Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сөзімді "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,"- деген ұлы Абайдың сөздерімен бастағым келеді.Иә, нағыз ұстаз болу- бақыт әрі абырой. Мұғалім болу оңай, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім" деген ұлы педагог Ы.Алтынсариннің осынау қанатты сөзінде айтылғандай, мек-теп ағаш болса діңгегі де, тірегі де, жүрегі де - ұстаз.
Білім беру саласында білікті ұстаз, өз мамандығының хас ше-бері, Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карменова Бақытжамал Базылрахманқызы туралы сөз қозғамақпын. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында ерекше еңбегімен дараланды. Осы жылы облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов облысымыздың дарынды оқушыларымен және сол дарынды оқушыларды дайындап жүрген озық тәжірибелі мұғалімдерімен дөңгелек үстел басында кездесу өткізді. Сол кездесуге ұстазымыз екеуміз де қатыстық. Бақытжамал апай облыстағы"Үздік ұстаз" атанып, Алғыс хатпен және 150 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Сондай-ақ, Көкпекті ауданы мұғалімдерінің Тамыз конференциясында аудан әкімі Смаилов Асхат Сайдахметұлының қолынан 150 мыңның сертификатын тағы алды. Мұның бәрі, облыс, аудан әкімшіліктері тарапынан бағаланып жатуы ұстазымның таза еңбегінің жемісі деп білемін. Бахытжамал Базылрахманқызының ұстаздық еңбек жолындағы жетістіктері қаншама. Бүгінде ол кісінің қолынан ұшқан қаншама шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде әр мамандықтың саласын игеріп, еліне қызмет атқаруда. Мен ұстазымды тума талант иесі деп есептеймін. Бақытжамал апай тек нағыз ұстаз емес, өз отбасының мәуелі бәйтерегі.

Толығырақ...

Көкпекті ауылынан әскери борышын өтеуге ынталы жастар көп болса да, медициналық таңдау олардың біразын шеттетіп тастайды. Көкпекті орта мектебінің Латиф Фахрутдинов атындағы әскери-спорт мектептерінің түлектері комиссиядан мүдірмей өту тукте емес. Бекболат Ешмұханбетұлы Рахимов шынықтырған біздің ұландар Қазақстан Қарулы күштерінің элиталық бөлімдерінде қызмет етеді.

Солардың бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара әскерлері құрамында әскери қызметін өтеген Раджан Нұрланұлы Досанов.
Сайыпкыран сарбаз Раджан Нұрланұлы 1999 жылы 28 ақпанда Толағай ауылында туған. Жас-тайынан ата-анасы Әдия мен Даниярға көмекші болып, еңбек шынығып өседі. Толағай ауылынан Көкпекті ауылына қатынап оқып, Көкпекті орта мектебін «жақсыға» бітіреді.

Толығырақ...

Жұмыс барысында ізденіс жолы қашанда шексіз. Оған шын ниетімен берілгендер ғана қол жеткізбек. Сондай тұлғаның бірегейі Маяковский атындағы негізгі мектептің ұстазы Ермекбаева Бахтыгүл Құнанбасқызы.
Ол кісі 1964 жылы, 14 мамырда бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауы-лында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ауылдағы 10 жылдық орта мектепті бітірген соң, Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың математика пәнінің мұғалімі мамандығына түседі де аталған оқу орнын 1992 жылы жақсы деген бағамен тәмамдайды. Ұзақ жылдар Егінбұлақ ауылындағы Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беріп, аудан, облыс көлемінде әріптестері арасында өз іс тәжірибесін таратқан. Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте 13 жыл тәлімгер және тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқара жүріп, облыстық «Ұстаз. Білім. Шәкірт» газетіне «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыптағы модульдік технология бойынша жасаған тәрбие сағатын жариялайды. Дарабоз ұстаз қашан да жаңалыққа жаны құмар және өзінің сабақ берудегі әдіс-тәсілін жаңа технология элементтерімен ұштастырып, үнемі озат тәжірибемен жетілдіруде, оқушыларға тиянақты білім беру жолдарын үздіксіз іздестіруде. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өз білімін жаңа оқу үрдісіне сай жетілдіріп отырады. Көп ізденетін жаңашыл, өз пәнін жетік, терең білетін ұстаз әріптестерімен педагогикалық оқуларда, бірлестік отырыстарында ой бөлісіп, тәжірибе алмастырып отырады. Өзінің қажымай жинақтаған мол тәжірибесін жас мамандарға үйретуден бір сәт те жалыққан емес, керісінше олардың көздерінен білімге деген ұшқын көрсе қолдап, көмек қолын созуға даяр тұрады.

Толығырақ...

Тәрбие - тал бесіктен. Есте жоқ ерте замандардан бері қазақ халқының берік ұстанымына айналған осы нақылдың бұл күндегі маңызы қандай? Қазіргі қазақ отбасылары ұл-қыздарын қалай тәрбиелеуде? Ата-ананың ізгі парызына бала тәрбиесі кірсе, сол парызды кім қалай орындауда?
Бізді қоршаған орта соншалықты шулы, толассыз ақпарат, өсек-аяң, ақтау мен даттау, бірін-бірі аңду, кім қайда жүр, не ішіп, не киді... Мүмкін осы шудан болар, отбасындағы баланың қалауы, жылауы біз үшін артық болып көрінетіні анық. Көңіл бөлуді ақшамен алмастырып, мейірімді сыйлыққа айырбастадық, қолына құлтемірді ұстатсаң балаңыз жылауды қояды, болды! Бұл өте оңай.
Ал өз балаңызды осылай тәрбиелеп отыр-ғаныңызға қарамастан, ғаламтордағы жастарды сөгіп отырасыз: “Ата-анасы қайда қарап жүр?”, “Қоғам бұзылып барады”, - деп. Қит еткен дүниеге қоғамды кінәлаймыз. Қоғам адамдардан тұрады, құрушысы да бұзушысы да біз, адамдар. Сонда біз кінәлі болмағанда, басқа кім?!

Толығырақ...

Білім күні - бұл алғашқы қоңырау мен толқуларға толы күн. Бұл мектеп табалдырығын алғаш рет аттағандар үшін көптен күткен күн. Бірінші сынып оқушылары, олардың ата-аналары, әжелері мен аталары осы бір қуанышты әрі жарқын мерекені асыға күтті.

Бірінші қыркүйек - бұл 1 сынып оқушылары үшін үлкен мектеп жолының басы, 5 сынып оқушылары мен 10 сынып оқушылары үшін жаңа саты болса 11 сынып оқушылары үшін соңғы оқу жылының басталуы болды. Соңғы рет 11 сынып алғашқы қоңырау мерекесіне қатысады.
1 қыркүйек күні "Самар бастауыш мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты салтанатты жиынға педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз