Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бес институттық реформаны жүзе-ге асырудың жолын тағы бір айқындап берді. Елбасының сөзімен айтсақ: «100 нақты қадам- бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және ұлттың дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру жоспары», - болып табылады. Үшінші тарауда елдің индустриялануы мен экономикалық өсіміне айқын басымдық көрсетілген. Оның ішінде 35,36-қадамдар ауылшаруашылығына, нақты айт-қанда, жер мәселесіне арналған. «Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер Кодексі және басқа да заң актілеріне өзгеріс енгізу қажет», - делінген 35-қадамда. Егер, жерді тиімді пайдаланбаса оны мемлекеттік қорға алуды 36-қадамда атап айтады. Алайда біз, шаруа адамы үшін осы қадамда айтылғандай, «жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету», - дегенге ден қойып отырмыз. Өйткені, қазіргі кезде егер бір жер ала қалсақ, көктемгі егіске дейін ол жерлерді ресімдеп үлермей қаламыз. Оның көбі қағазбастылықтан туындап жатады. Содан барып, жеңілдікпен жағармай, субсидия алу құжаттарын кешеуілдетіп жасау туындайды. Мұның барлығы бір арнаға түсіп, диқан бір ғана құжатпен жүріп, егінін уақытында салып, оны жинап үлгеруіне мүмкіндік туар еді. Міне, Елбасының көздеп отырғаны да осы деп түсінемін.
Жерді тиімді пайдалануда біздің шаруашылықтың атқарып отырған жұмыстары жаман емес. Қазір дәнді және майлы дақылдармен қатар техникалық дақылдарды өсіруге бет бұрдық. Ең бастысы – ауыспалы егістік жүйесін қатаң сақтау болып табылады. Мал азығындық екпе шөптерді егу де осы жүйеге енеді.Агротехникалық шараларды қатаң сақтау жердің тозбай, құнарын жоғалтпауына мүмкіндік береді. Осы тұрғыда жұмыстарға қатаң бақылау болса деймін.
Есенбек Мәмбетов,
«Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.