Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

26 тамыз күні аудан әкімінің төрағалығымен аудан активінің азық –түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша жиыны өтті. Бұл жиынға ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңестерінің өкілдері шақырылды. Жиын кворумы болды, бірақ күн тақырыбының маңыздылығын ескерсек, жиынға қатысушылар саны әлдеқайда молырақ болғаны дұрыс еді.      

 

Ауданның азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешудің тиімді жолдарын нақтылау,әкімшілік,өндірушілер, өңдеушілер - баға шарықтауын тежеу үшін уақытша тұрқтандыру қорларын құруды жүзеге асырушылар арасындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарын бекіту-бүгінгі жиынның негізгі мақсаты деп атап көрсетті аудан әкімі жиынды аша отырып.  

- Биылғы ауа райының қолайсыздығы, сонымен бірге Ураинадағы дағдарыс салдары мен санкция енгізілуіне байланысты біздің алдымызда уақытша тұрақтандыру қорын құру міндеті тұр. Қор бізге тек қана ауданның азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге баға шарықтауын тежеуге мүмкіндік береді,-деп атап өтті Дүйсенғазы Мағауяұлы.   

– Ұлт тағдыры оның дұрыс тамақтануында. Азық-түлік– саясат,қауіпсіздік,қару мен жауапкершілік -,деген атақты адамның сөздерімен бастады өз сөзін аудан әкімінің орынбасары Р.Сағындықов.  Ол Қазақстанның азық-қауіпсіздігі мемлекеттің агрокешенге зор қолдау жасауымен қамтамасыз етіліп отыр. 

Елімізді қажетті азық-түлікпен өз күшімізбен қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін сапалы өнім өндіруді көлемі жағынан ұлғайту керек.  Бұл халық қажеттілігін құны жағынан қанағаттандырып, тұрғындардың барлық әлеуметтік топтарына күнделікті азық түрлерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге кепілдік береді.   Сол үшін Үкімет тұтыну  себеті құрамындағы негізгі азық-түлік тізімін нақтылады.  Бұл тізімге енетін тұтынымдағы азықтың  43 түрінің 8-і ауданда өндірілмейді.  Олардың қатарында: макарон өнімдері, күріш, шай, тұз, қант, ашытқы, дәмдеуіштер, жеміс- жидек, кептірілген жеміс бар.  Бұлардың барлығы толықтай Өскемен және Семей қалаларынан әкелінеді. – Ал қалған азық-түлік түрлері ауданда жеткілікті мөлшерде өндіріледі.Уақытша тұрақтандыру қорында біз тұрғындарды тұтыну қажеттілігіне  қарай қамтамасыз ететіндей азық- түлік жинауға тиіспіз,-деді Рамиль Нығметжанұлы.  Осылай дей келе аудан әкмінің орынбасары мұндай қадамның кәсіпкерлердің құқына нұқсан келтірілмейтінін атап өтті.   Тұрақтандыру қорына азық түрлері игеріміндегі жердің көлеміне және тегін емес, келісімшарт негізінде қабылданады. Ал қолда бар қалған өнімдерін олар өз қалаулары бойынша нарық бағасымен таңдаған орындарында сата алады.    

Ең іргелі астық өндіруші шаруашылықтардың басшыларына сөзін арнай отырып, аудан әкімі астық қорын келесі жылдың өніміне дейін сақтауды ұсынды. Оқырмандардың есіне сала кетсек, үш апта бұрын ауданның ең ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары аудан әкімінің уақытша тұрақтандыру қорын құру туралы бастамасын қолдап, келесі жылдың өніміне дейін тұрғындарды нанмен қамтамасыз етуге жететін бидай өткізуге келісімшарт жасады.

Ауданда бағаны құрықтауға бағытталған мақсатта құрылып отырған тұрақтандыру қорына азықтық дәнді дақыл, картоп пен көкөніс жиналуда. Аудан әкімінің тапсырмасы  бойынша әр ауылдық округтің әкімі көкөніс пен картопты дайындап, ұзақ уақыт сақтайтын қойма жұмысын ұйымдастырулары тиіс. Алайда, кәсіпкерлік бөлімінің мәлімдеуінше бес ауылдық округте ғана, атап айтқанда, Көкпекті, Самар, Құлынжон, Үлкенбөкен, Бастаушыда көкөніс сақтау қоймасы бар.  Қалған ауылдық округтер үшін бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр.  Күз келе аудандағы мол көкөніс пен картоп арзан бағамен сыртқа кетіп жатыр, әсіресе алыпсатарларға жем болып, қалаға жол тартуда. Қыста ол қайтадан қымбат бағамен өзімізге оралады. Тұрғындар неге қыс айларына өздеріне азық дайындамайды,біздің   кәсіпкерлер неге қысқа қор жинамайды?  Осы мәселені көтере отырып, аудан әкімі кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы мен ветеринария бөлімдеріне,  ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ауданның көкөніс өсірушілерін қатыстыра отырып жәрмеңкелер  өткізуді тапсырды. Бұл жұмыста көкөніс және картоп өсіруші шаруашылықтарымен арада жасалған меморандумдар айрықша орын алатын болады.   

Дүйсенғазы Мағауяұлы ауылдық округ әкімдерінің назарын «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында бақша өсіруді дамытуға несие алған кәсіпкерлермен жұмысқа аударды. «Дмитрий» шаруа қожалығы өнімдерін Өскемен қаласында сатып отырса, Көкпектіде үржарлық бақшашылар сауда жасап отыр. Ал «Дмитрий» шаруа қожалығы  5 миллион теңгеден астам субсидия алды, мемлекеттік бағдарлама бойынша үш миллионға жел генераторы орнатылды.   Бұл ауданда орын алып отырған жалғыз дәйек емес. – Бұл кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы мен ветеринария бөлімдерінің, ауылдық округ әкімдерінің ұмыстарының жеткіліксіздігінің нәтижесі,-деп атап өтті аудан әкімі. – Несие аларда жасалатын бизнес жобалардың қаралуында жіберілетін кемшіліктер, меморандумдарды орындау да бақылаудың жоқтығы сыр береді, субсидия төлеуде дифференциалдық әдіс қолданылмайды. 

Осы жиында сөз алған Кәсіпкелер палатасы аудандық филиалының төрайымы Ә.Мұқашева бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне баса назар аудара отырып, «Бизнес-мобилизация» акциясының идеясын жариялады. Ол Кәсіпкерлер палатасының наубайшыларды, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қорғауға бағытталған істерімен таныстырды. Ол кәсіпкерлерді Елбасының бастамасын қолауға, сапалы өнім өндіру мен бизнесінің әлеуметтік жауапкершілікте дамуы бойынша жария түрде міндеттеме қабылдауға шақырды.  –Қай дүкенді алсаңыз да тауар түрі  300-ден 500-ге дейін артып жығылады. Соның 10-15 түрін   10 % үстемемен сатса, ешкім де кедейленіп қалмас, - деді Әлия Орынбекқызы.  

Бұл пікір Үлкенбөкен ауылдық округі әкімі Н.Назархановтың сөзінде де айтылды.–Ауылдастарының қалтасын қағып баюға ұмтылған оңбас,-деді Нұрлан Үмітқазыұлы,кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке және азаматтық ұстанымға шақыра отырып.   

         Көкөніс өсіруші   Тоғай Зүлфиев өзі өндірген қырыққабаттың келісі    50 теңгеден саталып отырғанын, ал Көкпекті ауылында  120 теңгеден сатылуда. Басқа көкөністер де осылай сатылып жатыр.   –Маған Сарыбел, Тассай, Палатцы ауылдарынан кісілер келіп, көкөністі бақша басынан сатып алып кетеді. Биыл өнім жақсы, барлығына жетеді, бағасы да арзан. Кліңіздер, қысқы азықтарыңызды қазірден дайындап алыңыздар, -деді ол өз сөзін жиынға қатысушыларға арнап.   

         Аудандағы әлеуетті нан өндіруші  Есенбек Мәмбетов ЖЖМ қымбаттағанына қарамастан, нан  бағасы сол қалпында тұр.  Бүгінгі күні кәсіпорын аудан жұртшылығының   70% ын нанмен қамтамасыз етіп отыр.  Нан бағасы  Тассайда да,   Қарақолда да бірдей–   48 теңге, ал өздік құны  56 теңге.  – Нан бойынша мәселе туындаман және туындамайды да, - деді Есенбек Дәлелұлы. – Мінберден атойлаған жалынды сөздер айтпай, әрқайсымыз ортақ іске қалай үлес қосамыз дегенді ойлану керек. Ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың маңыздылығын атай келе, ол шаруа қожалықтарының басшылары қол қусырып қарап отырмай, туындаған мәселелерді өз беттерімен шешуге тырысып, шығын мөлшерін азайтып, үнемдеу жолдарын қарастыруда деді.      Е.Мәмбетов агрофималар, жергілікті билік басшыларын қатыстыра отырып, тұрақтандыру қорын құру және оның жұмысын жүргізу туралы мәселені ақылдаса шешу үшін дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.   

