Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада аудан әкімі Белое, Құлынжон, Миролюбовка, Сарыбел, Палатцы ауылдық округтерінің тұрғындарымен, шаруашылық басшыларымен, кәсіпкерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізді.

 

Бұл кездесулер барысында аудан әкімі жиналғандарды ауданда жүріп жатқан ағымдағы істер, жыл аяғына дейін шешімін күткен міндеттер туралы құлағдар етті.

-Аудан бірінші жартыжылдықты жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Барлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, яғни, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының даму ырғағы, өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстарының көлемі, инвестициялар бойынша өсу деңгейі байқалады. Дамудың осы деңгейін жылдың аяғына дейін ұстайтын болсақ, көрсеткіштер жаман болмайды. Өнімдердің негізгі түрлері, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі параметрлерін жақсарту бойынша әрбір әкімдік аппаратына тапсырмалар берілген. Қазіргі таңда  басқармалармен біздің жобаларымызды облыстан қаржыландыру үшін келешекке нақты бағыттағы жұмыс істеудеміз, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

-Соңғы жаңалықтар бойынша Қойтас ауылының маңында Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорны құны 2 млрд.570 млн.теңге тұратын жаңа 2-ші кен байыту фабрикасы салынбақшы.

Құрылыс жұмыстарын көктемде бастап, 2017 жылы аяқтау қарастырылған. Аталмыш кәсіпорын ильменит концентратын өндіруді 25 тоннаға  арттырады. Мұнда 260 адам жұмыспен қамтылады. Бұдан басқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жоспарлануда.

Самар ауылдық округінің аумағында құрамында алтыны бар кен орындарын барлау жұмыстары аяқталуда. Оларды қазып алу алаңдары даярланып жатыр. Мұнда 200 жұмыс орны ашылмақ.

Кездесу барысында аудан әкімі ауылдық округтер әкімдік аппараттарының, шаруа қожалықтары басшыларының назарын тұрғындарды жем-шөппен, көмірмен қамтамасыз ету мәселелеріне аударды. Ол аз қамтылған отбасылары мен жалғыз басты зейнеткерлерді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

-Бүгінгі таңда аудан өз тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етуге қауқарлы. Инфляциялық үрдістерді ұстап тұру шараларын қолдану үшін ауданда азық-түлік өнімдерінің аудандық тұрақтандыру қоры құрылған. Енді ауылдық округтер әкімдік аппараттары жергілікті жерде орта және ұсақ шаруа қожалық басшыларымен меморандумға отырулары тиіс, - деді аудан басшысы.

Нан өнімдерімен аудан жұртшылығын қамтамасыз етіп отырған Е.Мәмбетов 1 сұрыпты 600 гр нанды 53 теңгеден жеткізуде. Аудандағы бидайдың қоры 4000 тоннаны құрайды. Бұл мәселелер бойынша алаңдауға негіз жоқ. Нан бағасы барлық тұрғындар үшін, әсіресе аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін қолжетімді болуы тиіс екенін атап көрсетті Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Ол ауыл әкімдеріне әр отбасының және жалпы округ бойынша ұнға деген қажеттілігін анықтап, оны жеткізуді ұйымдастыруды тапсырды.

Тұрғындарды бау-бақша өнімдерімен – картоп, орамжапырақ, сәбіз, қызылшамен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімінің жіті бақылауында.   Қыс айларында біз бұл өнімдерді дүкендерден қымбат бағамен сатып алмайтындай болуымыз керек, сондықтан оны қазірден дайындау қажет.

Аудан тұрғындарын жыл бойы қолжетімді бағадағы бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету  үшін оларды өсірумен шұғылданатын шаруа қожалықтары көкөністерді жеткілікті болатындай етіп, тиісті мөлшерде өсіреді.

