Ұлы Жеңіс күні – еліміздің есіл ерлері Отан үшін өмірлерін құрбан етіп, ұрпақтарына жарқын болашақ сыйлаған күн. Сол бір қан майдан жылдарында ерлігімен елін, жерін қорғағандар, жас ұрпақтың санасында мәңгілік қалады. Оған дәлел, бүгінгі ұрпақтарының шағын ғана ауылда ерлік пен елдікті дәріптейтін ескерткіш – батыр бабаларымыздың, ұрпағы үшін шүберекке түйген жандарын пида етіп соғыстан қайтпай қалған, Алланың қолдауымен еліне ерлікпен аман-сау оралған аға-апаларымыздың есімі жазылған мрамр тасын орнатты.
Егінбұлақ ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесіне клуб алдында жан-жақтан келген қонақтар ескерткіштің салтанатты түрде ашылуына қатысып куә болды.
Ескерткішті салтанатты ашу құрметіне Бәкен Садықова апамыз ие болып, жылы лебізін білдірді. Ал, мектеп мұражайына жинаған еңбектерін ала келген М. Олжабаева сөз кезегін алып, жерлестерін қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, ауылда өсіп жеткен Семей қаласынан келген қонақтар да сөз алып, әкелерінің, аталарының ерлігін ұмытпай қастерлеп жатқан ауылдастарына ризашылығын білдірді. Ескерткішке мрамр тасын әкелуге себепкер болған Жанат Мәкеновтың ұлы Б.Ермекбаев осы игі бастаманы қолдаған ауыл азаматтарына алғыстарын білдірді.
Ал, М.Жанғасинова орындаған «Ана балладасы» атты ән сонау сұрапыл жылдардың тауқыметін күңгірттене бастаған естеліктер көшінен суырып алып, халық жадына тағы салды.
Ауыл бұл күнге үлкен дайындықпен, ұйымшылдықпен келгендері көрініп тұр. Клуб үйіне ақ дастарханнан дәм әзірлеп, бақилық болған батырларымызға құран бағыштап, клуб меңгерушісінің көмегімен әртүрлі ойындар өткізіліп ауылдастарының алғастарына бөленді.
Ұлы Отан Соғысының Жеңіспен аяқтағанына міне, 70 жыл. Ұрпақтары батыр бабаларын ұмытпайды.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.