         Аудандық мәслихаттың депутаты, «Өрнек» ЖШС басшысы  Ержан Қойгелдин өз сөзінде бұл жиынның дәл уақытында өткізіліп тұрғанын атап өтті.–Азық-түлік қауіпсіздігі ойынша өтіп тұрған бұл жиын – атқарушы биліктің басты мәселесі болып отыр. Тұрақтандыру қорын құру мен бағаны құрықтау өзекті мәселе. Әркімнің өз міндеті бар, бірақ біз ауданның тұрақтандыру қорында астық болады деп келістік. Оның мөлшері аудан тұрғындарын жаңа егін піскенше нанмен қамтамасыз етуге жетеді,-деді Ержан Тұрсынханұлы. 

         Жиынды аудан әкім   Д.М.Мусин қорытындылады.

 – Азық-түлік қауіпсіздігі –ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі. Аштық орнаған жерде тұрақсыздық та орын алады. Биыл ауданда ауа райының қолайсыздығына байланысты барынша қиын жағдай орын алып отыр. Сонымен бірге Украинадағы саяси дағдарыс  және Ресейге қары экономикалық шектеулердің ЖЖМ мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына әкеліп соқтырғанын  есепке алуға тиіспіз. Соның бәрін қаперге ала отырып, біз шілде айында-ақ астық шығымы мен азық-түлікті өндіру және тұтыну     тепе-теңдігі  бойынша болжалды есептеулер жасадық. Ауданда өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің мөлшері аудан тұрғындарын толықтай төмен бағамен нанмен, көкөніспен, картоппен қамтамасыз теге жетеді.  Сол үшін асыт және көкөнәс, картоптан  тұрақтандыру қоры құрылып отыр. Біздің астық өндіруші іргелі шаруашылықтар жағдайды тек экономикалық жағынан емес, саяси жағынан да бағамдап, азаматтық ұстанымдарын танытуда. Олар келесі астық науқанына дейінгі мерзім аралығында нанмен қамтамасыз ету бойынша қажет бидайды тұрақтандыру қорына құюға меморандум жасады. Бүгінгі басты міндет көкөніс пен картопты дайындап, оларды сақтау болып тұр. Ауылдық округ әкімдеріне, ауылшаруашылығы және ветеринария, кәсіпкерлік бөлімдеріне көкөніс сақтау қоймаларын жарақтап, тұрғындар арасында кең ауқымды жұмыс жүргізуді тапсырамын. Әр тұрғын көкөніс пен картопты күзде, бағасы нарық бағасынан әлдеқайда арзан кезінде дайындап алу керектгін түсінулері тиіс.

Сонымен бірге аудан әкімі тұқыммен қамтамасыз ету мәселесін де көтерді.

 –Астық шығымы төмен болған жағдайда сол алқаптың тұқымын қайтара пайдалану туралы сөз қозғауға да болмайды. Біздің ауданда М.Лопаткин, ағайынды Виничуктар, Е.Мәмбетов, Е.Болде, С.Жотабаев сияқты алдыңғы қатарлы аграршылар бар. Асыл тұқым, инновациялық көзқарас, агротехникалық шаралардың барлығын қатаң түрде сақтаудың арқасында олар құрғақшылық жағдайында да жақсы өнім өндірді.  Сондықтан да олардың тұқым қоры ауданда қалғаны аса маңызды, - деп атап өтті аудан басшысы. Д.Мусин ауылшаруашылығы және ветеринария бөліміне тұқым құю бойынша мониторинг жасап, шаруа қожалықтарының басшыларына  ауданда бар тұқым қорының мөлшері туралы кеңес беруді тапсырды

Жиын соңында Дүйсенғазы Мағауяұлы ауданда тұрғындарды нанмен, көкөніспен, картоппен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету бойынша мүмкіндік зор екенін атап өтті.    – Барлығымыз күш біріктіре отырып, тұрақты бағаны ұстап тұра аламыз. Ол үшін ширақ әрі бір ырғақты, бірлікті жұмыс атқару керек. Құрметті шаруа қожалығының басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер сіздердің қолдауларыңызбен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу табысты жүзеге асатын болады, - деді ол.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз