Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сіздерді, Ұлттық валюта - теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдың 13 қарашасында республикамыздың Ұлттық валютасы - теңгені айналымға енгізу жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Сол жылдың 15 қарашасынан бастап қазақ елінің төл теңгесі Отандық экономикамыздың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді. 

Елбасының дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес.

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы мақсатында Ұлттық валюта тұрақтылығын көрсетіп отыр. Көршілес мемлекеттердің валюталарымен салыстырып қарағанда біздің төл теңгеміз қаржылық жағынан бағалы екенін дәлелдеді.

Мерейлі мереке күні қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілейміз.

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

3 қараша күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Сағындықовтың төрағалығымен аудандық әкімшіліктің отырысы өтті. Оның күн тәртібінде жол мекемелерінің қыс маусымына әзірлігі қаралды.

Толығырақ...

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қыркүйек айындағы кеңесте: «Барлық әкімдерге негізсіз тауар бағаларының көтерілуін күнделікті бақылауын, жәрмеңке, тұрақтандыру қоры, әлеуметтік бөлімдер есебінен мүмкіндіктеріңізді ескеруді тапсырамын. Негізгі өндірістік тауарлардың бөлшек сауда бағасын реттеу үшін қала және аудан әкімдеріне уақытша тұрақтандыру қорларын құруды жүктеймін»,-деп тапсырма берген болатын. Бұл шараның мақсаты - азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу және мерзімаралық бағалардың тұрақсыздануын деңгейлестіру бойынша белгіленген тәртіппен шаралар қолдану болып табылады. Міндеті – мына шараларды іске асыру арқылы өңірді өзін-өзі қамтамасыз етуі және бағаны тұрақтандыру: өңірдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті, жергілікті азық-түлік және шикізат өндірісін орнықты дамыту, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру, оларды сатып алу, сақтауды және қолжетімді бағамен сатуды ұйымдастыру, картопты және көкөніс өнімдерін сатып алуды, ұзақ уақыт сақтауды және мерзімаралық кезеңде сатуды ұйымдастыру.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Өткен сенбіде Көкпекті ауылының орталық алаңында аудан әкімінің бағаларды тұрақтандыру және тұрғындар сұранысын қанағаттандыру туралы тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға арналған жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге ауылдық округтерден келген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер көкөніс өсірушілер мен жеке кәсіпкерлер белсене қатысты. Жәрмеңкеде сауда қызып, қап-қап орамжапырақ пен пияз, сәбіз арқалаған жұрт мәре-сәре.  Әсіресе, Тассай, Үлкенбөкен, Шәріптоғай, Құлынжон, Көкжайық, Самар, Миролюбовка, Теректі, Қ.Аухадиев ауылдық округтерінен әкелінген ет, балық, бал, жұмыртқа өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Базар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сатылған өнімдерді жұртшылық кезекке тұрып таласып алды. Ет пен көкөністер сәскеге дейін өтіп кетті. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңкеге жоспар бойынша 14 селолық округ қатысуы тиіс болған. Бірақ, Биғаш, Мариногорка, Белое, Шұғылбай, Үлгілімалшы селолық округтері қатыспады. Көкпектіде өткен «Алтын күз» атты жәрмеңкеде 6 бас ірі қара еті, 3 қой еті, 1 тонна балық, 400 кг балық фаршы, 250 кг бал, 2 тонна картоп, 4 тонна орамжапырақ, 2 тонна сәбіз, 1 тонна жеміс-жидек, 2,5 тонна пияз, нан өнімдері және шикі манты, 500 дана жұмыртқа, 15 дана тауық грилі, 200 дана кәуап әкелініп, базар бағасынан төмен бағамен сатылды.

Жәрмеңке өту барысында кәсіпкерлермен тілдескен едік. Тілдесу барысында төмендегідей ақпарат алдық. Мұратбек, Әсия Алқановтар Үлкенбөкеннен 3 қой сойып әкелген екен. Олар еттің келісін 900 теңгеден сатса, кәсіпкерлер Болат,Сандуғаш Құсайыновтар дәл сол бағамен ірі қара сиыр етін сатты. Одан кейінгі ең өтімді Құлынжон және Тассай ауылдарынан әкелінген балық өнімдері болды. Гриценко Владислав балық фаршының келісін 350 теңгеден сатса, тазаланған дайын балықтың келісін өте арзан бағамен 200 теңгеден сатты. Ал, Көкпектілік Тоқтарбек Ибраев балықтың барлық түрінің келісін 400 теңгеден сатылымға шығарды. Шәріптоғайдан келген Дәурен Қожабаев бал, сәбіз және қызылша,балық өнімдерін және семіз ірі қара етін әкелген екен. Ол сәбіздің келісін 70 теңгеден сатса, балдың келісі 1000 теңгеден өткен. Қалбатаудан келген кәсіпкерлер алма мен жүзім сатты. Жемістердің бағасы нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болды. Алманың келісін 250 теңгеден, жүзімді 300 теңгеден сатты. Ал, Талдықорғаннан әкелінген пияздың келісі 80 теңгеден әп-сәтте өтіп кеткен.

Міне, берекелі күздің мерекелі жәрмеңкесі осындай қарқынмен өтті. Алтын күздің берекелі байлықтарын көңілге қонымды бағаларға алып, көңілдері көншіген тұрғындар да, саудасы қызған кәсіп иелері де шат көңілмен үйді-үйлеріне тарасты. Аудан тұрғындары осы іспетті жәрмеңке апта сайын өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді деген тілектерін жеткізуде.

Жанерке Абылхан

21 қазан күні аудан әкімі Д.М.Мусин аппараттың кеңейтілген мәжілісін өткізді, оның барысында  жыл аяғына дейінгі алғышартты міндеттер мен атқарылар жұмыстардағы басымдықтар айқындалды.

Аудан әкімінің өзінің орынбасарларының алдына қойған міндеттердің негізгісі – Өңірлік даму бағдарламасының мақсаттарына және индикаторларына қол жеткізу. Міндеттерді жүзеге асыра отырып, мемлекеттік органдардың қызмет сапасы мен тиімділігін бағамдау  көрсеткішіне айрықша назар аудару қажет. – Бюджетті жоспарлау және экономика бөлімі көрсеткіштерді реттеуді уақтылы жүргізіп, олардың жыл аяғына дейін орындалуын қамтамасыз етулері керек,- деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Аудан әкімі Көкжайық ауылдық округінің әкіміне ауылды абаттандыру, көгалдандыру бойынша қатаң сын айтты. –Көшеттерді күзгі отырғызуды жедел жүргізу қажет. Сіз бұл тапсырма туралы ұмытып кеткенсіз,-деп аудан әкімі Нұрбек Сүлейменовтің есіне салды және Р.Сағындықовқа осы ауылдық округте ауданның орманшыларын жиып жиналыс өткізуді тапсырды.

Салық базасын арттыра отырып бюджетті толтыру маңызды мәселелердің санатында әрқашан алдыңғы орында тұрады. Бұл жайында аудан әкімі өзінің орынбасарларына жер қойнауын пайдаланушылар, жағалауды пайдаланушылармен жұмысты жеделдетуді және басқа да қосалқы күштерді пайдалануды тапсырды.

