Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің Ата заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Конституцияның негізінде жаңа заманауи мемлекеттің ғимараты тұрғызылғаны көрер көзге айқын. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған. Біздің сыртқы саясаттағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.
Конституцияның негізінде жаңа заманауи мемлекеттің ғимараты тұрғызылды. Еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бастысы – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Стратегияның барлық мақсаттарына қол жеткізу қазақстандықтардың бірлігі мен Конституция қағидаларын мүлтіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ. Ата заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті. XXI ғасырдағы табысты қоғам – заңды сауатты білетін адамдар қоғамы. Заңды сауатты білу негізі, ең алдымен, Конституцияны терең білу. Сондықтан халықты құқықтық мәдениетке тәрбиелеу - әлеуметтік жаңғыртудың маңызды мәселесі. !
Қазақстандықтар Негізгі Заңды референдум арқылы қабылдауға дауыс бере отырып, даналықтың, топтасу, бірліктің үлгісін көрсетті. Бүгін біз 1995 жылғы Конституция қазақстандық табыстың басты факторына айналды деп мақтанышпен айта аламыз,.
XXI ғасырда біздің Конституциямызды жаңаша оқу қажет. Негізгі Заң – қатып қалған құқықтық реликт емес. Ол тірі механизм, оған қоғам жаңа жағдайларға және қазақстандық социум сапасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік инновация енгізілуін қарастыруы қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның әлеуметтік заңнамасының кешенді тізімін жасалып, сондай-ақ жаңа заңдар әзірлену үстінде.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін! Барша көкпектіліктерге игілік пен бақ-береке тілейміз!
Д.Мусин, аудан әкімі
Р.Беспаев, мәслихат хатшысы
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Білім күні мектеп табалдырығын имене аттайтын бүлдіршіндер үшін естен кетпес мереке.
Жаңа оқу жылының бірінші күні бірнеше ұрпақ өкілдерін біріктірген, дәстүрге айналған мереке. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін білім» деген. Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Жыл сайын ауданның білім беру мекемелерінде көптеген жаңа бағдарламалар енгізілуде, біздің оқушылар мен студенттер олимпиадаларда жеңістерге жетіп және әр деңгейдегі конференцияларда жоғары біліктіліктерін көрсетуде, ал олардың тәлімгерлері әрдайым өз кәсіби шеберлігінің дәрежесін арттыруда. Көкпекті ауданы биік зияткерлік әлеуетіне бай және оны барлығымыз бірігіп сақтап қалып, арттыратынымызға сенімім мол.
1 қыркүйек - барлық оқушыларға жаңа оқу жылының басталу күні және бірінші сынып оқушыларына Алғашқы қоңырау күні, олар қоңырау, сабақ пен үзілісі бар жаңа өмірге енді қадам басып келеді.
. Білім күні – бұл әр уақытта мейірімді және уайымсыз мейрам, ол мектептерде ерекше салтанатты түрде және бір-бірін сағынған сыныптастар арасында шаттықпен өткізіледі.
1 қыркүйек – Білім күні - баршамыздың асыға тосып, қуана баратын мерекеміз. Жаңа оқу жылының басталуы - жаңа идеялар мен шығармашылықтың бастауы. Өмірімізді қызыққа толтыратын, ерекше серпін беретін, толайым табыстарға қол жеткізетін оқу жылының басталуы баршаларыңызға құтты болсын дей отырып, ауданымыздың педагогикалық қауымдастығына, оқушыларға, ата-аналарға зор денсаулық, табысты еңбек тілейміз.
Д.Мусин, аудан әкімі
Р.Беспаев, Мәслихат хатшысы
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес 19 тамыз күні аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ауыл активтерімен жиын өтті. Мұнда Көкпекті ауылдық округі әкімі Қ.Жадрин, ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет бөлімдерінің және білім беру мекемелері мен аурухана басшылары қатысты.
Толығырақ...Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс бүкіл Қазақстан халқы үшін ғана емес, әр отбасына қастерлі мереке. Сондықтан да әскери, еңбек даңқы, қаһармандық пен қайсарлық мерейтойына дайындық басталып та кетті.
Толығырақ...Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Жалпы еңбек қоғамының мызғымас экономикалық негізі деп атаған шағын және орта бизнес біздің елімізде қарқынды дамып келеді. Оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің түрлі тетіктері де жұмыс істеп отыр.
Бүгінгі күні Көкпекті ауданында 2014 жылдың бірінші шілдесіндегі жағдай бойынша 1713 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Олардан аудан бюджетіне қомақты үлес қоса отырып, тұрғындарды жұмыспен қамтуда да алдыңғы орындардың бірінен саналады.Кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің бір жолыаудан әкімінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Көкпекті ауданының шағын және орта бизнесін дамыту туралы» тақырыбындағысеминар болды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.