Көкпектіде 20 қыркүйекте ғаламат үлкен жәрмеңке өтті. Онда арзан бағамен көкөністер, картоп, бал, ет, күнбағыс майы, малға жем, қауын-қарбыз саудаланды.
18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Аграрлық комитеттің төрағасы Сергей Викторович Плотников ауданда болып қайтты. Жұмыс барысында ол етті мал шщаруашылығын дамыту бойынша ірі инновациялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Елім-ай- Көкпекті» ЖШС-де болды және аудандық маслихат депутаттарымен кездесті.
Толығырақ...
Аудан әкімінің тапсырмасымен өткізілген бұл шара Көкпекті жұртшылығына сұ-ранысқа ие тауарларды ың-ғайлы, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасап, қамбаларын қап-қап картоп пен орамжапырақ, мал азығына арналған дәнді дақылдар қалдығымен тол-тыруға мүмкіндік жасады. Жәрмеңкеге ауданның бар-лық округтерінің әкімдері ұйымдастырып әкелген шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер мен жеке сектордағы азаматтар ауылшаруашылық тауарларын жайып салды.
Қыс қыр астында. Ауда-нымыздың әр тұрғынын тол-ғандырған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі, міне екінші айдың жүзі жергілікті биліктің назарында. Көкпекті ауылында 13 қыркүйек күні өткен жәрмеңкеде ауыл тұрғындарын алдын ала жарнамаланған бағалар қатты қызықтырғаны рас. Шынында да бұл күні көпшіліктің айтуынша, жәрмеңкеден кө-көністер мен картопты базар бағасынан әлдеқайда арзанға алу мүмкіндігі болды. Бұл аудан басшыларының инфляцияны құрықтау бойынша дер кезіндегі және аса керекті шарасы. Бұл аудан халқына деген қамқорлық, олардың қыс маусымына қор жинап, одан қымбатшылықтың құрсауына ілінбей, оңай шығуына мүмкіндік береді
Толығырақ...Азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі, инфляция үрдісін тоқтату кейінгі кезде қоғамның басты тақырыбына айналуда. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі осыған байланысты болды, биліктің атқарушы органдары, біздің ірі бизнесмендер ауданда алдын-ала сақтандыратын тұрақтандыру қорын құруды қолдады. Бұл - ең өзекті және қызу талқылайтын тақырыптардың бірі. Бүгінде бағалар туралы әңгімені әрбір адамның аузынан естуге болады.
9 қыркүйекте жұмыс тобы,аудан әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған, Көкпекті ауылының сауда нуктелерін аралады. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері,аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы, биліктің жергілікті атқарушы органы кәсіпкерлермен құрылымдық кемшіліктер туралы сөйлесуге әрекет жасады. Сөз баға туралы ғана болып қойған жоқ. Жұмыс тобының мүшелері кәсіпкерлерге ең қажетті заттарға 10 пайыздық баға қосуды сақтауға шақырды.Олардың көбіКөкпекті округінің әкім аппаратымен осы мәселе бойынша меморандум келісімін жасаған. Әңгіме барысында кәсіпкерлердің азаматтық ұстанымын көтеру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру.Мониторингтің көрсетуі бойынша, осы күні ең қажетті азық-түліктің бағасы: бірінші сорт ұнның келісі - 74-76теңге; күнбағыс майының бір литрі - 250 теңге; макарон өнімдері - 140-150 теңге; қант-190-200 теңге; күріш - 230-250теңге, тұз - 45-50 теңге. Ең тұрақты баға барлық азық-түліктің түріне «Шынар» дүкенінде Ж.Сәрсенбаева және «Әлия» Ә.Мұқашева дүкенінде.Баға шарықтаудан алдына жан салмайтын дүкендер «Айдын» Р.Мұхаметжанова, «Кешу» М.Құрмакешова. Дүкендерді аралау кезінде қызмет көрсету орталықтарында басқа да, мәселелер жарыққа шықты.Жұмыс тобының мүшелері кейбір дүкендерде касса аппараттарының жоқтығын атады. Бар дүкендерде чек соғылмайды. Сауда нүктелеріне қойылатын талап екнін бола тұра көп дүкендерде бағалар қойылмаған. Бұл сатушыларға ыңғайлы ма деп ойлаймын, аспанға қарап бағаны көбірек айта салу. Дүкендердің сыртқы келбеті туралы талай жаздық, бірақ одан нәтиже жоқ. Дүкендердің, сатушылардың сыртқы бейнесінен көп нәрсені аңғаруға болады.
Біздің тілші
Соңғы уақытта аудан әкімінің бастамасы бойынша инфляциялық үдерістерді тежеуге бағытталған алдын алу шаралары қолға алынуда. Алайда, осыған қарамастан, кейбір бөлімдердің және Көкпекті ауылдық округі әкімдік аппараты қызметкерлерінің бейқамдығы мен әрекетсіздігінің арқасында Көкпекті ауылында көкөніс бағалары шарықтап кетті. Осы мәселе бойынша аудан басшысы 8 қыркүйек күні кешке қарай шұғыл кеңес өткізді.
Оның базарды жергілікті өндірушілердің өнімдерімен толықтыру туралы тапсырмасы ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерімен және Көкпекті ауылдық округі әкімдік аппаратымен ескерусіз қалды. Сондықтан аудан орталығындағы (бір ғана) дүкеннен басқаларындағы көкөністер Семей және Өскемен қалаларынан әкелінген. Осыған орай, бағалары да аспандап тұр.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.