-Мемлекет бұл шаруашылықтарға үлкен субсидиялар бөлетіндіктен, олардан да қайтарым болуы тиіс. Біздің шаруалар ағымдағы жылы 400 млн.теңгеге жуық субсидиялар алды, - деді аудан әкімі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көкөніс өсіруді дамыту үшін несие алған шаруалардың өнімдері базарда аз сатылады. Дәл сол шаруашылықтардың өнімдері ауданның сауда нүктелеріне түсуі тиіс.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстары кездесулердегі басты мәселе болып қала береді. – Бұл жұмыс белсенді түрде, патриоттық сипатта болуы тиіс. Оның тәрбиелік мәні аса маңызды, - деді аудан әкімі

Осыдан екі ай бұрын ауылдық округ әкімдеріне соғыста қаза болғандарға арналған ескерткіштер мен монументтерді, олардың маңайын қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілген. – Әзірше бұл жұмыстар төмен деңгейде. Біз ауа райы ерекшеліктерін ескеруіміз керек. Қар қалың жауатын аязды қыс пен ызғарлы көктемде жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгермеуіміз мүмкін. Сондықтан да бүгінгі күздің қолайлы, жылы күндерін пайдаланып, бұл жұмыстарды іске асыру қажет.

  Соғыста қаза болғандардың, бүгінде ортамызда жүрген ардагерлердің құрметіне, олардың ерлік істері мен қаһармандығының алдында бас иіп, әрбір тұрғын, мейлі ол кәсіпкер, дәрігер, бизнесмен, мұғалім немесе жұмыссыз болсын өз үлестерін қоса алады.

Бұл мәселе төңірегінде аудан әкімі Палатцы ауылдық округіндегі кездесуде ерекше тоқталды.

–Біз патриоттық жұмыстың орталығына айналған Подгорное ауылында әлеуметтік сала нысандарын абаттандыру, жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Іздестіру топтарының жұмысын белсендіру, мұражай үшін материалдар дайындау ісіне жастарды, оқушыларды көбірек тарту қажет, - деді аудан басшысы. 

Белое, Миролюбовка, Палатцы, Құлынжон ауылдық округтерінде шаруа қожалықтары басшыларымен, кәсіпкерлермен және тұрғындармен барлық мәселелер бойынша конструктивті диалог өтті.

Құлынжон ауылдық округіндегі еңбек ардагері Воротникова Людмила Алексеевна кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі туралы мәселе көтерді.

-Кәсіпкерлердің ешқайсысы да балаларға көмек беруден бас тартпайды. Алайда, кейбір ата-аналар бұл жағдайды пайдаланып, саудаласа бастайды. «Егер менің балама керекті заттарды сатып әперсе, онда ол мектепке барады»,- дейді олар. Балаларға көмек қажет екені рас. Бірақ, ата-аналар да бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті ұмытпағаны жөн, - деді ол.

Аудан әкімі Людмила Алексеевнаның пікірін қолдап, ауылдық округ әкіміне тұрғындардың осындай топтарымен қоғамдық ұйымдарды тарту арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сарыбел ауылдық округі тұрғындарының көпшілігі ауданда тұрақтандыру қорының, ресурстардың бар екендігін білмейді.

Бұл жергілікті биліктің түсіндіру жұмыстарының, халықпен қарым-қатынасының әлсіздігін көрсетеді.

Аудан әкімі тарапынан инфляциялық үрдістерді ұстап тұру, аса қажетті азық-түлік өнімдеріне бағаны 10% үстеме ақыдан асырмау және басқа да ұсыныстар кәсіпкерлерге қарата айтылды

-Өзінің қара басын, өз кәсібінің пайдасын ғана ойламай, аудан үшін аянбай еңбек ету керек. Айналамыздағы бізді қоршаған азаматтар мен жақындарымыз туралы ойланайық. Аудан басшысының аталған ауылдық округтер тұрғындарымен кезекті кездесуінің қорытындысында айтқан сөздерінің түйіні осындай.

Қанат АПСАДЫҚОВА

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз