Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

9 қазан пошта байланысы қызметкерлерінің күні. Бір жарым ғасырға жуық тарихы бар бұл байланыс түрінің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Елмен елді, қалалар мен қалаларды, әлемнің түкпір-түкпірінен байланыстырып, қашықтықты жақындатып отырады. Тарихқа тоқталар болсақ,  1874 жылы осы күні Дүниежүзілік Пошта Кеңесі құрылған болатын. Қазақстанда 1860 жылы қазіргі Алматы бекінісінде алғашқы пошта байланыс торабы ашылды. 1930 жылы Қазақстанда 1250 пошта-телеграфтық мекемесі болған. 

Бұл күн Көкпектілік Красниковтар әулеті үшін үлкен мереке болып саналады. Көкпекті ауданының пошта байланысы қызметінде Степан Абрамович Занфиров бастаған әулеттің төртінші ұрпақтары қызмет жасауда. Әулеттің пошта байланысындағы ортақ еңбек өтілі 133 жылды құраған. Оның 40 жылын Степан Абрамович Зенфировтың немересі,  «КАЗПОЧТА» АҚ Көкпекті аудандық бөлімшесінің бастығы Надежда Александровна еңбегімен өтеген. Бүгінгі күнде әке жолын немересі  Александр Красников жалғастыруда.

Осы мереке қарсаңында Надежда Красниковамен тілдесіп қайттық. Ол кісінің айтуы бойынша атасы Степан Зенфиров пошта тасушы болып жұмыс істеген. –Ол кезде Семейден бастап, Ақсуат, Зайсан өңірлеріне дейін поштаны менің үлкен атам өгізбен, атпен жеткізіп отырған. Сол жылдардағы пошта қызметкерлерінің ерен еңбегігің арқасында елді мекендер бір-бірімен хат алысып, амандықтарын білдіріп отырған. Қазіргідей технология заманында алыстағы таныстармен тілдесу тіптен сөз емес. Ол заманда айлап жол жүріп шаршағанына қарамастан жіберілган хатты діттеген жеріне жауапкершілікпен жеткізіп отырған. Кейіннен менің әкем де сол қызметте істеді. Қызметкерлердің көбі жаз айларында еңбек демалысын алатындықтан пошта байланысында қызметкерлер көптеп жетіспейтін. Сол қарбалас кезінде мен әкеме көмектесуге баратынмын. Сөйтіп жүріп 70 жылдардың аяғында осы қызметте жұмыс істеуге бел байладым,- дейді Н. Александровна. Надежда Красникова бұл жұмысқа 40 жыл бұрын келген. Алғашқы жылдары байланыс операторы болып істесе, кейіннен байланыс бөлімінің бастығы болған. Бес жыл көлемінде байланыстың жоғарғы қызметтегі бастығының орынбасары болып істеген. Бүгінгі күнде аудандық пошта байланысы бөлімінің бастығы қызметінде. Ал, ұлы Александр Красников Қазақстан Қарулы күштеріндің әскери байланысында жұмыс істейді.

Әулеттің пошта байланысы ісін жалғастырушылар бір ауыздан өз жұмыстарын жақсы көретіндерін айтты. Бұнда еңбектенуге барлық жағдайлар жасалған және әріптестерімізде керемет адамдар. Талай жылдар істеген еңбегіміз ақталуда,- дейді пошта қызметкерлері.

Зенфиротар әулеті республикалық көлемде өткен әулет салтын сақтап келе жатқан және бүгінгі күнде жалғасын тапқан, ерен еңбектері үшін «Сарұқ-Қазына» АҚ компаниясы ұйымдастырған конкурста жеңімпаз атанған. Шығыс Қазақстан бойынша еңбек өтілі көп осы әулет деп танылған екен.

Расында, ата жолын қуып 133 жылдық еңбек өтілі бар әулеттің ерен еңбектері ұшан теңіз. Тұрақты бір кәсіптің артынан ерген әулеттің жұмысын ұрпақтары әлі де жалғастыра түсетініне сенімдіміз. Ел мен ел аралысып, хат-хабар алысып жатқаны пошта байланысының арқасында. Зенфировтар әулетіне еңбектеріңіз жанып, ата дәстүрі алдағы уақытта өз жалғасын тапсын деген тілектеміз.

Жанерке Тоқтасынқызы

Көкпекті ауданында бірнеше жыл қатарынан керуен жұмысын ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді. Әр жылда белгілі бір тақырыпты қамтитын  керуеннің мақсаты – ауыл тұрғындарын, оның ішінде жастарды патриоттыққа баулу, аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсету, күзгі егіннен, бау-бақша өнімдерінен ауыл тұрғындарына қамбаларын толтырып, азық-түлік қорын жасауға мүмкіндік беру болып табылады. Биылғы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Өшпес ерлікке тағзым» атты керуеннің Самар ауылына ат басын тіреуі қазан айының төртіне келді. Қазан айындағы Қарттар күнімен бастау алатын қайырымдылық айлығы округте қызу қарқында аталып жатыр. Сонымен бірге биылғы Құрбан айт мерекесі де 4 қазанға дөп келді. Самар ауылында керуен жұмысы таңғы сағат 7.30-да, Самар орталық мешітінде оқылған айт намазынан бастау алды десе де болады. Ертемен жиналған мешіт жамағаттарын, ауыл тұрғындарын, Құрбан айт қана емес, басқа да діни мерекелерді атаусыз қалдырмайтын шаруашылық пен мекеме басшыларын аудан әкімі Д.Мусин ең басты діни мерекемен құттықтады.

Толығырақ...

Мұсылмандардың діни мерекелері ішіндегі ең қасиеттісі – Құрбан айт болып саналады. Ибраһим пайғамбардан (с.ғ.с.) келе жатқан құрбандық шалуды мұсылман қауымы қай заманда болмасын қалт жібермей орындап келген. Жамағат құрбандық шала отырып, өзінің отбасына, еліне амандық тілейді. «Айттан айтқа аман жетейік»,-деп дұға жасайды. Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі мұсылман әлемі үшін 4 қазанда басталды.

Толығырақ...

Өткен аптада облыс әкімі Б.М.Сапарбаев аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді. Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңыздағы тоғыз азық-түлік тауарларынан жетеуі бойынша қамтамасыз етілу дәрежесі жүз пайыздан асады.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз