін қабылданады.
Тестіленуші өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді және өтініш апелляциялық комиссиямен бір күн ішінде қарастырылады, – дейді Дина Кәлімбекқызы. Сонымен бірге, тестілеу кезіндегі негізгі ереже бұзушылықтарға ерекше назар аудару керектігін қадап айтты. Олар: тестілеу өткізуде қажетті санитарлық-тұрмыстық жағдайлардың болмауы, жергілікті жерлердегі тестілеуді ұйымдастырушылар тарапынан тестілеу өткізу ережесін бұзу немесе бұзуға жол беру, медицина қызметкерлері тарапынан ереже бұзу (тыйым салынған заттарды тасу), тестілеуді тыйым салынған заттарды пайдалану арқылы немесе басқа да заңсыз әдістердің көмегімен тапсыруға әрекет ету, аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзу.
2014 жылы ҰБТ-ны өткізу кезінде республика бойынша 29 мектеп бітіруші телефонды пайдалану арқылы немесе орнына басқа адамды кіргізу арқылы тест тапсыруға тырысқандары үшін аудиториядан шығарылды. Соның ішінде: Алматы облысы – 1 адам; Жамбыл облысы – 2 адам; Қарағанды облысы – 1 адам; Қызылорда облысы – 4 адам; Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам; Оңтүстік Қазақстан облысы – 4 адам, Атырау облысы – 16 адам. Сондықтан талапкерлерге өз білімдеріңізге сеніп әрекет етсеңіздер абзал болар дейміз.
Көкпекті ауданының талапкерлеріне алдағы келе жатқан мемлекеттік емтиханнан сүрінбей өтіп, үміт артып отырған аудан жұртшылығының көз қуанышы атансын дегіміз келеді.
Жанерке АБЫЛХАН
Кезкелгенмемлекеттіңболашағы – білімдіжастар. Көзіашық, көкірегіояубілімдіұрпақөзОтанының даму жолындааянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратынемес, ой жарстыратынзаманда «алмапіс, аузыматүс» депжатудыңөзіәбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпыныстыталапететінжастықшақта ел болашағыүшінеңбекетуәркімнің де міндеті. Ал осы міндеткежетудегіалғашқықадамжоғарыоқуорнынатүсу, мектептеалғанбілімдерін ары қарайжалғастыру, ізденуболыптабылатыныақиқат. Міне, осы мақсатпенжылсайынбіздіңоқуордамызға, соныңішіндефакультетімізгереспубликаныңтүкпір-түкпіріненжасталапкерлер лек-легіменкеліпоқуғатапсырады. Бақтарыжанып, оқуғақабылданғандароқуордамыздағыкөпжылдықтарихыжәнежоғарығылымипедагогикалықәлеуеті бар филология факультетініңстудентіатанып, санатыбірсатығаөседі. Өйткені, олароблыс, республикалықкөлемдетанымалғалымдардан, ғылымдоктарларынандәрісалып, толықзаманауитехнологияларменжабдықталғандәрісханалардаоқитынболады.
Менің осы факультеттеқызметатқарыпжүргенімебіразжылболды. Әрпедагогкесаймінезбенбілімалушыларымыздыңбілімдеңгейін, мәдениеті мен пайымдәрежелерін, мінезі мен қылықтарынбақылапжүремін. Сондағыменіңбайқағаным, тоғызжолдыңторабысаналатынкиелікөкшаһар - Көкпектіденкелгенстуденттерімізөтеалғыр, өзойынанық та ұтымдыетіпжеткізеалатын, бәсекегеқабілетті, шығармашыл, өжетболыпкеледі. Мысалы, оқу-білімдіқоғамдықжұмыстарменқатаралыпжүретінА.Алипбаева, А.Тоқсанова, Ж.Исаева, Т.Ибраимова, Г.Тоқпаева, Б.Мүфтиевтертүрлікөлемдеұйымдастырылғаншаралардаалдыңғыорындардыбермейкеледі. Сонысымен-ақайналасындағыларғаүлгі. Ал бізжалындыбілімалушыларымыздыңқарқынынаризамыз, шәкірттерімізбілімалудан, ізденуденталмаса, бізоқытушыларқауымы да білімалушыларымыздыңбойынатереңбілімменқатарсахнамәдениетіне, баспасөздіңқыр-сырынтүсінуге, шешендікке, мәнерлепоқу мен әдемісөйлеугежаттықтыруданшаршамаймыз! «Жанам» дегенжүрекке от беругеәрқашандайынбызжәне факультет атынанжастарыныңалаңсызбілімнәріменсусындауынабарыншажағдайжасапотырғанКөкпектіауданыныңбасшылығынаалғысымыздыбілдіреміз!!
Ізгілікпендостықты, өнер мен білімдіқатар ту қылыпұстағанөнерлі де өрендіфакультеттіңкелешегікемел, болашағыанық, жеңіске толы күндеріәлі де алда!! Солжеңістергебіргежетейік, Көкпектілікжасталапкер!!
НұрлыболашақтыңдаңғылжолындашабысықаттытұлпардайжүйткігенҚазақстанныңжастарытектіұлттыңұрпақтарыекенінекелеркүн мен атқантаңбірден-біркуәгерболмақ!
Қ.Құрмамбаева, доцент, ф.ғ.к. Семей қаласыныңШәкәріматындағы мемлекеттікуниверситеті
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.