Аудан басшысы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің көкөністі даярлау, оларды ауданның уақытша тұрақтандыру қорына жеткізу бойынша жұмысын сынға алды. – Он екі күн өтсе де тұрақтандыру қорының қоржыны толмай отыр. Жауынсыз ауа райы пайдаланылмайды. Бұл жұмыстан Бастаушы және Құлынжон ауылдық округтері тыс қалған. Бүгін-ертең қыс түсе қалса, уақытында қоймаға түспеген өндірілген көкөністер сапасын жоғалтады және ол дайындалған өнім мөлшеріне әсер етеді, сонымен келіп қыс пен көктемдегі бағаға ықпал жасайтын болады,-деп атап өтті Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Қазір облыстық бюджетті жоспарлау мен дамудың негізгі көрсеткіштері түзілуде. – Бөлім басшыларының негізгі міндеті – салалық басқармаламен келесі жылдың индикаторларын алдын ала келісу, қажет болған жағдайда жобалар мен сандарды қорғап қалуға тырысу керек,-деп талап етті аудан әкімі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындық –барлық міндеттердің ең бастысы және ұзақ мерзімдісі болып отыр. Өкінішке қарай, аудан әкімінің ескерткіштерді күрделі жөндеуден өткізу және қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша тапсырмасы өте баяу орындалуда. Жаз айларын округ әкімдері мәселені тек талқылаумен өткізді, ал нақты атқарылған жұмыс жоқ. Осыған орай, аудан әкімі ескерткіштерді қалпына келітіріп, айналасын абаттандыру бойынша нақты істерді талап етті. Бұл бағытта идеологиялық саланың, Жастар орталығының, депуттатық корпустың жұмысының босаңдығын да атай кетті. Дүйсенғазы Мағауяұлы Подгорное ауылында Патриоттық жұмыс орталығын ашу қажеттігіне айрықша назар аударды. – Бұл жұмыста жергілікті тұрғындар мен шаруа қожалықтарының белсенділігі әзірге байқалмайды. Ауылда жүріп жатқан құрылыс жұмысының сапасына бақылау жоқ, сондықтан да сапасы аса жақсы деп айта алмаймыз,-дей отырып, аудан әкімі тиісті қызмет саласы басшыларынан кемшіліктерді жоюды талап етті.

Индустриалдық-инновациялық жобаларды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға бақылау жасау да назардан тыс қалмауы тиіс. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылау мен назарда болып қалуы керек.- Бұл бағытта ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Р.Бектасов пен «Самар» ШЖҚ КМК басшысы С.Мадьяровтың оңды тәжірибелерін атау керек. Олар қолданған мемлекет пен жекеменшік арасындағы іскерлік әдісі тәжірибе көрсеткендей бірқатар мәселелерді, оның ішінде шағын ауылдарды сумен қамту мәселесін шешіп, КМК-нің сумен қамтамасыз ету бойынша ақылы қызмет көрсетіу мүмкіндігі аясын кеңейтеді,-деді аудан әкімі.

Қылмыс пен құқық бұзылушылықтың артып отырғаны бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып, ол учаскелік инспекторлардың алдын алу шаралары бойынша насихат жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму рейтингінде аудандық ішкі істер бөлімінің көрсеткіштері 14 орында, бұл ауданның алдыңғы лектегі үштіктен бірден оныншы орынға түсіреді. Осыған орай, аудан әкімі АІББ басшыларының,учаскелік инспекторлардың, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және аудандық мәслихат депуттатарының қатысуымен тұрғындар жиындарын өткізуді тапсырды. –Қылмыс санының, маскүнемдіктің және басқа да жат әдеттердің артуын жасыру қажет емес. Бұл мәселелерді жиындарда көтеру керек, өйткені оларды құқық қорғау органдары, жергілікті билік және қауым бірлесіп шеше алады,-деді аудан басшысы.

Ауданның негізгі экономикалық әлеуеті – аграрлық сала. Сондықтан да аудан әкімі суармалы жерлерді тиімді пайдалану, инновациялық технологияларды енгізу, іргелі ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен агарарлық саланың даму жобалары бойынша келелі әңгіме өткізуге жете көңіл бөлу керектігіне тегін баса назар аударған жоқ.

Жиынды қорытындылай отырып, Дүйсенғазы Мағауяұлы бағаның шарықтауын тежеу, салық базасын ұлғайту жұмысын әрі қарай жалғастыру, жол жиектерінің шөбін ору жұмысын қысқа мерзімде аяқтау жұмыстарына бақылауды күшейтуді қатаң талап етті.

–Жаупкершілік, орындаушылық тәртіп пен тапсырмаларды орындауда жеделдік әрі сапалылық бірінші орында болуы тиіс. Осындай табысқа бастар жолға ауысу ғана алға жылжуымызға мүмкіндік береді,-деп түйіндеді Д.Мусин.

 Надежда ШАРОВА

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз